«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Лекцияның вербалды емес компоненттері



бет20/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Лекцияның вербалды емес компоненттері
Тәжірибелі лектор аудиториямен қарым қатынасында ым ишара, пантомимика сияқты вербалды емес құралдарды жиі пайдаланады.


Лектордың бет әлпетінің көрінісі
Әдетте, қызығушылық танытқан тыңдаушылар шешеннің бет әлпетіне көз тоқтатады. Лектордың бет әлпеті байыпты болып көрінуі тиіс. Алайда, ақыл-ой қысымына байланысты адамның бет әлпеті тұнжыраңқы күйге түсуі мүмкін. Сондықтан лектордың өзін үнемі қадағалап, айна алдына жаттыққаны абзал.
Лектор ең алдымен сөйлеп тұрған сәттегі бет әлпетін байқап, (тұнжыраңқы, қатып қалған т.б.), содан соң әрқилы эмоцияларға қанық сөздерді айтып жаттығуы тиіс.


Лектордың көзқарасы
Лекция оқығанда терезеге, қабырғаға қарайлау, төмен немесе жоғары қарау арқылы тыңдаушылармен байланысты оңай үзіп алуға болады.
Тыңдаушылармен көз арқылы жасалынған байланыс, тұтастай аудиториямен және әрбір тыңдаушымен жеке байланыс орнату арқылы жүзеге асады.
Аталмыш әдісті лектор өзіне бағытталған тік көзқарастан қысылғанда назарын тыңдаушылардың бір бөлігінен екіншісіне баяу ауыстыру арқылы пайдалануға болады. Лектор алдына қойған мақсатына шабыттанып, тыңдаушыларға бірлестікке шақыра отырып, рухтана көз салса, олар да өз кезегінде оған баса назар аударуға тырысады.


Лектордың тұрысы
Лектордың тұрысы оның өз өзіне деген сенімділігін, тұрақтылығын, сондай-ақ ұялып, қысылғандығын байқатады.
П.Сопер мынадай кеңес береді: тепе-теңдік пен тұрақтылық, барлық дене тұрқының қозғалмалылығы мен жеңілдігі үйреншікті әдетке айналғанша төмендегі мәнерде жаттығуға болады.
Аяқтарыңызды бойыңызға қарай (12-15 см) алшақтыққа қойыңыз; аяқтарыңыздың ұшы екі жаққа ашылған; бір аяқ екіншісінен сәл алға қойылады; күш екі аяққа бірдей түспей, маңызды жерлерге келгенде аяқтың өкшесіне емес, ұшына түсіп отырады; тізе мен иықта қысым болмауы тиіс; қолдарыңызды бос, еркін ұстаңыз, ал көкірек тұсыңызға қатысты басыңыз бен мойыныңызды кішкене алда, кеудеңіз тіке, ішіңізді өте қатты емес, дем алуыңызға кедергі келтірмейтіндей тартыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет