«Педагогика, дефектология» кафедрасы


даму тарихы ХХ ғ.бірінші жартысында психологияны оқыту



бет7/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

даму тарихы


ХХ ғ.бірінші жартысында психологияны оқыту

ХХ ғасырдың басында эксперименттік және қолданбалы психология саласы қарқынмен дамыды, әрі бұл ғылымға деген қызығушылық та арта түсті. Мұнымен қатар, психологиялық білімді жетілдіру де дамыды.


Психологиялық білім берудің қарқынды ырғағы 20ғ. басында байқалды. 1905ж. психология дербес пән болып барлық ерлер, әскери және басқа да орта оқу мекемелеріне кіргізілді. Бұл мерзім психологиялық ғылымның қарқынды дамуымен сипатталады. Психологияны орта және жоғары мектептерде жүргізілуі туралы мәселе педагогикалық психология бойынша бірінші Бүкілресейлік съезде талқыланды.
Бірінші съезде келесі баяндамалар тыңдалып, талқыланды: П.Д.Еньконың «К вопросу о преподавании психологии», Г.И.Челпановтың «О постановке преподавания психологии в средней школе», М.И.Коноровтың «О демонстрациях при преподавании элементарного курса психологии и психиатрии в систему высшего юридического образования» ж.т.б.Педагогикалық психология бойынша екінші Бүкілресейлік съезінде А.Н.Нечаев өзінің баяндамасында, бірнеше жылдар ішінде психологияны оқыту үлкен табысқа жетті деп атап өтті ол:, «...психологиялық бөлмелер, шағын лабораториялар тек астанада қана емес және де шет аймақтағы қалалардың оқу мекемелерінде, мысалы Одессада, Нижний Новгородта, Орынборда, Екатеринославлде т.б. коммерциялық училищелерінде, кадет корпустарында, гимназиялары мен училищелерде ұйымдасқан. Қазіргі уақытта сондай шағын лабораториялар 50-ге жуық»-деп жазды.
1905 жылғы төңкерістен кейін ЖОО-да психологияны оқыту да түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Психологиядан сағат саны көбейді, оқытушылар мен тыңдаушылардың саны өсті. Бұл өзгерістер Г.И.Челпановтың есімімен тығыз байланысты. Оның қызметі психологиялық білім берумен, психологияның даму тарихында тұтастай дәуірді құрайды. 1914 жылы Москва университетінде тұңғыш рет эксперименттік психология институтының негізі қаланды.
1915 жылы Г.И.Челпановтың «Эксперименттік психологияға кіріспе» атты кітабы жарық көрді.
Басқа университетерде де психология курсы эксперменттік психологияның мәліметтерімен толықтырыла бастады. Мәселен, Петербургте А.Введенский; Новоросийскіде Н.Н.Ланге; Харьковте Лейкфельд психологияның осы саласымен тікелей шұғылданды. Профессор Ланге В.Вундтың шәкірті болған. Оның 1922 жылы жарық көрген «Психология. Негізгі проблемалары мен принциптері» кітабында лекцияларының мазмұнымен танысуға болады.
Петербургтегі психоневрология институтында психология курсын профессор А.Ф.Лазурский басқарды. Ол өзінің курсында психологияны күнделікті өмірмен байланыстыруға және тәжірибелі зерттеулердің нәтижелерін пайдалануға тырысты.
1912 жылы оның «Жалпы және эксперименттік психология» кітабы психологиялық білім беруді дамытуға үлкен үлес қосты.
ХХ ғасырдың басында көптеген ЖОО-да психологияның қолданбалы салалары да оқытыла бастады. Жалпы және эксперименттік психология курстарымен қатар педагогикалық, дифференциялдық психология бойынша мәліметтер беріле бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет