Педагог кадрлар аттестацияси комиссиялари ва


Мәз болады болысың, арқаға ұлық қаққанға (Абай). Балам жас еді, шаруама қиын болады



бет16/23
Дата25.01.2022
өлшемі74,9 Kb.
#114702
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
курс жұмыс КураловаГулдана[1]

Мәз болады болысың, арқаға ұлық қаққанға (Абай). Балам жас еді, шаруама қиын болады. Ескі дүниенің ауыр азабын тартқан, жаңа дүниенің қызығын көрген адамның бірі мендей-ақ болар (С.Мұқанов). Әр бір елдің мемлекеттік өкіметінің жоғарғы органы әр ел праламенті болып табылады.

Есім баяндауыштарға көмекші болатын етістіктің тағы бірі – көр етістігі. Ол бол етістігіндей, кез келген есімдерге көмекші болмайды, тек –дай// -дей, -тай//-тей қосымшасында тұрған есімдерге, сияқты, рас, өтірік тәрізді сөздерге көмекші болады:



Ол үлкен адам сияқты көрінеді. Үйіліп жатқан қырман таудай көрінді.

Кейбір сөйлемдерге етістіктер мен есімдер тұрақты тіркес қалпында құрама баяндауыш болады:



Торы ат көзіме оттай басылды. Шалдың ойы одан әрі қамтылған соң, көңілі жай тапты.

Мен шалқамнан түстім (Ғ.Мұстафин).

Құрама баяндауыштағы модальды сөздер. Сияқты, секілді, тәрізді, шығар, болар, көрінеді, білем, керек, тиіс деген модальды сөздер есім баяндауыштарға көмекшілік қызметте айтылғанда, оларға шақтық мағына қосу үшін емес, сөйлемдегі ойға айтушының әр түрлі көз қарасын білдіру үшін жұмсалады:



Ағаштардың басында тығыз бұйра, ал қара көк жапырақтар баса киген папақ тәрізді (Ғ.Мұстафин). Осындай үлкен жиында мынадай суырып салма ақын Абайға қызық сияқты көрінді (М.Әуезов).

Бірнеше етістіктің бір есімге көмекші болуы. Кейде бір есімге көмекші етістіктердің бірнешеуі қатысты болады, мысалы: Сағат тоғыз болып қалған екен;Ол студент болар, Ол студент болған болар, Ол студент болған шығар, Ол студент болған екен, т.б. Ондайда біріне-бірі тіркескен көмекшілер баяндауышқа әр түрлі шақтық, райлық, модальдық мағына қосып, айтайын деген мақсатты ойы дәлдей түседі. Оны мына мысалдан да аңғаруға болады: Оның маңдайынан тер бұрқ ете түсті (С.Мұқанов). Бұл сөйлемнің баяндауышы – бұрқ ете түсті. Оны бұрқ етті дегенмен салыстырғанда, алдыңғы күрделі баяндауыштың соңғы сөзі – түсті, бұрқ етті дегеннің өткен шақтық мағынасына дүркінділік мағына қосады. Оның орнына қалды деген көмекші етістікті қойып, бұрқ ете қалды десек, керісінше тез болған қимылды білдіреді.

Сөйтіп, құрама баяндауыштағы көмекші сөздер өздері қатысты есімдерге, еліктеуіш сөздерге түрлі-түрлі шақтық, видтік, модальдық мағына қосумен қатар, олардың баяндауыштық қызметін тиянақты етіп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет