«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Х. Психологияны оқытудағы оқу тапсырмалары



бет40/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Х. Психологияны оқытудағы оқу тапсырмалары

Тапсырма ұғымы психология ғылымында кеңінен қолданылады.


Міндет бұл – өткен шақтағы проблемалы жағдайдың белгілерден құралған моделі. Ол жағдайдың шарттары мен ізделінгендерін бөліп алса, ол міндетке айналады.
Оқыту мақсатына арнайы таңдалған немесе құрастырылған тапсырмаларын оқу тапсырмалары деп аталады.
Тапсырма қайсыбір әрекеттің орындалу талабы. Міндетпен салыстырғанда тапсырма қисынды болса да, талаптары ұқсастау: сұрақтарға жауап беру, қайсыбір әрекеттерді орындау т.б.
Ойлауды, интеллектіні (Р.Кеттелл, А.Бине, Дж.Гильфорд т.б.) зерттеушілер адамды ойлауға ынталандырудың ең тиімді тәсілі, оның алдына міндет қою деп есептеген.


Оқу тапсырмаларының топтастырылуы
Оқу тапсырмаларының ғылымда ең танымал топтамасы Д.Г.Деллингереваның еншісінде. Ол танымдық сипаттамаларға сәйкес оқу тапсырмаларын 5 топқа бөледі:

  1. білімдерді жаңғыртуға арналған тапсырмалар;

  2. қарапайым ой әрекеттеріне арналған тапсырмалар;

  3. күрделі ой әрекеттеріне арналған тапсырмалар;

  4. білімдер мен шығарманың жалпылануын болжайтын тапсырмалар;

  5. тиімді ойлауға арналған тапсырмалар.

Г.А.Баллдың (5) оқу тапсырмаларының топтастыруы да нақты қызығушылық тудыруда. Міндетті шешуде пайдаланатын танымдық әрекеттерге байланысты тапсырмалардың 5 тобы ерекшелінеді:

  1. перцептивті (суретке қарап, объектінің бөліктерін табу т.б.);

  2. ой (объектілердің салыстырылуы,талдануы, топтастырылуы т.с.с.) тапсырмалары;

  3. бейнелі (керегіне қарай меңгерген біліміне сүйене отырып, болған немесе болуы мүмкін жағдайды елестету және суреттеу) тапсырмалар;

  4. мнемикалық тапсырмалар (есте сақтау, еске түсіру);

  5. коммуникативті тапсырмалар (қарым-қатынас орнатуға, қарым-қатынасты сақтап қалуға және доғаруға арналған тапсырмалар);

Оқу тапсырмаларын кәсіби оқыту мақсаттарының негізінде топтастырсақ, олардың екі тобын бөліп көрсетуге болады:

  • студенттердің оқу ақпараттарын меңгерулерін мақсат ететін тапсырмалар;

  • кәсіби білімдердіңң, іскерліктер мен дағдылардың меңгерілуін мақсат еткен тапсырмалар.

Тапсырмалардың әр тобы:
а) оқу материалы жайлы білімдерді және оларды еске түсіру қабілетін талап ететін тікелей сұрақтарды қамтуы мүмкін. Олар оқу материалының өзектендірілуін қамтамасыз етеді. Ол студенттердің білімдердің қай түрінің едәуір маңызды екендігін (негізгі түсініктердің, қызметтердің, механизмдердің, қасиеттердің, әртүрлі психикалық құбылыстардың заңдылықтарын) түсінулеріне мүмкіндік береді;
б) қарапайым еске түсіру арқылы жауап беруге болмайтындықтан, ойлануды қажет ететін жанама сұрақтарды қамтуы мүмкін. Оған психологиялық деректерді, заңдардың интерпретициялануы, тұжырымдамалардың, көзқарастар мен түсініктердің салыстырмалы талдануы;

  • тиімді ойлауды қажет ететін проблемалар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет