Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар.
1.Психологияны оқыту әдістемесі қандай
ғылымдардың қиылысында қалыптасқан?
2.Психологиялық білім беруде түбегейлі өзгерістердің болуы
нендей себептерге байланысты деп ойлайсыз?
(тарихи мәліметтерге сүйене отырып ойларыңызды
жүйелі түрде баяндаңыздар).
3. С.Л.Рубинштейннің «Жалпы психология негіздері»
атты оқулығымен танысып, ерекшеліктеріне талдау
жасаңыздар.
4. Қазақстанда психологиялық білім берудің даму
тарихына сипаттама беріңіздер. М.М.Мұқанов «Ақыл-ой өрісі»,
Қ.Б.Жарықбаев «Қазақ психологиясының тарихы»
еңбектерімен танысу(реферат).
5.Психологияны оқыту әдістемесінің даму тарихы
туралы мәліметтерді жинақтап, кестеге түсіру.
V. Лекция - жоғары оқу орындарында оқытудың дәстүрлі формасы ретінде
ЖОО да оқытылатын қазіргі заманғы лекцияның ерекшеліктері
Лекция - кітап тапшылығында, орта ғасырларда пайда болып, содан бері жоғары оқу орындарындағы оқу үрдісінде жетекші рөлді иеленуде.
Өткен ғасырлардағы жоғары оқу орындарындағы білім студенттерге профессордың оны кітаптан немесе дайын жазба мәтіндерден оқу арқылы хабарланды. Сондықтан «лекция» сөзінің мәні (латынша - lectio) – «оқу» деп түсіндіріледі.
Ресейде лекцияны М.В.Ломоносовтың кезінен пайдалана бастаған. Оқу материалы әртүрлі көрнекі құралдарын пайдалана отырып ауызша баяндалды.
Лекцияны жоғары оқу орындарында оқудың пайдасы мен мәні жайлы мәселе әлі күнге дейін маңызды. Лекция әдісінің қарсыластары, оның студенттердің өз бетінше еңбек ету мен ойлауға ұмтылыстарын жойып, бөтен ойларды енжар әрі сынсыз қабылдауға бейімдеп, сондай-ақ, көп уақыт алатынын айтады. Сонымен қатар, қажет оқулықтар мен оқу құралдары тұрғанда, лекцияны және оның жазбасын қабылдауда қиындықтар туындайды.
Дегенмен, лекция оқудың жақтастары да аз емес. Олардың ойынша лекцияны оқудың әдістемесі дұрыс болып, тыңдаушылар орынды ұйымдастырылса, жоғарыда аталған кемшіліктердің көбісі жойылады. Сондықтан қазіргі таңда лекция жоғары оқу орнында білім берудің жетекші түрі болып қала береді.
Кей сәттері, атап айтқанда: оқулықтар жетіспегенде (жаңа курстар оқылғанда); оқулықтар мен оқу құралдарында оқу ақпараттары түрліше баяндалғанда; оқу материалының обьективті қиыншылықтарынан оны өз бетінше оқу мүмкін болмағанда; оқу құралдарында әлі баяндалмаған жаңа ақпараттар пайда болғанда лекцияны еш әдіс алмастыра алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |