Н.Г.Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов (1836-1561). Бүкіл əлемде Л.Н.Толстойдың (1828-1910), Н.И.Пироговтың педагогикалық идеялары əйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып, халықтық тəрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады. Қазақ халқының да тəлім-тəрбиелік жүйесі ұланғайыр да мəуелі.
Бұл салада халқымыздың тəлім-тəрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы жəне т.б. Олардың тəлім-тəрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер АхметБайтұрсынұлының өткен ғасыр басында –
«Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі həм сондай болмақшы…əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі» – деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген КонстантинДмитриевичУшинский (1824-1871) оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық практикада төңкеріс жасады. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесінде жетекші орын тəрбие мақсаттарына, принциптеріне жəне оның мəніне берілген. «Тəрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы келсе, оны бақыт үшін тəрбиелемей, өмірлік еңбекке баулуы тиіс. Ұдайы жетілуде болған тəрбие адамның тəн-дене, ақыл-парасат жəне ізгілік-инабаттық күштерінің ауқымын барынша кеңейту мүмкіндігіне ие болады»- деп жазған еді ұлы ғұлама.
Тəрбие жолындағы жетекші рөл мектеп жəне мұғалімнің билігінде:
«Тəрбиедегі барлық істер тəрбиеші тұлғасына негізделуі тиіс, себебі тəрбие күші тұлғаның адамилық қадір-сапаларынан бастау алады».
«Ешбір жарғы немесе бағдарлама , ешқандай жасанды мекеме организмі, қаншалықты айламен құрылса да, тəрбие жұмысындағы
тұлға беделінің орнын баса алмайды» -деген К.Д.Ушинский бүкіл педагогиканы қайта қарастырып, жаңа ғылыми деректер негізінде білім беру жүйесін толығымен түбегейлі қайта құруды талап етті:
«…теориядан алшақтаған педагогикалық практиканың бір өзі –
медицинадағы тəуіпшілдікпен тең».
ғ. ақыры - XXғ. басында педагогикалық проблемалар АҚШ-та қарқынды зерттеле бастады. Ол жерде адам тəрбиелеудің жалпы принциптері мен заңдылықтары өрнектелді, əрбір адамға белгілеген мақсаттарына тез, əрі табысты жетуге мүмкіндік беретін тиімді білім технологиялары қалыптасып, практикаға енді. Американ педагогикасының белгілі өкілдерінің бірі ДжонДьюи (1859-1952). Оның зерттеу жұмыстары бүкіл батыс Еуропа, Америка жəне Австралия аймақтарында педагогикалық ойдың дамуына үлкен ықпал жасады. Американ педагогтарының тағы бір көрнекті тұлғасы Эдвард Торндайк(1874- 1949) оқу процесін зерттеумен атын əйгілеп, əрекетшіл тəрбие технологиясын бүкіл əлемге жария етті.
Елімізде аты танымал американ педагогы жəне дəрігері БенджаменСпок. Ол қауым өкілдеріне, бір қарағанға қарапайым ғана тəрбиеде басты не болу керек: қаталдық па қайырымдылық па? –деген сұрақ қойып, көпшіліктің санасына жаңа тəрбие лебін жеткізді. Бұл сұрақтардың астарынан күтілген жауап- педагогика қай бағытта: əміршіл-əкімшіл немесе гуманистік – жолымен дамуы қажет пе? Бұған нақты жауапты Б.Спок өзінің “Бала жəне оған қамқорлық”, “Анамен сұқбат” жəне т.б. еңбектерінде беруге тырысқан.
ғасырдың басында əлемдік педагогикада еркінтəрбие жəне бала тұлғасының дамуы идеялары белсенді жария етіле бастады. Бұл идеяға жетекші МарияМонтессори (1870-1952) болды. Өзінің
«Ғылыми педагогика əдістемесі» кітабында ол балалық жас мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігін түсіндіріп бақты. Себебі, сəбилік шақтағы бала дамуы үлкен тəрбиелік табыстарға есік ашады. Оның пікірінше, мектеп оқуының басты формасы өзіндік оқу жұмыстары болуы қажет. Монтессори оқушылардың жекелеп оқуына ыңғайлы грамматикалық, математикалық, биология-жаратылыстану жəне басқа пəндерге арнап дидактикалық материалдар ұсынды. Бұл оқу құралдарының ерекшелігі, оларды пайдалана отырып, бала өз кемшілік-қателерін табады жəне оларды түзетеді. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында да Монтессори жүйесінің тараптарлары мен қолдаушылары баршылық. Осы бағытта түзілген «бала бақша - мектеп» жүйесі іске қосылып, балаларды еркін тəрбиелеу идеясы өз жемісін беруде.
Ресейдегі еркін тəрбие идеяларын қуаттаушылардың бірі