4-параграф. Педагог-ұйымдастырушы
150. Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымы білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшелігін, мүдделерін және қажеттілігін зерделейді және тұрғылықты жері бойынша оларды іске асыру үшін жағдай жасайды.
Жеке тұлғаның талантын, ойлау және дене даму ерекшеліктерін дамытуға, жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Клубтардың, үйірмелердің, секциялардың, әуесқой бірлестіктерінің жұмыстарын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметтерін ұйымдастырады.
Мына бағыттардың біріне жетекшілік етеді: ғылыми-техникалық, көркемдік-шығармашылық, спорттық-туристік және тағы да басқа.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу үшін баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді.
Кештерді, мерекелерді, саяхаттарды, экскурсияларды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалысын ұйымдастырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің бос уақыт, демалыс, ойын-сауық саласындағы маңызды әлеуметтік бастамаларын қолдайды.
Балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады.
Іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
151. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
үйірмелер, секциялар, студиялар, клуб бірлестіктері сабақтарының бағдарламалары,
балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері,
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.
152. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер кемінде 6 жыл.
Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл.
153. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог – модератор":
педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
балалармен және жасөспірімдермен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру нысандарын меңгеруі,
тәрбиелеу процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі,
әдістемелік бірлестіктер, озық тәжірибелі мектептер қызметтеріне қатысуы тиіс.
2) "педагог-сарапшы":
педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
тәрбие жұмысын талдау әдістемесін меңгеруі,
балалар мен жасөспірімдерді, оларға дифференцияланған тәсілдерді ескере отырып тәрбиелеу әдістемесін өз бетінше білуі,
жұмыста озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.
3) "педагог-зерттеуші":
педагог-сарапшыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі,
жаңа педагогикалық технологиялар, нысаналы бағдарламалар әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды жүргізуі;
әлеуметтік педагогиканың өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуі тиіс.
4) "педагог-шебер":
педагог-зерттеушіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі,
жаңа педагогикалық технологиялар, нысаналы бағдарламалар әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды жүргізуі;
әлеуметтік педагогиканың өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |