«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы


Білім беру ұйымы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім)



бет6/9
Дата10.04.2022
өлшемі58,46 Kb.
#138706
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
10 kaz

Білім беру ұйымы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім)


Лауазымдық міндеттері: Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқушыларды тәрбиелеу бағдарламаларын жасауды, оларды іске асыру бойынша жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді. Тәрбиелеу процесінің проблемаларына, тәрбие жұмысының нәтижелеріне, тәрбие жұмыстары саласындағы жағдайлар мен перспективалық мүмкіндіктерге талдау жасайды. Тәрбие жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарлауын ұйымдастырады. Аға жетекшілер, ұзартылған күн тобының тәрбиешілері (ҰКТ), сынып жетекшілері, педагог психологтар, әлеуметтік педагогтер және дене тәрбиесі-сауықтыру және кӛркемдік-эстетикалық циклдің қосымша білім беру педагогтері қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады.


Тәрбие жұмысы жӛніндегі, мәдени-тәрбие шараларды дайындау және ӛткізу жӛніндегі қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді; педагогикалық қызметкерлер жүргізетін тәрбие процесінің мазмұны мен мен ӛткізу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Девиантты мінез-құлықты балалармен жеке тәрбие жұмысына бақылауды жүзеге асырады. Педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады, тәрбие жұмыстарымен айналысатын педагог қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Жұртшылық және құқық қорғау органдары, ата-аналар, білім беру ұйымының ата-аналар комитеті ӛкілдерімен тәрбиелеу процесін қамтамасыз ететін оқу орнының әкімшілігі, қызметтері мен бӛлімшелері ӛкілдерінің ӛзара іс-қимылын үйлестіреді. Оқушыларға медициналық қызмет кӛрсету жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Тәрбиелеу процесінде қолданылатын приборлардың, техникалық және кӛрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
Белгіленген тәртіпте есептік құжаттамалардың сапалы және уақытылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»,
«Қазақстан Республикасы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын және білім берудің даму бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психология негіздерін, жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылымның және практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметтерді, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және ӛртке қарсы қорғаныс нормалары мен ережелерін, санитариялық нормалар мен қағидаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс ӛтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет