Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өз атауын гректің «пайдос» бала, «аго» жетелеуші деген сөздерінен алады. «Пайдагогос»


 Сабақ оның компоненттері мен міндеттері



бет19/46
Дата10.05.2024
өлшемі136,66 Kb.
#201935
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
Байланысты:
Педагогика 1-70 толық (1)

35. Сабақ оның компоненттері мен міндеттері: 
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Негізінен мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды. Сабақ құрылымы сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бӛліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылады. Олар мынандай болып келеді: Сабақты ұйымдастыру бӛлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат-міндеттерін тұжырымдау). Сабақта үй тапсырмасын тексеру. Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру жүзеге асырылады. Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу). Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру т.б. үдерістер жүреді.
дайындығы. Сабақта оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру – бұл оқушы мен мұғалімнің үйлесімді қызметі. Бағыттары: фронтальды – мұғалімнің барлық оқушылардың жеке және ӛздік жұмысын басқаруы, жеке-ӛзіндік жұмыс әр оқушының және топтың іс-әрекеті, оқушылардың топтық және жұптық қызметі. Мұғалімнің оқу қызметін фронтальды ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте 

болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды.
36.Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі - оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт.
Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерек-шеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшелік-теріне де байланысты болып келеді.
Мысалы, И. Н. Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С. В. Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет