Чех елінің белгілі ойшылы, педагог. Схоластикалық оқу жүйесіне қарсы шықты.
Чех елінің белгілі ойшылы, педагог. Схоластикалық оқу жүйесіне қарсы шықты.
Негізгі еңбектері:
«Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі», «Ұлы дидактика», «Адамзат істерін түзету туралы жалпы кеңес», «Суреттердегі сезіммен қабылданатын заттардың әлемі», «Аналық мектеп», «Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары».
Ян Амос Коменский (1592-1670) Педагогиканы философиядан алып, оның ғылым ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосқан.
Оқытудың ең негізгі және ұтымды түрі сыныптық-сабақтық жүйе деп белгілеген.
Оқу материалын оқушыларға түсінікті етіп баяндау үшін өте қажетті дидактикалық принциптерді (көрнекілік, жүйелілік, бірізділік) ұсынды;
Оқытудың төмендегідей кезеңдерін береді: автопсия (өзбетті бақылау); автопраксия (практикалық әрекет); автохрессия (меңгерілген білім мен іскерлікті қолдану); автолексия (өз еңбегінің нәтижесін әңгімелеу іскерлігі); сондай-ақ, білім беру кезеңінің адамның жасына сәйкестігі.
Я.А.Коменскийдің педагогикалық идеяларының мәні мынада: жалпы мен ерекшенің, тұтастық пен жеке бөліктердің, даму мен тәрбиенің, білім берудің қоғамдық жүйесімен тұтастай жеке тұлғаның табиғи да баяу еркін дамуының, дербес және қоғамдық дамудың бірлігі; тәрбиенің үш құрамдас бөлігі: ғылыми білім алу, адамгершілік тәрбиесі, діни тәрбие; жеке тұлғаның жан-жақты дамуы; адам - табиғаттың перзенті, сондықтан барлық педагогикалық құралдар адамның табиғатына сәйкес болуы қажет. табиғатты, адамды және оның іс-әрекетін басқаратын басты принциптердің бірлігін мойындауы; Білім беру мен оқытудың оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жүруін, жеке пәндердің өмірмен байланысты салыстырмалы әдістермен оқытылуын талап етті;