14-параграф. Жалпы білім беретін пәндердің оқытушысы
275. Лауазымдық міндеттері: Оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастырады және өткізеді.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәндерді ескере отырып, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады.
Білім алушылардың жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, жеке қабілеттерінің дамуына жәрдемдеседі және айқындайды.
Оқытудың анағұрлым тиімді формаларын, әдістерін және құралдарын, жаңа педагогтік құралдарды қолданады.
Білім алушылардың сапалы білім, білік пен дағды алуларын қамтамасыз етеді.
Оқу процесінің жоспары мен кестесіне сәйкес оқыту бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады.
Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Жабдықтарды пайдалану кезінде техника қауіпсіздігінің талаптарын орындайды.
276. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;
дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін,
басқарудың инновациялық әдістерін,
әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыстың негіздерін,
оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін;
еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
277. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім тиісті бейіні бойынша білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі талап етілмейді.
Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог – зерттеуші кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін - 4 жыл.
278. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі;
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі,
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуі,
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатыса білуі,
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілдерді жүзеге асыруы,
кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын игеруі, сандық білім беру ресурстарын;
2) "педагог-модератор":
"педагог" педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, бұдан басқа:
оқытудың инновациялық түрлерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады,
білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды,
білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс.;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгерген, тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды: білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін,
аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтайды,
аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға,
жарыстарға қатысушылар болады;
4) "педагог - зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген,
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,
тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті анықтайды,
облыс/республика маңыздылығы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін));
облыс/ республика маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
5) "педагог - шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:
авторлық бағдарламасы бар немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған оқулықтардың,
оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады,
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,
тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды.,
республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындады.
Достарыңызбен бөлісу: |