«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Психологияны оқыту әдістемесінің пәні



бет5/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Психологияны оқыту әдістемесінің пәні:
Психологияны оқыту әдістері, формалары, құралдары, олардың ерекшеліктері психологияны оқыту әдістемесінің пәні болып табылады.
Психологияны оқыту үрдісі:

  • тұлғаны және өзге адамдардың мінез-құлқын тану тәсілдерін меңгеруге;

  • адамның өзін өзгертуіне қабілетін қалыптастыруға бағытталады.

Психология пәнін жүргізудің мақсаттары басқа пәндерден мүлдем өзгеше.


Психологияны оқыту әдістемесінің мақсаты:
Болашақ мамандарды психологиялық білімнің жүйесімен қаруландырып, теориялық білімін тереңдетіп, тәжірибелік іскерлігін шыңдауды ; кәсіптік даярлығын өрістетіп, оны тәжірибеде қолдана алу дағдысы мен талпыныстың өздігінен білім алудағы дербестігін қалыптастыруды; оқу ситуациясын ұйымдастыру мен оқытудың белсенді әдістерін пайдалануды; психологиялық іс-әрекеттің әр түрін жобалау негізінде психологиялық білім мазмұнының құрылу принциптерін ұсынуды көздейді.


Психологияны оқыту әдістемесінің міндеті:

  • Студенттерді болашақ мамандықтарына сәйкес оқу - тәрбие жұмыстарының құрылымымен таныстырып, ерекшеліктерін таныту.

  • Ұстаздық қызметтің негізгі компоненттері мен маңызын түсініп, мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптарды меңгерту.

  • Психологиялық негізгі түсініктерді, заңдылықтарды игеру, болашақ мамандардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

  • Оқушылармен қарым-қатынас жасаудың жүйесін оқып үйрену



ІІ. Жоғары оқу орындарындағы психологияны
оқытудың даму тарихы


Психологиялық білімдерді қарастыру
аспектілері туралы мағлұмат.

Психология пән ретінде және психологтың іс-әрекеті тұрғысында үш негізгі мақсатты бөліп көрсетеді:


1.Жаңа психологиялық білімдерді іздестіру;
2.Практикалық проблемаларды шешуде психологиялық білімді қолдану;
3.Психологиялық білімдерді беру.
Бірінші мақсатқа жету ғылыми психологияның бағыты болса, екінші мақсатты қолданбалы және практикалық психология, ал үшінші мақсатпен психологияны оқыту әдістемесі шұғылданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет