Психологияны оқыту әдістемесінің пәні:
Психологияны оқыту әдістері, формалары, құралдары, олардың ерекшеліктері психологияны оқыту әдістемесінің пәні болып табылады.
Психологияны оқыту үрдісі:
тұлғаны және өзге адамдардың мінез-құлқын тану тәсілдерін меңгеруге;
адамның өзін өзгертуіне қабілетін қалыптастыруға бағытталады.
Психология пәнін жүргізудің мақсаттары басқа пәндерден мүлдем өзгеше.
Психологияны оқыту әдістемесінің мақсаты:
Болашақ мамандарды психологиялық білімнің жүйесімен қаруландырып, теориялық білімін тереңдетіп, тәжірибелік іскерлігін шыңдауды ; кәсіптік даярлығын өрістетіп, оны тәжірибеде қолдана алу дағдысы мен талпыныстың өздігінен білім алудағы дербестігін қалыптастыруды; оқу ситуациясын ұйымдастыру мен оқытудың белсенді әдістерін пайдалануды; психологиялық іс-әрекеттің әр түрін жобалау негізінде психологиялық білім мазмұнының құрылу принциптерін ұсынуды көздейді.
Психологияны оқыту әдістемесінің міндеті:
Студенттерді болашақ мамандықтарына сәйкес оқу - тәрбие жұмыстарының құрылымымен таныстырып, ерекшеліктерін таныту.
Ұстаздық қызметтің негізгі компоненттері мен маңызын түсініп, мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптарды меңгерту.
Психологиялық негізгі түсініктерді, заңдылықтарды игеру, болашақ мамандардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Оқушылармен қарым-қатынас жасаудың жүйесін оқып үйрену
ІІ. Жоғары оқу орындарындағы психологияны
оқытудың даму тарихы
Психологиялық білімдерді қарастыру
аспектілері туралы мағлұмат.
Психология пән ретінде және психологтың іс-әрекеті тұрғысында үш негізгі мақсатты бөліп көрсетеді:
1.Жаңа психологиялық білімдерді іздестіру;
2.Практикалық проблемаларды шешуде психологиялық білімді қолдану;
3.Психологиялық білімдерді беру.
Бірінші мақсатқа жету ғылыми психологияның бағыты болса, екінші мақсатты қолданбалы және практикалық психология, ал үшінші мақсатпен психологияны оқыту әдістемесі шұғылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |