Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өз атауын гректің «пайдос» бала, «аго» жетелеуші деген сөздерінен алады. «Пайдагогос»



бет17/46
Дата10.05.2024
өлшемі136,66 Kb.
#201935
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Байланысты:
Педагогика 1-70 толық (1)

32. Білім беру тұжырымдамалары.
Білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады.Тұжырымдама білім беруді жалпы ұлттық басымдық ретінде белгіленді және мемлекеттің Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды әрі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім беруді басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.
Осы Тұжырымдамаға сәйкес оны іске асыру жөніндегі бағдарлама әзірленетін болады.
Тұжырымдаманың құрылымы мыналарды қамтиды:
• ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар;
• тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері;
• білім берудің деңгейлері мен мазмұны;
• тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер;
• тұжырымдаманы іске асырудың кезеңдері.
Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері.
Мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу.
Міндеттері:
• білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық, нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру;
• білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;
• білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру;
• кәсіптік білім берудің сапасын арттыру үшін нақты экономика салаларын тартудың тетіктерін құру;
• әлемдік білім беру кеңістіғіне ықпалдасу.
33. Педагогика тарихындағы дидактикалық теорияның дамуы. 
Педагогика тарихында оқыту теориясының негізін қалаушылар: Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Т.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин т.б. қосқан үлесі зор. Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) болатын. Оның 1632 жылы жарық кӛрген «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы айтылады. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, кӛрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Сонымен қатар «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сыныптық- сабақ жүйесінің бӛліктерін атады.
Олар:
• оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;
• оқушыларды сыныптарға бӛлу;
• әр сыныпқа бір бӛлме беру;
• күніне 4 сабақ ӛткізу;
• әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;
• қоңыраудың соғылуы;
• тәртіп;
• сабақтың ұзақтығы бір сағаттан аспау керек;
• сабақты күзде бастау.
Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) «Гертруда ӛз балаларын қалай оқытады» (1801) деген еңбегінде дамыта оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалады. Қоршаған дүниені сезім арқылы қабылдау – білім негізі деп санады. Одан әрі нәтиже – дерексіздік. Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сӛз, сан, шама – ақылдың нәтижесі, оның негізі, оқытудың қарапайым құралдары. Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. Яғни «Кӛз кӛргісі, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы кӛргісі, ми ойланғысы келеді». Осы тұжырымдарға сай И.Г.Песталоцци буынға бӛліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін, баланың бақылаудан алған әсерлерін талқылауды қолданған. Оның пікірінше, «заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы жетіліп, сӛйлегісі келеді». Адамның дүние туралы түсінігі алғашқыда анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, ӛйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады.
Жан Жак Руссо (1712-1778) «Эмиль немесе тәрбие туралы» (1762) деген еңбегінде халыққа білім беруді, жеке тұлғаны дамытуды, баланың белсенділік қабілетін жетілдіруді ұсынды. Ӛз заманының мектебін ӛмірмен байланыспағаны, кітап тілімен кӛп сӛйлегені үшін сынады, Ж.Ж.Руссо баланың қажеттілігін қанағаттаңдыратын оқыту теориясын ұсынды.
Қазақстанда дидактикалық ойлардың қалыптасуы мен дамуы философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Кӛне түркі жазба ескерткіштерінде, «Қорқыт ата кітабында», ежелгі жыр- аңыздарда, мақал-мәтелдерде, ертегілерде ұрпақ тәрбиесіне байланысты ойлар ӛнегелік аспектіде сипатталады. Әбу Насыр әл-Фараби ӛзінің философиялық трактаттарында адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Йасауи адамның ӛзін-ӛзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын ӛсиет етеді.
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) – Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің «Екінші ұстазы» атанған данышпан, энциклопедист ғалым. «Алмагеске түсініктеме», «Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», «Китаб әл-мусиқи әл-кабир» деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет