Психологияны оқыту әдістемесінің қысқаша даму
тарихы
Психологияны оқыту әдістемесінің психология ғылымы сияқты терең тарихы бола тұра, көптеген елдерде дамудың тек алғашқы сатысында тұрғаны белгілі. Психологияны оқыту әдістемесі бойынша ғылыми еңбектер ХХ ғасырдың әр кезеңінде жарияланып отырғанымен, олар сирек әрі осы саланың жекеленген аспектілеріне қана бағытталды.
Психологияның осы саласында жоғары оқу орындарында психологияны оқыту әдістемесі бойынша еңбектер ресейлік және шет елдік психологияда кейінгі кездері жарық көре бастады. Психологияны оқыту әдістемесі психология мен дидактиканың қиылысында дамиды Кесте 1.
Психологияны оқытудың мазмұны, формасы, әдістері мен тәсілдері, білімді тексеру мен бағалау жалпы дидактикалық принциптерге сүйенеді. Дегенмен, психологияның ғылыми және практикалық айрықшылығы оны оқытудың ерекшеліктерінде көрінеді. Ресейлік университеттерде психологияны оқытудың тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
1.ХVІІІ-ХІХ ғғ.психологияны оқыту;
2.ХХ ғ.бірінші жартысында психологияны оқыту,
3. ХХ ғ.екінші жартысында психологияны оқыту.
ІІІ. ХVІІІ-ХІХ ғғ.психологиялық білім
берудің даму тарихы
Ресейлік университеттерде психологияны
оқытудың дамуы мен кезеңдері.
1755 жылы негізі қаланған Москва университетінде заң, медицина, философия мамандықтары бойынша үш факультет жұмыс істеді. Психология философия курсының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Лекцияны алғашқылардың бірі болып (философиядан) Фроман оқыды. 1761-1767 жж.ол логикадан, моральдық философиядан, метафизикадан дәріс жүргізді. Кейінірек Шаден «Философияның бастапқы негіздері» пәнінен, Рост - «Ақиқат философиясы» пәндерінен лекциялар жүргізген. Лекциялардың негізінен неміс және латын тілдерінде оқылуы біршама қиындықтар туғызды. Философия мен психологияның мазмұны шындық өмірден алыс, байланыссыз болды. Сондықтан бұл пәндерді оқуға талап білдірушілер аз болды. Мысалы, Қазан университетінде философия оқытушысы Фойгтің лекциясына бес-ақ адам қатысқан.
Психология ресейдің орта мектептерінде ғана оқытылып қоймай, сонымен қатар Францияда философияның бөлімі ретінде арнайы (философиялық) сыныптарда өтті. Психология және философия пәнін жүргізуге аптасына 8 сағаттан берілді. ХІХ ғ. Францияның орта оқу мекемелерінде, орта ғасырдан бері келе жатқан ескі номенклатураға сүйенетіндігін П.Д.Борыкин дәлелдеп айтып кеткен. ХІХ ғ. басында Австрияда философияға 4 сағат бөлінген: 7 сыныпта - 2 сағат логика және 8 сыныпта - 2 сағат психология жүргізілді; Италияда философияны оқытуға 6 сағат бөлінген, ал психологияны оқыту алтыншы сыныптан басталатын болған.
Сонымен, ғылым ретінде психологияның дамуы психологияны жүргізудің сапалық және сандық өзгерісіне әкелді. Егерде ХVІІ-ХІХ ғғ.. психологияның жүргізілуі бейнелей-көру білімімен сипатталса, ХХ ғ. эмпирикалық білім беру үстем болды.
Теориялық білімді баяндау тұрғысынан психологиялық білім жүйесін жеткізудін екі тәсілі бар: 1-тәсіл психология тарихында шартты міндетке ие болған «синтетикалық» (қарапайымнан күрделіге жүру) әдіс. Бұл - психологиялық білімді баяндаудағы таным тәсілі және психиканың табиғаты туралы бастапқы теориялық түсінікті бейнелейді, әсіресе В.Вундттың тұжырымдамасында толық берілген ассоцианизм әдіснамасын бейнелейді.
В.Джемс синтетикалық әдісті сынға алды. Ол рухани өмірдің тұтастығы туралы түсінікке сүйенді. Онда сана, тұлға және іс-әрекет бірінші қатарда тұрды.
А.Н.Ткаченконың пікірінше, «жалпы психологияны» оқу пәні ретінде құруда, психологиялық білім жүйесінің оқылатын құрылымы, мазмұны қысқаша формада, психикалық шындықтың-объективті танымның даму қисынын қайта жаңғырта отырып, осы жүйе жетілуінің негізгі тарихи кезендерін бейнелейді.
Психологиялық білімді үш типте анықтаған Я.А.Пономарев барлық психологиялық білімдердердің тарихи даму негізін талдай отырып үш типке жіктеді:
Бейнелей-көру білім типі тікелей тұрмыстық тәжірибе негізінде қалыптасады және көбінесе психологиялық құблыстарды үстірт қарау деді. Осындай оқыту түрі ХІХ ғ. аяғына дейін жүргізілді, сонда да бір қатар оқытушы-психологтар осы білім беру типін ХХ ғ басына дейін қолдадағанымен, экспериментті психологияның дамуына байланысты бұл тип қолданыс аясын тарылтты. Орта оқу орындарында психологияны жүргізу мәселесі көтерілген кезде Г.И.Челпанов:: «...психологияны жүргізу үшін, міндетті түрде экспериментті психология мәселерімен таныс болу керек... Бірақ оқытушыларды қайдан аламыз...? Ғалымдар комитеті діни академия түлектерін ұсынады...Олар жаратылыс ғылымдарын, математиканы біле қоймайды. Логикада жәрдемсіз...бірақ психологияны жүргізуде одан да әлсіз...психология оқытушысы барлық ғылымдар саласына кіретін экспериментті психологияны жете меңгермесе оны жүргізуі мүмкін емес»,-деп жазды.
Оқытудың эмпирикалық типі эксперименттік психологияға ХІХ ғ. аяғында-ХХғ. басында еніп психологиялық білім берудің сапасын жақсартты. Біріншіден, психолог-мамандарды дайындайтын оқу мекемелері ашылды: психологияға көбірек мән берген В.М.Бехтеревтің психоневрологиялық институты, педагогикалық академия. Екіншіден, психологияны жүргізуде эксперимент кеңінен қолданыла бастады, бұл қазіргі кезде өз шешімін күтетін «мектептегі психологиялық қызмет» сияқты ұғымын беретін мәселердің бастамасы болды. Үшіншіден, психологиялық білім түбегейлі өзгеріп, шынайы ғылым дәрежесіне көтерілді.
Қайта құрастыру-әрекеттік оқыту типінде ғылыми білім беріліп қана қоймай, құбылыс немесе процестің әрі функциялардың дамуы туралы ұсыныстар беріліп отыратын оқыту түріне алмасты. Оқытуды, тұлғаның өзін-өзі белсенді жетілдіретіндей, өзін-өзі дамытатындай етіп құру керек, мысалы, ес туралы білімді беріп қоймай, оны дамыту үшін ұсыныстар да беру керек. Психологиялық жаттығу-психологиялық білім беру сапасын жоғарылататын перспективалы бағыт.
1796 жылы Ресейде шыққан Михайловтың «Жан туралы ғылым» еңбегі психологиялық білімдерді жүйелеудегі ерекше түпнұсқа тәжірибе ретінде бағаланды. Б.Г.Ананьевтің бағалауынша: «Михайловтың психологиялық трактаты ағылшын империализімінің рухында жазылды».
1815 жылы Харьковта жергілікті университеттің магистрі П.Любовскийдің «Краткое руководство к опытному душеславию» атты кітабы жарық көрді. Бұл кітап психологиялық білімдерді жүйелеуде Михайловтың еңбегінен кейінгі құнды еңбектердің бірінен саналды. Бұл еңбек үш бөлімнен тұрды: сезгіштік, тану, ұмтылыс ерік.
Кейінірек профессор П.Лодидің оқу құралы жарық көрді. Кітаптың алғашқы сөзінде психология курсына қысқаша сипаттама берілген. Мәселен, жан және тән туралы, қабілеттілік, қиял, ақыл, тілек, ес айырмашылықтары мен ақылды жаттықтыру сияқты мәселелерге 30 беттей арналған. Бірақ бұл кітап екі жылдан кейін «қауіпті» деген атпен қуғынға ұшырады.
1834 жылы А.И.Галичтің «Картина человека» еңбегі шықты.
Еңбектің бірінші бөлімінде а) «Дене дидактикасы» (дене жүйесі мен дене бөліктері т.б.);
б) «Дене феноменологиясы» (денсаулық пен ауру сипаттамасы, ұйқы және сергектік, дененің мүкістігі т.б.) және темперамент туралы ілімді қамтыды.
Еңбектің екінші бөлімінде («жан») өзінің психологиялық жүйесін дамытты, Галич бойынша өзін-өзі тану тек сана дамуының негізінде дамиды. Санадан өзіндік санаға өту «Жанның тәжірибелік жағымен», яғни ерікпен байланысты деген қағиданы ұстанды.
1874-1896жж. Москва университетінде философия кафедрасына Троицкийдің жетекшілік етуі әлемдік және Кеңестік психологияның дербес ғылым ретінде даму кезеңімен сәйкес келді. Осы кезеңде психологияға оқу формасы ретінде семинар сабағы енгізілді. Оны бірінші рет Грот қолданды (1886г.).
Осы кафедрада Н.Я.Грот (1852-1899 жж.) және Лопатин еңбек етті.
Грот қолданған семинар сабағы үш типте жүргізілді:
бірінші типте тыңдаушыларға оқылған лекцияларды сынау ұсынылды;
екінші тип бойынша рефератқа арналған тақырыптар берілді;
үшінші типте аудиторияда тыңдалған, талданған пікірлердің тезисін жазып өткізу ұсынылды.
ХХ ғ.басында Петербург университетінде психология ғылымы мен білімін дамытуда белгілі профессорлар Н.Е.Введенский, В.А.Вагнер, А.А.Ухтомский, В.М.Шимкевич үлес қосты. Қысқасы, осы кезеңдерде психологияны оқыту білім беру рөлінде ғана болды.
ІV. ХХ ғасырда психологияны оқытудың
Достарыңызбен бөлісу: |