«Педагогика, дефектология» кафедрасы


ХХ ғ.екінші жартысында психологияны оқыту



бет8/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

ХХ ғ.екінші жартысында психологияны оқыту

1940 жылдардың басында психология ғылымы көптеген университеттердің философия факультеттерінің құрамында бөлім ретінде ашылып, кәсіби психологтар дайындауға мүмкіндік туды. Тұңғыш рет жеке кафедра ретінде 1942 жылы Москва университетінің құрамында ашылды. Кафедра меңгерушісі қызметіне профессор С.Л.Рубинштейн тағайындалды. Мұнда психология курсын белгілі ғалымдар Б.М.Теплов. А.Н.Леонтьев, С.В.Кравков, А.А.Смирнов, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин т.б.жүргізді.


1951 жылдан бастап, психология кафедрасын А.Н.Леонтьев басқарды. 1944 жылы Ленинградта психология бөлімі ашылып, оған Б.Г.Ананьев жетекшілік етті. Мұнда В.Н.Мясищев, А.В.Ярмоленко, қызмет атқарды. Сонымен бірге А.А.Бодалев, Л.М.Веккер, Б.Ф.Ломов, Е.С.Кузьмин, И.М.Полей, Е.Ф.Рыбалко өз үлестерін қосты.
Осы кезеңде жалпы, жас ерекшелік және педагогикалық психология оқу курсының материалдары толықтырыла бастады. Сол сияқты практикалық психология саласы бойынша сабақтар жүргізіле бастады.
1970 жылы А.В.Петровскийдің редакциясымен психология оқулығы дайындалды. 70-80 жж.аралығында психологиялық білім беру өзінің аясын кеңейте түсті. Москва, Ленинград университеттерінен басқа Ростов, Самарск, Қазан университеттерінде және Одақтас Республикаларда, соның ішінде Қазақстанда да өріс ала бастады.
Қазақ топырағында тұңғыш рет Жүсіпбек Аймауытовтың психология оқулығы 1926 жылы жарық көрді. Бұл оқулық мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, оқытушы қауымына арналған. Қазақ халқының ұлы ағартушы демократтарының психологиялық көзқарастары мен пайымдауларын тұңғыш зерттеушілердің қатарында академик Төлеген Тәжібаевты ерекше атуға болады. Ғалымның пеагогикалық жоғары оқу орындарында психология пәнін оқытуды жетілдіруге қосқан үлесі зор. 1947 жылы жоғары және орта арнаулы оқу орындары үшін логика және психология оқытушыларын даярлау мақсатында Қазақтың С.М.Киров атындағы университетінде психология бөлімінің ашылуына ұйтқы болды. Т.Т.Тәжібаевтың ғылыми зерттеулері мен мақалалары психологиялық білімдерді белгілі бір жүйелеуде өзіндік үлес салмағы бар. 1992 жылы «Қазақ Университеті» баспасынан «Жалпы психология» оқулығы жарық көрді.
Қазақстанда психология ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан Сәлкен Балаубаев Абдолла Темірбековпен бірлесе отыра 1966 жылы «Психология» оқулығын жазды.
Елеш Суфиев психология саласынан біраз еңбектерді жарыққа шығарды . Мәселен «Баланың дамуы және оны мектепке әзірлеу» (1965), «Психология оқулығының қазақша аудармасы туралы» (1950), «Қазақ мектебінде орыс тілін оқытудың кейбір психологиялық мәселелері».
Еліміздегі ғылыми психологияның дамуына айтарлықтай үлес қосқандардың бірі Мәжит Мұқанов. Ол 1953 жылы Т. Тәжібаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертацияны қорғайды. Ал 1980 жылы докторлық диссертацияны сәтті қорғап шығады. Ғалымның еңбектері: «Ақыл-ой өрісі» (1980), «Жас және педагоикалық психология» т.с.с. еңбектері қазірге дейін жоғары оқу орындарында қолдалынып келеді.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы еліміз егемендігін алғанннан кейін қарқынмен дами бастады, оған себеп психология ғылымдарының кандидаттары мен докторларын дайындайтын арнаулы диссертациялық кеңестердің ашылуы. Іргелі зерттеулермен қатар С.М.Жақыповтың, Х.Т.Шерьязданованың, Қ.Б.Жарықбаевтың, А.М.Ким, С.Қ.Бердібаевалардың докторлық диссертацияларын атауға болады.
Қазақ психология тарихын зерттеумен ұзақ жылдар бойы айналысып жүрген ғалым Қ.Б.Жарықбаев қазақтың психологиялық ой-пікірлерінің қалыптасуын кезең-кезеңге бөліп қарастырған «Қазақ психологиясының тарихы» еңбегінің (1996) оқытушылар мен студенттердің психологиялық білімдерін жетілдіруде маңыздылығы өте зор.
Артына айтарлықтай мұра қалдырған, психологияны қазақ тілінде сөйлеткен ғалым психолог Ә.Ж.Алдамұратовтың қазақстанда психология ғылымының дамуындағы айрықша орнын айтуға болады. «Қызықты психология», «Жалпы психология» (авторлық ұжым), Л.С.Выготскийдің «Баланың жас ерекшеліктері және кемтар бала психологиясы» (авторлық ұжым) туралы таңдамалы еңбектерін қазақ тіліне аударып, құрастырған.
Қазақстанда тұңғыш рет «Жанурлар психологиясы» оқулығының және тағы да басқа психологиялық зерттеулердің авторы Қ.Р.Рахымбеков ұзақ жылдар бойы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, психология кафедрасын басқарып, еліміздің түкпір түкпіріне психолог мамандарын даярлауда сындарлы қызмет атқарды.
Елімізде мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында әлемдік психологиялық ойларды іріктеп, қазақ тілінде жарық көрген 10 томдық «Адамзат ақыл-ойының қазынасы» атты кітаптар сериясының 10-томы қазақтың психологиялық ой-пікірлерінен басталып, ғылыми психологияның дамуына үлес қосқан Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов және т.б.ғалым психологтардың іргелі еңбектері топтастырылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет