«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет17/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Лекцияның мәтінін өңдеу


Бұл лекцияның жоспарын өңдеу және ақырғы нәтижесіне жеткізу сатысы. Жоспармен жұмыс жасауда оқытушы:

    • лекцияның мақсатын құрастыруды;

    • жоспар бөлімдерінің тұжырымдамасы қысқа да мазмұнды болғанын;

    • тұтастай мәтінге бөлінген уақытқа сәйкес жоспардың әрбір сұрағына берілген оңтайлы уақытты белгілеуді;

    • лекцияның тиімділігін қамтамасыз ететін жағдайларды (тақта, плакаттарды пайдалану, студенттердің өздік жұмысы арқылы білімін бақылау) алдын ала ескеруі тиіс.

Лекцияға дайындық кезінде оқытушының жазбаша сөйлеумен салыстырғанда ауызша сөйлеудің мүлде басқа заңдар бойынша құрылатынын есінен шығармауы керек. Сондықтан болашақ лекцияның мәтіні емес, өңдеуден өткен формалар мен аса маңызды дәлелдерді қамтитын қисынды пікірлердің мұқият құрастырылған тізбегін бейнелейтін ашық жоспар-конспектінің құрылғаны маңызды.
Жазбаларды үлестірмелерге түсірген жөн, өйткені оларды қолда ұстап, әрі ара-арасында қарап отырған өте ыңғайлы.
Жоғары мектептің жаңадан лекция оқи бастаған жас мамандарының жоспарға қосымша лекцияның мәтінін толық тіркеп, оны үнтаспаға жазып тыңдағандары пайдалы.


Лекцияны оқудың әдістемелік негіздері.

Лекцияның жан жақты дайындалуы – оны жақсы оқудың тек әлеуетті мүмкіндігі ғана. Лекция, бұл – тыңдаушылардың көзінше жүзеге асатын әрекет болғандықтан, оның аяқталуына орай тыңдаушылардың сол ғылымды жақсы көріп кететіндері немесе онымен одан әрі шұғылданғысы келмейтіндері сол сәтте ақ анықталады.




Лекцияның кіріспе бөлімі.
Бұқаралық лекцияда ең қиыны оны бастауда. Тыңдаушыларға бағытталған алғашқы сөздер, назар аудартып, белгілі бір көңіл-күйді орнатуы керек.
Лекция жайлы алғашқы ұғым тақырыптың тұжырымадасынан-ақ қалыптасады. Ол қысқа болып, негізгі идеяның мәнін білдіруі керек. Осы тұста тақырыптың білімдерді болашақта меңгерудегі, студенттер тұлғасының дамуы мен кәсіби іс-әрекеттері үшін маңызын атап кеткен жөн.
Ары қарай лекцияның мақсаттары мен жоспарын хабарлауға болады. Тыңдаушыларды білімдердің одан ары бақыланатынына бағдарлаған орынды. Жаңа материалдың, өтілген және кейінгі ақпараттармен байланысын көрсеткен жөн.
Лекцияның аталмыш бөлімінде студенттердің психологиялық тұрғыда жинақталып, шоғырланулары үшін баяндаудың ырғағы, негізгі бөлімдегіден сәл жоғары болуы тиіс.
Лекцияның кіріспе бөлімі әдетте 5-7 минут уақытты қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет