Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс жөніндегі басшы



бет76/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

13-параграф. Дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс жөніндегі басшы

      271. Лауазымдық міндеттері:Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында дене тәрбиесі (дене шынықтыру) бойынша оқу, факультативтік және сабақтан тыс сабақтар өткізуді жоспарлайды және ұйымдастырады.

      Дене шынықтыру оқытушыларының жұмысына басшылық жасайды.

      Білім алушылардың дене тәрбиесінің неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын енгізеді, оқытудың барлық кезеңінде олардың денсаулық жағдайы мен физикалық дамуына, кәсіптік-қолданбалы дене даярлығының өткізілуіне бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

      Сабақтан тыс және демалыс уақытында Сауықтыру дене шынықтыру іс-шараларын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді, спорттық-сауықтыру лагерьлерінің жұмысын ұйымдастырады.

      Белгіленген нысан бойынша, оның ішінде құжаттаманы жүргізудің электрондық нысандарын пайдалана отырып есептілікті жасайды.

      Білім алушыларда танымдық белсенділікті, дербестікті, бастамашылдықты, шығармашылық қабілеттілікті дамытады, қазіргі заманғы әлем жағдайында азаматтық ұстанымды,

      Еңбек және өмір сүру қабілетін қалыптастырады, білім алушыларда салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастырады.

      272. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру, дене шынықтыру және спорт, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

      педагогика, психология негіздерін,

      жас ерекшелік физиологиясын, анатомиясын, мектеп гигиенасын, дене тәрбиесі әдістемесін, әр түрлі жастағы балаларды жүзуге;

      білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау ережесі,

      дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптары, бағдарламалар мен оқулықтар,

      оқу кабинетін жабдықтау мен жабдықтауға қойылатын талаптар,

      Қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережесі, санитарлық ережелер мен нормалар.

      273. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      Және (немесе) жоғары біліктілік болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші үшін кемінде 3 жыл, педагог – шебер үшін-4 жыл.

      274. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс;

      білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

      білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал ету;

      білім беру ұйымдары деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

      білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

      кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру;

      сандық білім беру ресурстарын қолдану;

      2) "педагог-модератор":

      "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс:

      оқытудың инновациялық түрлерін, әдістері мен құралдарын пайдалану;

      білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;

      білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

      3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін талдау дағдысын меңгеру;

      білім беру ұйымы деңгейінде өз және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтау және тәлімгерлікті жүзеге асыру;

      аудан/қала деңгейінде тәжірибені жалпылау;

      аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

      4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

      білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

      тәлімгерлікті жүзеге асыру және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті анықтайды;

      облыс/республикалық маңызы бар қалалар және Астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

      облыс/республикалық маңызы бар қалалар және Астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлдау алған авторлық бағдарламасының болуы немесе басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады.;

      ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

      тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды;

      республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет