қызметтің мүмкіндігін анықтайды:
1.танымдық; 2.дамытушылық; 3.ұйымдастырушылық. Лекцияның танымдық қызметі: біріншіден, білім алудың үнемді тәсілі болып табылады. Мұнда білім жалпыланған жүйелі түрде беріліп, студенттердің жаңа ақпаратта өз беттерінше бағдарлануларына әрі білімдерді тезірек және сенімдірек меңгерулеріне септігін тигізеді.
Лекцияның үнемділігі–бір мезеттеоны көптегентыңдаушыларға оқылуымен анықталады.
Лекция студент ойлауының мәдениетіндамытуда да аса маңызды. Лектор тыңдаушыларды ғылыми тұрғыда ойлау үрдісімен таныстырады және оның бейнесін көрсетеді. Бұл жеңіл қабылданып, тез меңгерілетін ауызша ойлаудың бір түрі.
Бұл оқу ақпаратын жеткізудің, берудің аса икемдітүрі. Лектордың әдістемелік шеберлігі бір ғана ақпаратты: қысқа конспектіленген баяндамадан жан-жақты көркем баяндауға дейін әртүрлі тәсілмен беруге мүмкіндік береді.
Кез келген жақсы лекция тыңдаушылардың пәнге қызығушылықтарының, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасуына аса зор эмоциялы әсеріетеді. Ол әсіресе, гуманитарлы циклдегі, атап айтқанда психология пәні бойынша лекцияларға тән.
Тыңдаушыларға тигізетін жалпы ықпалы мен әсері бойынша оқу материалын лекция түрінде жеткізу тәсілі басқа әдістерге қарағанда аса тиімді болып табылады, өйткені лектор тұлғасының аудиториямен жанды қарым-қатынасындағы ықпалын ешнәрсемен алмастыру мүмкін емес.
Осылайша, лекция студентті зерттелінетін ғылымына енгізіп, оның негізгі ғылыми теориялық тұрғылармен алғашқы таныстығын қамтамасыз етудің негізінде сол ғылымды зерттеудің басқа да жолдарын анықтайды. Дамытушылық қызметі студентте шығармашылық ойлау қызметтерін қалыптастыруға, олардың кәсіби-тұлғалық жағынан өсуін қамтамасыз ететін әр студент пен мұғалім арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты байланыстырады.