Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым



бет2/7
Дата24.11.2023
өлшемі50,86 Kb.
#193213
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Педагогиканың пайда болуы мен дамуы

Тəрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тəрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тəрбиеленген. Адамдардың ол жөнінде тіпті хабары да болмаған. Тəрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан.


Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əулиетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Барша замандарда адамдардың рухани жəне тəн-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық, еңбектік, тəн-дене тəрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.
Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі – ежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460- 370 жж. Б.э.д.)- балалар тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: «Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді… Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді».
Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон (427-347жж. Б.э.д.), Аристотель (384-322жж.б.э.д.), Тертуллиана (160-222жж. Б.э.д) еңбектерінде жарияланған.
Орта ғасырлар дəуірінде шіркеу ықпалы қатайып, тəрбиені толығымен діни арнаға бұрды. Бұл Еуропада 12 ғасыр бойы үстемдік еткен догматикалық оқу принциптерінің шыңдалуына жол берді. Солай да болса, өз философиялық тұжырымдары мен педагогикаға
үлес қосқан шіркеу өкілдері Августин (354-430жж.), Фома Аквинский (1225-1274) есімдері ғылым тарихында сақталған. Бүгінгі күйінде жалпы білім беретін мектепті ойлап отырып, іске қосқан Лойола (1491-1556) жəне оның ізбасарлары.
Қайта тіктелу заманы (эпоха возрождения) аса жарқын ойшыл педагог-гуманистерді ғылым сахнасына келтірді. Олардың қатарында голландиялық Эразм Роттердамский (1466-1536), италияндық Витторино де Фельтре (1378-1446), француздық Франсуа Рабле (1483-1553) жəне Мишель Монтень (1553-1592) өздерінің педагогикалық еңбектерімен əйгілі болды.
Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып, тек қана XVII ғасырда ол дербес ғылым лауазымына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі күнде де философиямен аса тығыз байланысқан. Себебі бұл екі ғылымның да шұғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу.
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның 1654 жылы Амстердамда жарық көрген «Ұлы дидактика» атты еңбегі алғашқы ғылыми-педагогикалық кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейкестілігін жəне ғылыми маңызын жоғалтқан емес. Я.А.Коменский ұсынған табиғи сəйкестік принципі, сынып- сабақтық оқу жүйесі жəне басқа да оқу принциптері, əдістері, формалары педагогикалық теорияның алтын қорынан орын алды. «Оқу негізіне басқалардың зат жөніндегі бақылаулары мен айғақтарын жаттау алынбай, сол заттар мен құбылыстарды танып, білу қалануы тиіс»; «Естігенді –көргенмен, сөзді- қол əрекетімен байланыстыру қажет»; «əрқандай үйрету сыртқы сезім жəне ақыл-парасат байланысы негізіндегі дəлелдерге сүйенуі қажет»… Ұлы педагогтың осы тұжырымдары біздің заманымыздың талаптарына да сəйкес келіп тұр.
Ағылшын философы жəне педагогы Джон Локк (1632-1704) өз қайрат-күшін тəрбие теориясына бағыштады. Өзінің «Тəрбие жөніндегі ойлар» атты басты еңбегінде ол өзіне сенімді, ауқымды білімділігін іскерлікпен, берік наным-сенімдерін сұлу мəнерлілікпен ұштастыра білген адам - джентельмен тəрбиелеуге арналған көзқарастарын жариялады.

  1. ғасырда мектеп педагогикасы бойынша өз шығармаларымен танылған француз материалист-ағартушылары Д.Дидро (1713-1784), К.Гельвеций (1715-1771), П.Гольбах (1723-1789), əсіресе Ж.Ж.Руссо (1712-1778) болды. «Затқа назар! Затқа! Мен ешқашанда біздің мылжың тəрбиемізбен сөзге аса көп маңыз беріп, құрғақ сөзді адамдарды жасайтынымызды қайталап айтудан жалықпаймын» -деп ұрандады ол.

Педагогиканың қалыптасуында И.Г.Песталоцийдің (1746-1827) есімі аса құрметпен аталады. «О сүйікті халқым! Сенің қаншалықты төмен жасап жатқаныңды мен байқап жүрмін, мен саған көтерілуге жəрдем беремін»-деп, ол жан айқайын салды. И.Г.Пестолоций өз дегеніне жетті: мұғалімдерге оқыту мен адамгершілік тəрбиесінің ізгілікті теориясын ұсынды.
«Өзгерістерден басқа тұрақты ешнəрсе жоқ», -деп үйреткен неміс педагогы Фридрих А.В.Дистервег (1790-1886) барша педагогикалық құбылыстарға тəн тəрбиенің қозғаушы күштері мен қарама- қарсылықтарын зерттеген.
Орыс ойшылдары, философтары жəне жазушыларының арасында педагогикалық шығармаларымен белгілі болған есімдер: В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870),


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет