«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Психологиялық білімдерді меңгерудің ерекшеліктері



бет4/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Психологиялық білімдерді меңгерудің ерекшеліктері

Психологиялық білім ұзақ уақыт бойына жаратылыстану-ғылыми болып танылғанына қарамастан, қазіргі кезде гуманитарлы болып саналады.


Психологиялық білім басқа білімдермен салыстырғанда психология пәнін оқыту барысында ескерілуі тиіс өзіне тән ерекшеліктерге ие.

  1. Психология ғылымының тану, пәні – салыстырмалы түрде, тұрақты тұлға болып табылады. Ол жас ерекшелігіне әрі іс-әрекетінің сипатына қарай өзгеріп отырады. Сондықтан, тұлғаны танудағы нақтылық мүмкін емес. Тұлғаны аяғына дейін тану да мүмкін емес. Тұлғаның танылуы нақтылықтан гөрі терең зерттеуді (В.Я.Ляудис, 2003) қажет етеді.

  2. Психология ғылымының тану пәні де, танушысы да – тұлға болғандықтан, осы тану үрдісі диалогты болып табылады. Соған орай психологиялық ақиқатты тану үрдісі танушы адамның жеке дара ерекшеліктері арқылы өзгеріске ұшырап, ол танылған қасиеттерді өзінің ерекшеліктеріне теледі. Мұндай құбылыс психологиялық емес құбылыстарды тануда (физикалық, химиялық) байқалмайды.

Алайда, бұл бітім психиканың жалпы заңдылықтарын меңгеруге кесірін тигізетінін ескерген жөн, себебі, психиканың дара даму заңдылықтары жалпылардан ерекше болуы мүмкін.

  1. Психологиялық құбылыстарды тану үрдісі тек қисынды болып қоймай, бейнелі және көрнекі-әрекеттік ойлаудың, сондай-ақ жетілген естің де қамтылғанын талап етеді. Психолог-студент бейнелеп ойлай білуі керек, бейнелерді еркін араластырып және естегі бейнелермен үйлестіре білуі қажет. Мәселен, кеңесші-психолог қызметінде клиентті қайсібір жағдайларға (жанұя, басшысы, қол астындағылар, достарымен өзара қарым-қатынас) орналастырып, оның ойындағы бейнелерді еркін пайдалана алуы қажет. Бұл клиенттің проблемасын жете түсініп, шешуге мүмкіндік береді.

4. Психологиялық білімді қайсібір ғылыми ақпаратты бермейтін жалпыланған құрылым ретінде емес, әдістемелік мақсаттар үшін қолайлы құрылым ретінде елестетуге болады.
Кез келген психологиялық құбылысты толыққанды сипаттау үшін:

    • түсініктер жүйесін (тезаурус, анықтама, суреттемелер);

    • психологиялық құбылыстың қызметтерін (мәні);

    • механизмдерін (құбылыс қалай пайда болды және қызмет ететіні);

    • түрлерін;

    • заңдылықтарын (заңдары, ережелері, қасиеттері);

    • дара, жас және жыныстық ерекшеліктерін;

    • даму және қалыптасу заңдылықтарын (онтогенезде, тіпті филогенезде);

    • бұзылыстарын (ауытқулар);

    • психологиялық теорияларды;

    • зерттеу әдістерін қамту қажет.

Студенттің психологиялық білімнің құрылымын түсінуі оның психологиялық ақиқатты байланыстары мен қарым-қатынастарының әртүрлілігінде, оның тұтастығын түсінуге көмектеседі. Психология пәнін оқытудың тұрғысында ұсынылған кесте, оқу курстарын жоспарлау мен студенттердің білімдерді қаншалықты толыққанды меңгергендерін талдауға арқау бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет