Педагог кадрлар аттестацияси комиссиялари ва



бет19/23
Дата25.01.2022
өлшемі74,9 Kb.
#114702
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
курс жұмыс КураловаГулдана[1]

Ескерту: Қазақ тілінде жоғарғыда айтылғаннан ерекшелеу келетін, бастауыш қызметіндегі сөз тәуелдік жалғауының қай жағында тұрса, олардың баяндауыштары да сол жақта бастауышпен қиысатын бірнеше сөз бар, оның бірі - өз деген есімдік. Ол есімдікке тәуелдік жалғауы жалғанып, бастауыш қызметінде жұмсалғанда, оның тәуелдік жалғауы қай жақта болса, бастауыштық мағынасы да сол жақта болады, баяндауыш сол жақпен қиысады.
Өзім келдім, өзіміз келдік.

Өзің келдің, өзіңіз келдіңіз.

Өзі келді.

Неге өзім, өзің дегендер жолдасым, жолдасың сияқты ІІІ жақта айтылмайды деген сұрақ туады.

Олай болуы жоғарғы есімдіктің кімге де болса тәндік мағынасымен байланысты. Сондықтан оған тәуелдік жалғауының І жағы жалғанса, мен, біз, ІІ жағында сен, сіз, ІІІ жағында (ол деген мағынада) айтылады. Кейде екеуі қатар жұмсалады:

Мен өзім келдім.

Сен өзің келдің.

Ол өзі келді.

Бұдан басқа бәрі, біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу деген есімдік пен сан есімдерге тәуелдік жалғаулары меншіктілік жақтық ыңғайда үйлесіп тұрады:



Бәріміз барамыз, бәріңіз барыңыз.

Бәріміз айтайық, бәріңіз жазыңыз.

Біреуіміз барайық, біреуіңіз келіңіз.

Үшеуіміз барайық, үшеуіңіз барыңыз.

Бұлардың мұндай өзгеше болуы басым жақ деген ұғыммен байланысты: егер бір сөйлемде әрі І, әрі ІІ жақтық (не ІІІ жақтық) екі бастауыш болса соның І жағы басым болып, баяндауыш ІІ жақпен емес, І жақпен қиысып тұрады. Мысалы, Сен де, мен де бүгін мақтанамыз. Егер бір сөйлемнің бастауышы ІІІ және ІІ жақтық сөз болса, олардың ІІ жағы басым болып, баяндауыш соған бағынып, ІІ жақта (көпшесінде) тұрады. Мысалы: Сен ол екеуің ұялмайтын болыңдар. Ал үш жақтағы сөздің үшеуі де бастауыш болып келгенде, баяндауыш І жақта (көпше) қиысады. Ол, мен, сен үшеуіміз ұялмайтын болайық. Осындай түрлі жақта айтылған бірнеше бастауышты жинақтап есімдік қызметінде жұмсалған сан есімдер, сол сияқты бәріміз, біріміз (екеуміздің біріміз) деген сөз грамматикалық бастауыш болғанда, олардың баяндауыштары да басым жаққа бағынып, қиысып тұрады. Сонда бәріміз-біз дегеннің бәріңіз-сіз дегеннің үшеуің болса-сен дегеннің орнында айтылады да, басқалары соның ішінде болады. Сондықтан бір сөйлемде көп бастауыштар саналып айтылмай-ақ, Үшеуіміз етекті белге қыстырып алып жүріп кеттік (Ә.Әбішев) деген сияқты болып келеді де жинақтаушы бастауыш (үшеуміз) тәуелдік жалғауының қай жағында тұрса, сол басым жақ болады.



Біздің біреуіміз қозғау салмасақ үндер емес. Үшеуміз үш жақтан Санжарды дастархан басына келірдік (Ә.Әбішев).

Жоғарғыдай, үш жақта айтылатын бастауыштар баяндауыштарын өздеріне ілестіре белгілі жақтық мағынаға ие қылып отырады. Соған сәйкес бастауыштың баяндауышпен жақтық қиысуының екі түрі бар: 1) жалғаулы қиысу; 2)жалғаусыз мағыналық қиысу.

Түркі тілдері жайындағы әдебиеттерде жалғаулы қиысуды І, ІІ жаққа, кейде баяндауыш ашық райлы етістік болғанда ІІІ жаққа тән; жалғаусыз мағыналық қиысуды тек қана ІІІ жақтық есім баяндауыштарға тән деген көзқарас берік орын алып келді. Қазақ тілінің материалдарына қарағанда, мағыналық қиысу, І, ІІ жақта да бар екені байқалады. Ол сен тұр, сен шық сияқты бұйрық райдың баяндауыш болуын қоспағанда, мынадай сөйлем құрылысында кездеседі.

Қазақ тілінде әшейінде жалғаулы болатын, І, ІІ жақтық есім баяндауыштар башқұрт тіліндегідей жалпылама болмағанмен, кейде, әсіресе, өлеңді сөйлемдерде баяндауышқа екпін түсіре экспрессивтік мағынада жұмсау үшін, олар ықшамдалып жіктік жалғаусыз айтылады да, екпінмен айтылғанда (кейде ұйқас үшін), үшінші жақтық есім баяндауыштардай бастауышпен мағыналық байланыста тұрады:



Сіз – жалын шоқ, біз – бір май (Абай).
Келелі байтақ кең дала,

Кең дала саған мен – бала...

Бақытты елге мен – бала,

Бақытты елге сен – ана.

(А.Тоқмағанбетов).

І, ІІ жақтық бастауыштардың есімшеден, көсемшеден, бар, жоқ деген сөздерден болған баяндауыштары бар бағыныңқы құрмалас сөйлемдерде не үйірлі мүше ретінде жұмсалған сөйлемдерде де баяндауыш жалғаусыз айтылып, бастауышпен мағыналық байланыста тұрады:

а) Мен келгенде, сен үйде жоқ едің,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет