Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Бастауыш әскери дайындықтың (БӘД) оқытушы –ұйымдастырушысы



бет78/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

15-параграф. Бастауыш әскери дайындықтың (БӘД) оқытушы –ұйымдастырушысы

      279. Лауазымдық міндеттері: Оқытушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады.

      Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып-жетекшілерімен бірлесе отырып, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді және оның орындалуын қамтамасыз етеді.

      Білім беру ұйымдарындағы бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын дамыту мен нығайту, жабдықтар мен мүліктердің сақталуы, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау бойынша шаралар қолданады.

      Әскери істің негіздерін оқып-үйрену жөніндегі үйірмелерді басқарады, төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге арналған практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді.

      Білім беру ұйымдарында азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізеді, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша іс-шараларды жасайды, қорғаныс ғимараттарының дайындығын төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың жеке құралдарымен қамтамасыз етеді.

      280. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери есеп мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін,

      білім алушыларға білім және тәрбие беру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін,

      ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-басқару мәселелерін шешу үшін қажетті көлемде жалпы теориялық пәндер негіздерін;

      педагогика, психология жастық физиология, гигиена негіздерін;

      тәрбие жұмысы мен оқытылатын пәннің әдістемесін,

      оқу жоспарлары мен бағдарламаларын;

      оқу кабинетін жарақтау мен жабдықтау талаптарын; оқу құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндігі; педагогтік ғылымның дамуының негізгі бағыттарын.

      281. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Бастауыш әскери оқыту және дене тәрбиесі оқытушысы" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, офицерлік құрам лауазымдарында әскери қызмет өткерген, жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық қайта даярлау білімі бар запастағы офицерлер жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.

      282. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі;

      білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі,

      білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуі,

      білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатыса білуі,

      білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілдерді жүзеге асыруы,

      кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын игеруі, сандық білім беру ресурстарын;

      2) "педагог-модератор":

      "педагог" педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, бұдан басқа:

      оқытудың инновациялық түрлерін,

      әдістері мен құралдарын пайдаланады,

      білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

      білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс.;

      3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

      ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгерген,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды:

      білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

      аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;

      4) "педагог - зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

      сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген,

      білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті анықтайды,

      облыс/республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін));

      облыс/ республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

      5) "педагог - шебер":

      "педагог-зерттеуші" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

      авторлық бағдарламасы бар немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған оқулықтардың,

      оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады,

      ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды,

      республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет