«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар



бет48/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар:
1.Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің
принциптері мен тренердің міндетіне талдау жасаңыз.
2. Мұғалімнің жетекшілігімен белгілі бір
психологиялық тақырыпқа дискуссия
ұйымдастырыңыздар (Тақырыбын анықтап, жоспарын
құрып, талданатын мәселелерді, сұрақтарды,
пікірталастарды жүйелі құруға тырысыңыз).
ХІІ. Ойын – психологияны белсенді оқытудың түрі және әдісі
ретінде


Ойын адам іс-әрекетінің ерекше түрі ретінде.
Психология ғылымы ойынды тұлғаның ішкі факторларымен (қажеттілік, қызығушылықтарымен) себептелген мінез-құлыққа жатқызады. Ойын мінез-құлқы қуаныш алуға бағытталған, оны ересек адамдарда аяқ астынан ойынның пайда болуымен дәлелдеуге болады.
Ойын қажеттілігі әрбір қалыпты бала мен ересек адамда болады. Бұл қажеттілік жануарларға да тән. Жануарлар ата-анасымен, балаларымен, заттармен ойнайды, тіпті, өмір бойы жалғыз қмір сүретіндеріне де тән (аю, жабайы мысықтар, т.б.). Экологтар ойыннан басқа дараққа қалай жақындау қажет, жыныстас серігімен, баласымен қалай әрекет жасау керек, қалайша төбелесу, қашу, жеңу және жол беру сияқты мінез-құлықтың туа біткен бағдарламаларының орындалуын тексереді, жаттығуды көреді.
Балалардың ойыны жануарлар ойынынан мәнді түрде ажыратылады. Балалар ойыны болашақ іс-әрекетіне, бастысы әлеуметтік сипаттағы іс-әрекетіне бағытталған.
Ойын да іс-әрекетте сияқты, оның: мақсаты (іс-әрекеттің өзінің қорытындысы Д.Б. Эльконин), түрткісі (жаңа ниеттер, ересек адамның дүниені ашуы, т.б.), ойындық әрекеттердей элементтерінен тұрады.
Мінез-құлықтың басқа түрлерімен салыстырғанда ойынға тән бір ерекшелігі, ойынның, мінез-құлықтың маңызды түрі болып келуінде: барлық экстрогенділер (сыртқы қажеттілікпен анықтайтын) ойынның мазмұнын құрайды (Д.Н. Узнадзе, Психологиялық зерттеу. М., 1966, 348 б.). Осыған орай ойын іс-әрекеттің қайсыбір түріне енуі (кіруі, қамтылуы) мүмкін, соның ішінде балаларды және ересек адамдарды іс-әрекеттің қай түріне болмасын үйрету құралы ретінде де пайдаланыла береді.
Ойын сөзінің көп мәнді білдіруі, философияға, педагогикаға, кибернетика мен өнертануға ортақ қолайлы «ойын» сөзінің ғылыми түсінігін негіздеуде қиындық тудырады.
Стратегиялық, басқару, балалар ойыны, әртістің ойыны, психотүзету (психокоррекциялық), қиялдау (ойын- қиял) ойыны сөзінің астарында түрлі ұғым жатады. Баршаға танымал психолог әрі педагог П.П.Блонскийдің ойынша «ойын» - абстрактылы категория болмайды, жеке бөлек ойындар болады.
Міне осыған орай ойынның оқу үрдісінен алатын орнын, оны пайдалану мақсатын (А.А.Вербицкий), оның мазмұнының оқуға сәйкес келуін оқыту ойынын белгілі бір педагогикалық жүйенің бөлігі ретінде қарастырудан тыс түсіну қиындау келеді. Осындай педагогикалық жүйемен біз, белгілік-контекстті оқыту тұжырымдамасын таңдап алдық, ол оқытуға іс-әрекетті ықпал ету бағытының бірі болып табылады. Оны профессор А.А.Вербицкий құрастырды және ол жоғары оқу орындарында оқыту тәжірибесіне сәтті ену үстінде.
Ойынның біртұтас ғылыми топтамасының болмауына орай, біз ойынды ең алдымен кәсіби оқыту тұрғысынан қарастыратын боламыз.
Жоғары оқу орындарындағы үрдіс кезінде студент іс-әрекеттің екі түрін меңгереді: білім алу және кәсіби.
Біріншісінің мақсаты ғылыми білімді, оқу іскерлігі мен оқу дағдыларын меңгеру, болашақ маманның жеке басы мен танымдық аймағын дамыту болып келеді.
Екіншісі оқу іс-әрекетінің кәсіби іс-әрекетке біртіндеп ауысуын қамтамасыз етеді.
Осы жоғарыда айтылғандарға орай ойынды екі топқа бөлеміз:
а) Оқу ( ғылыми білімді меңгеру құралы ретінде);
б) Іскерлік (кәсіби оқыту құралы ретінде).
Мінез-құлықтың барлығын бірдей ойын деп атай беруге болмайды. Ойын деп атау үшін «іскерлік» және «ойындық» деген екі аспект болу керек.
Ойын көңіл көтеру мен рәсімді жеңіп шығу мен мотивация (ойнау ниет) процедура болуымен ажыратылады. әрбір жүріс ойыннан ләззат алу (удовлетворение) сезімін беруі тиіс.
С.А.Шашковтың пікірінше: әрбір ойын келесідегідей белгілерден тұрады:
1. Ойын – бұл іс-әрекеттің нәтижесінен емес, өзінен ләззат алу
үшін, өз ниетімен қабылданатын еркін дамуыш іс-әрекет;
2. Бұл белсенді шығармашылық үрдіс;
3. Ойын – эмоциялық іс-әрекет;
4. Ойынның міндетті атрибуттары бәсекелестік, таласушылық(жарысушылық)
; сондай-ақ,
5. Тікелей немесе жанама ережелердің болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет