Әдіскер
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және талдайды. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жалпылау және енгізу бойынша білім беру ұйымының әдістемелік және циклдік комиссиясы, кафедрасының жұмысын үйлестіреді. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды дайындау жӛніндегі жұмысты бақылайды, оқу-жоспарлау құжаттамаларын жасауға қатысады.
Білім беру ұйымының әдістемелік, пәндік және циклдік комиссиясының, кафедраның жұмысына басшылық жасайды. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтайды және қорытындылайды, оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін, үздік жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжірибелерін практикаға енгізуге, педагогикалық қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге жәрдемдеседі. Білім процестері мен әдістемелік жұмыстардың тиімділігін арттыру жӛнінде ұсыныстар әзірлейді. Семинарлар, конференциялар, оқытушылардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарын ӛткізу және дайындау жұмыстарына қатысады. Ашық сабақтар ӛткізуді және оларды талдауды ұйымдастырады. Әдістемелік кабинетті жабдықтармен, кӛрнекі құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Шеберханаларда және ӛндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және жастық психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыс негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды
әзірлеудің принциптері мен тәртібін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және ӛртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және білім беру ұйымдағы еңбек ӛтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |