Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өз атауын гректің «пайдос» бала, «аго» жетелеуші деген сөздерінен алады. «Пайдагогос»


Тәрбие процесиерінің мазмұны, заңдылықтары



бет27/46
Дата10.05.2024
өлшемі136,66 Kb.
#201935
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
Байланысты:
Педагогика 1-70 толық (1)

46.Тәрбие процесиерінің мазмұны, заңдылықтары
Тәрбие процесі (ТП) – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесіТП – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында (тәрбие ісі) есептеледі. Мұнда тәрбиеленушілер, тәрбие іс-әрекеті, тәрбиеші, оның тәрбиеленушілерімен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе қалыптастыратын біртұтас объектіні дамытады.
Педагогикалық процесс, біріншіден, мазмұны жағынан өзін-де оқу, сонымен бірге оқушылардың оқудан тыс іс-әрекеттерін де қамтиды, екіншіден, процестің өзінің екі жақтылық қасиетін көрсетеді, үшіншіден, мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарының күрделілік қасиетін дәлелдейді, яғни оқушылар да, ұстаздар да педагогикалық процесте бірдей нысаналар ретінде, ықпалдың субъектісі-объектісі ретінде және іс-әрекеттің субъектісі ретінде де көрінеді.
«Оқыту» – педагогикалық процестің бір бөлігі, онда өсіп келе жатқан ұрпақтың тұлғасын қалыптастыру міндеттері оқушылардың білімдер негізін меңгерудегі танымдық әрекеттерін мұғалімдердің ұйымдастыруы арқылы шешіледі; «оқыту формалары» мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өзара әрекеттерін қамтамасыз ету арқылы шешіледі. Педагогикалық процесс – оқытушылар мен оқушылардың іс-әрекеттермен алмасуы. Сондықтан да іс-әрекеттердің элементтері педагогикалық процесс құрылымынакіреді. Педагогикалық процесс бір ғана сәттік емес, уақыты жағы-ан ұзақ процесс.
Тәрбие – бұл тұлғаны мақсат-бағдарлы қалыптастыру процесі. Бұл сонымен қоса қоғамға қажетті әрі пайдалы тұлға қалыптастыру мақсатындағы тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің ұйымдасқан, басқарылған, бақыланатын бірлескен өзара әрекеті. ТП – бұл белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің нақты пәрменді бірлескен әрекеті.
Тәрбие іс-әрекеті тәрбиенің заңдылықтарын есепке алған жағ-
дайда нәтижелі болады. Сонымен, тәрбиенің негізгі заңдылықтары:
1. Тәрбиенің іс-әрекет процесінде іске асу заңдылығы. Тәрбие процесіндегі қарым-қатынастың сипатына байланыстылығы.
2. Тәрбиенің тұлғаның қоғаммен, басқа адамдармен қарым-қатынасына тәуелді болу заңдылығы. Қарым-қатынас жағымсыз болса, тәрбие нәтижесі де төмен болады.
3. Тәрбие мен өмірдің байланысты болу заңдылығы. Өмірден алған тәжірибе ең жақсы тәрбиеші қызметін атқарады.
4. Жеке тұлғаны тәрбиелеу, педагогикалық іс-әрекеттің қатар 
жүру заңдылығына сай іске асырылады. Тәрбиешінің сөзі мен ісі-
нің бірлігі. Тәрбиеленуші тәрбиешінің ақыл-кеңесін, өз тәжірибе-сінен тексереді. 
5. Тәрбие мазмұны, тәрбиеленушінің өмір сүріп отырған тарихи кезеңіне тәуелді болады. Тәрбие мазмұнын анықтау үшін сол кезеңдегі ғылымның, мәдениеттің жетістіктерін есепке алу керек.
6. Тәрбиенің мазмұны, әдістері, формасы тәрбиеленушінің жас,жыныс, және дара ерекшеліктеріне сай жүргізіледі.
7. Тәрбие тәрбиеленушінің тәрбиешіге қарым-қатынасына тәуелді. Бір-біріне деген сенімділігі тәрбиенің нәтижелілігін арттырады.
8. Тәрбие тәрбиешінің кәсіби біліктілігіне тәуелді.
9. Тәрбиенің нәтижелілігі оған қатысушылардың (тәрбиеші, сынып жетекшісі, жоғары оқу орнында куратор, психолог, ата-ана, оқытушылар) іс-әрекеттерін келісіп іске асыруларына да тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет