Негізгі бөлімде барлық түйінді сұрақтар анықталып, анықтамалар мен теориялық тұрғылар құрылуы керек. Әрбір теориялық тұрғыға негіздемелерді, дәлелдерді әрі көрнекі құралдарды таңдау қажет.
Лекциядағы сұрақтардың саны 2-4 аралығында өзгеріп тұрады. Жеке сұрақтар жеңіл баяндап, меңгеру үшін кішігірім сұрақтарға бөлінеді. Жоспарға негізгі және түйінді сұрақтардың қысқа тұжырымы енгізіледі (кейін оларды емтихан сұрақтары ретінде пайдалануға болады).
Лекцияның мәтінін тым ұсақтап бөлшектеудің немесе аса ірілендірудің қажеті жоқ. Бөлімдердің ұзақтығы баяндалған проблемалардың ғылыми мәніне, тыңдаушылардың олармен таныстығының дәрежесіне мөлшерлес болуы тиіс.
Қорытындыда лекцияның негізгі идеялары жалпыланып, қысқаша құрастырылады. Мұнда баяндалған тақырыптың зерттеу реті, оларды жоюдың қиындықтары мен игеру жөнінде ұсыныстар беріп, ұсынылған әдебиттерді қысқаша сипаттап өтуге болады.
Осы сатыда білімдерді тексеру жөніндегі іс шаралардың тізімін, оларды жүргізу мерзімін көрсетіп өткен орынды.
Лекция құрылымының барлық бөліктері оны өңдеу барысын ойластырудың пәнін құрайды. Осындай егжей-тегжейлі жұмыс жинақталған тәжірибе мен білімнің, жаңа ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді оқудың негізінде, жинақталған деректі материалдарды жалпылау арқылы жүзеге асады.
Лекцияның түрлері
Психологиялық әдебиеттерде лекция түрлерінің қатаң жүйесі құрылмаған. Әр автор лекцияны көз қазқарастары бойынша түрліше топтастырады. Мысалы лекцияның өту орны, уақыты, дидактикалық ерекшеліктері және де басқа да факторларын ескере отыра Н.Г.Берденникова, В.И.Меденцев, Н.И.Панов сынды психологтар оны төмендегідей жүйелейді:
оқу курсындағы орнына қарай: кіріспе, бағдарлаушы (немесе тірек), шолу;
оқыту формасына қарай: күндізгі, кешкі, сырттай бөлімдерде;
лектордың тұрақты топпен қарым-қатынасының жиілігіне орай: бір реттік, тақырыптық, циклдік;
баяндау проблемалылығының деңгейіне қарай: ақпараттық, Проблемдік, лекция-дискуссия(пікірталас).
В.С.Герасимова лекцияның түрлерін төмендегідей топтастырады:
пәннің мазмұны мен оның оқу үрдісіндегі орнына байланысты: кіріспе, ағымдағы, қорытынды, шолу;
студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің әр алуан түрлері мен деңгейлерінің арақатынасына байланысты: баяндаушы-көрнекі, түсіндірмелі және проблемді;
оқыту түріне байланысты: тірек (немесе бағдарлаушы)
Достарыңызбен бөлісу: |