«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы



бет9/9
Дата10.04.2022
өлшемі58,46 Kb.
#138706
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
10 kaz





























Ұйымдастырушы педагог


Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымы білім алушыларының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшелігін, мүдделерін және қажеттілігін зерделейді және тұрғылықты жері бойынша оларды іске асыру үшін жағдай жасайды. Жеке тұлғаның талантын, ойлау және дене даму ерекшеліктерін дамытуға, жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Клубтардың, үйірмелердің, секциялардың, әуесқой бірлестіктердің жұмыстарын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметтерін ұйымдастырады. Мына бағыттардың біріне жетекшілік етеді: ғылыми-техникалық, кӛркемдік-шығармашылық, спорттық- туристік және тағы да басқа.


Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу үшін баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді. Кештерді, мерекелерді, саяхаттарды, экскурсияларды, балалардың каникулдық демалысын ұйымдастырады, білім алушылардың бос уақыт, демалыс, ойын-сауық саласындағы маңызды әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды. Балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады. Іс-шараларды ӛткізу кезінде балалардың ӛмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын мен Еңбек кодексін,
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да құқықтық нормативтік актілерді, жас ерекшелігі мен арнайы педагогика және психология, физиология, гигиена мәселелерін, білім алушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін дамыту ерекшеліктерін, олардың шығармашылық қызметтерінің, таланттарды іздеу және қолдау әдістерінің негіздерін, тәрбие жұмысының әдістерін, оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламаларын, балалар ұжымдары, ұйымдары мен қауымдастықтар қызметінің негіздерін, еңбек туралы заңнама негіздерні, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз маман: жоғары педагогикалық білімі немесе бейіні бойынша жоғары кәсіптік білімі.
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ ұйымдастырушы педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалармен және жасӛспірімдермен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру нысандарын меңгеруі, тәрбиелеу процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі, әдістемелік бірлестіктер, озық тәжірибелі мектептер қызметтеріне қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс ӛтілі кемінде 3 жыл немесе бейін бойынша жоғары білімі және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс ӛтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты ұйымдастырушы педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысын талдау әдістемесін меңгеруі, балалар мен жасӛспірімдерді, оларға дифференцияланған тәсілдерді ескере отырып тәрбиелеу әдістемесін ӛз бетінше білуі, жұмыста озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс ӛтілі кемінде 4 жыл немесе бейін бойынша жоғары білімі және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс ӛтілі кемінде 5 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты ұйымдастырушы педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологиялар, нысаналы бағдарламалар әзірлеуі, оларды сынақтан ӛткізу бойынша жұмыстарды жүргізуі; әлеуметтік педагогиканың ӛзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс ӛтілі кемінде 5 жыл немесе бейін бойынша жоғары білімі және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс ӛтілі кемінде 6 жыл.
біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман:
жұмыс ӛтілісіз педагогикалық бейінінің техникалық және кәсіптік білімі. біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ ұйымдастырушы педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар, балалармен және жасӛспірімдермен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру нысандарын меңгеруі, тәрбиелеу процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі, әдістемелік бірлестіктер, озық тәжірибелі мектептер қызметтеріне қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік білімі және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс ӛтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты ұйымдастырушы педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысын талдау әдістерін меңгеруі, балалар мен жасӛспірімдерді, оларға дифференцияланған тәсілдерді ескере отырып тәрбиелеу әдістемесін ӛзбетінше білуі, жұмыста озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік білімі және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс ӛтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: жаңа педагогикалық технологиялар, нысаналы бағдарламалар әзірлеуі, оларды сынақтан ӛткізу бойынша жұмыстарды жүргізуі, білім беру саласындағы ӛзекті проблемаларды әзірлеу жӛніндегі шығармашылық топтарға жетекшілік етуі, ӛз жұмысында оқыту мен тәрбиелеудің озық педагогикалық тәжірибесін және инновациялық технологияларын пайдалануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік білімі және педагог лауазымындағы жұмыс ӛтілі кемінде 5 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет