«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет46/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады.
Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін мұғалімнің қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Соның негізінде оқушылар мен мұғалімге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек бере отырып, ғылыми үғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді.
Әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны — бақылау әдісі. Ол барлық оқу пәндерін оқытуда кеңінен қолданылады.
Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жүмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау оқытушының басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта оқытушының тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
Бақылау әдістерін қолданудың тиімділігі мынандай тәсілдерді қолдана білуге байланысты:
- байқаудың мақсатын анықтау;
- қабылдайтын нөрселердің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың кептегсн бслгілерінің ішінен ең негізгі, бастыларын ажырату;
-оларды топтастырып, қортындылар мен түжырымдар жасау.
Байқайтын нәрселердің, бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бақылау әдісінің негізгі түрлері:
- демонстрациялық бақылау;
- экскурсиялық бақылау;
- лабораториялық бақылау;
- тсхникалық бақылау;
- оқушылардың өздігінен дербес бақылауы. Студенттердің ойлау қабілетін дамытудың күшті құралы - бақылау. К. Д. Ушинский "Бақылау-логикалық ойлаудың негізі",- деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрену үшін, ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылаута үйрету керектігін де ескертеді.
Бақылау өткізудің негізгі әдістемелік талаптары:
1. Оқытушы студенттерді белгілі нәрсені жан-жақты бақылауға, оның неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін, ерекшелікгерін, мүмкіндігінше, көру, есту, дәм, иіс т.б. сезім мүшелерін қатыстыру арқылы зерттеуге бағыт беруінің маңызы зор. Бақылау тек көру т. б. сезім мүшелерінің жұмысымен ғана емес, ол адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты болуы керек.
2. Оқытушы бақылауда оқушыға анализ бен синтез арқылы заттардың негізгі қасиеттерін ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты ойлау процестерін қолдануға басшылық етуі қажет.
3. Оқытушы студенттердің бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен, бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап, жоспарын жасап беруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет