«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет13/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Лекцияның қызықтылығы лекция мазмұнының қызықты, тартымды болуын қамтамасыз етеді. Әрине қызығушылық аудиторияның ерекшеліктеріне байланысты, алайда ақпараттың барлық адамдарға қызықты болатын сапалары да кездеседі. Оларға: оқу материалының тікелей тұлғаға немесе оның кәсібіне деген маңызы, сондай-ақ, жаңалылығы пен тарихилығы жатады.
Тұлға үшін материалдың мәнділігі сәйкес ақпараттың, теориялық тұрғылардың, өмірден алынған мысалдардың қызықты көрністерін ірік- теуден тұрады. Психологияның көптеген тақырыптары жеке дара мәнді болып табылады (адамның адамды қабылдауы, темперамент, мінез,эмоция т.б.).
Тұлға үшін оқу диагностикалық зерттеулерден алынған ақпараттар де аса қызықты (психикалық қызметтер, тұлға қасиеттері.
Лекцияны дайындауда психологтың мамандығына байланысты материалдың аса қызықты әрі тартымды болып келетінін естен шығармау қажет. Кеңес беру, психологиялық түзету, тренингтер мен ауыл аймақтан алынған сұрақ-жауап сияқты жағдайларды талдай отырып, студенттер өздерінің мамандығымен танысады және оның дағдыларын меңгере бастайды.
Жаңа ақпарат әрқашанда қызықты болады. Сондықтан, лекцияның мәтініне жаңа деректерді, ой-пікірлер мен ғалымдардың аттарын, зерттеулерді, зерттеудің жаңа әдістерін қосып үнемі жаңартып отыру керек. Онсыз лекция өзінің тартымдылығын жоя бастайды.
Егер лектор өте жақсы өңделген көрнекі құралдары бар, бірақ ескі жазбаларын пайдаланса, оның санасы ресми мазмұнына ілесіп, қайталау еш эмоция тудырмай, лектордың өзі де жалыға бастайды. Бұл өкінішті жағдай. Лектор оны сезбесе де, тыңдаушылар тез байқайды.
Кез келген ғылымның тарихы тыңдаушылар үшін қызықты. Жақсы дайындалған қайсыбір лекцияның мазмұнында тарихи деректер, әлемнің танымал психологтарының шығармашылығы мен жеке дара қасиеттері жайлы ақпараттар орын табуы тиіс.
Танымал зерттеушілердің нәтижелері ретінде баяндалатын ғылыми ой-пікірлер өте жақсы есте сақталады және терең түсініледі. Оның мысалы ретінде Л.С.Выготскийдің басынан кешкен жағдайды алуға болады.
Бір кездері Л.С.Выготский Паркинсон ауруына шалдыққан адамды бақылайды. Аяқ-қолы тоқтаусыз дірілдегендіктен, сырқат мүлдем қадам жасай алмайтын. Кенеттен Л.С.Выготский үстелдің үстінен қағаз алып, ұсақтап жыртып, сол бөліктерден жерде жол жасайды. Сырқат адам қағаздың сол бөліктерін басып жүріп кетеді. Осылайша, адамның өз мінез-құлқын басқаруда белгілерден құралған ынталандырушы құралдардың рөлі туралы идеялар қалыптасады.
Лекция дайындаудың екінші сатысында оның құрылымын анықтаумен айналысқан дұрыс.
Тарихи тұрғыда лекция үш бөлімнен: кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде тақырып, мақсаттар қойылып, жоспар құрылады. Ол студенттерге істің мән жайын түсіндіруге, аудиторияны қызықтыруға, негізгі, тірек идеяларды құрастырып, оларды бұрынғы және кейінгі білімдермен байланыстыруға арналады. Лекцияның аталмыш бөлімі қысқа да мақсатты болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет