Педагог кадрлар аттестацияси комиссиялари ва


Емес сөзі баяндауыш қызметіндегі болымды есімдерді болымсыз ету үшін, болымсызды болымды ету үшін жұмсалады. Мысалы: Бұл жақсы емес



бет15/23
Дата25.01.2022
өлшемі74,9 Kb.
#114702
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
курс жұмыс КураловаГулдана[1]

Емес сөзі баяндауыш қызметіндегі болымды есімдерді болымсыз ету үшін, болымсызды болымды ету үшін жұмсалады. Мысалы: Бұл жақсы емес. Сен іске ынтасыз жігіт емессің (С.Мұқанов).

Көмекші болып құрама баяндауыштың құрамында жұмсалатын көмекші етістіктің бірі – ет. Ол, алдымен, еліктеуіш сөздермен жиі тіркеседі.



Сонау жиекте, көз ұшында қара бұлттар тұтасып, назағай жарқ-жұрқ етеді. Манадан бері басын жерден алмаған...түйе қарны зеңбірек атып ыңқ-ыңқ етеді.

Бұл мысалдарға етеді, етті көмекшілері баяндауыштық тұлға қызметінде жұмсалған. Оларды түсіріп, еліктеуіш сөздерді жалаң түрде баяндауыш қызметінде айтуға болмайды.

Осы қызметте етеді, етті көмекшілері баяндауышқа ауыспалы осы шақтық мағына үстейді. Сонымен қатар ол негізгі баяндауыш болған зат есімдерді өзіне объектілік ыңғайға қойып барып баяндауыш құрамында айтылады да, оларға өткен не келер шақтық мағына қосады. Мысалы: Оңтүстік – мақтасын, Қызылорда күрішін барлық ақындар үн қосып мақтан етті (М.Әуезов).

Басқа көмекшілерге қарағанда, ет көмекшісінің есімдерді баяндауыш ету рөлі өзгеше. Мысалы, жоғарғы сөйлемдегі ет көмекшісін түсіріп айтып көрсек, онсыз құралы деген сөз өздігінен тиянақты баяндауыш бола алмайтынын байқаймыз. Бұл жағынан ет көмекшісінің қызметі қыл деген көмекші етістіктің қызметімен бірдей деуге болады.



Бол етістігі де есім баяндауышқа көмекші қызметінде жиі қолданылады. Ол негізгі баяндауыш қызметіндегі есімдердің шын болмыс екенін қалыптасу процесін, күйін білдірумен қатар, етістіктерге тән түрлі қосымшаларда жұмсалып, есім баяндауыштарға әр түрлі шақтық мағына қосып тұрады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет