Жоғары мектеп психологиясы (Психология высшей школы. Psychology of the high school)
Пререквизиттер: психология, педагогикалық психология, жас ерекшелік психология, әлеуметтік психология
Постреквизиттер: сіздердің алған білімдеріңіз жоғары мектеп психологиясын және ондағы түрлі теорияларды игеруге мүмкіндік береді
Курстың мазмұны: «Жоғары мектеп психологиясы» пәні білімгерлердің гуманитарлы ойлауын дамыту, кәсіби және оқытушылық іс-әрекетіне және өзара қарым-қатынаста жалпы құзырлылықтарын көтуге қажетті психологиялық-педагогикалық білімдер мен іскерліктерді қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған.
Қазіргі маманға қажеті білімдер көлемі күннен-күнге артуда. Осыған байланысты әр маман иесіне сәйкес қасиеттерді қалыптастыру қажеттіліктері туындайды. Білімгер өз білімін жетілдіруге, сыни тұрғыда ойлануға және кәсіби міндетерді шешуде жаңа тәсілдер таба білуге беймді болуы қажет.
Білімгерлерге әр түрлі психологиялық-педагогикалық білімдердің маңызы, практикалық міндеттерді шешу кезіндегі эвристикалық мүмкіндіктерді пайдалануды оқытады. Пән тұлғаның жоғары мектеп қабырғасында қалыптасуы мен өзіндік анықталуындағы оқытуды ұйымдастыру жолдарын қарастыру, білім жағдайларын болжау және диагностикалау мүмкіндіктерін меңгертуді көздейді.
Білімгер жоғары мектептегі оқу-тәрбие процесінде тұлғаның дамуы мен қалыптасу заңдылықтарымен, тұлғаның қалыптасуы мен өзіндік анықталуындағы оқытуды ұйымдастыру стратегияларымен танысып, білім жағдайларын болжау мен диагностикалауды, оқытушының іс-әрекетін психологиялық, педагогикалық талдауды оқып үйренеді.
Мақсаты: Білімгерлердің, оқытушылардың және ЖОО-ны басшылары іс-әрекеттерінің психологиялық ерекшеліктерін оқыту
Міндеттері:
- Білімгерлерде психологиялық-педагогикалық ойлауды қалыптастыру;
- Жоғары білім беру психологиясындағы жаңалықтарға шолу
- Қазақстандағы жоғары білім беру жағдайы және оның даму тарихы туралы түсінік беру;
- Педагогтық кәсіби этиканы терең игеруге, білімгерлер алдында жауапкершілік сезінуге, олармен серіктестік және бірлескен қарым-қатынас орнатуға негіз болу
- Тұлғаның қалыптасуы мен өзіндік анықталуындағы оқытуды ұйымдастыру жолдарын қарастыру;
- Білім жағдайларын болжау және диагностикалау мүмкіндіктерін меңгерту.
Негізгі әдебиеттер:
Дъяченко М.И., Кандыбовыч Л.А. «Психология высшей школы» Минск 1978
Давыдова В.Г. «Основы педагогической психологии высшей школы» М., 1997
Болтаев А.Д. «Жоғары мектеп психологиясы» Тараз, 2009.
Қосымша әдебиеттер:
1. Беспалько В.П. Слагаемые педагогические технологии Москва, 1989
2. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения Москва, 1995
3. Давыдов В.В. Философско-психологические проблемы развития образования Москва, 1994
4. Кларин М.В. Инновация в мировой педагогике Москва, 1995
Оқыту әдістері: сұқбаттасу, тренинг, сауалнама.
Оқытылу тілі: қазақ тілі, орыс тілі.
Бағдарлама жетекшісі: Бөлеев Т.Қ., Болтаев А.Д,
Дифференциалды психология (Дифференциальная психология. Differential psychology)
Пререквизиттер: Психологтың кәсіби білімі «Дифференциалды психология» курсын танысумен қалыптасады. Оны жемісті меңгеру үшін «Жалпы психология», «Психодиагностика» пәндерімен таныс болуы қажет.
Постреквизиттер: Студенттің оқу процесінде алған білімдері «Әлеуметтік психология», «Эксперименталды психология», «Этнопсихология», «Тұлға психологиясы» пәндерін меңгеруіне жағдай жасайды.
Курстың мазмұны: курс білімгерлердің психодиагностикалық өлшемдердің нәтижесіне сүйене отырып, жеке адам психологиясындағы диференциалды-даралық ерекшеліктерді анықтау сипаты мен ерекшеліктері жайлы түсінік қалыптастыруын көздейді. Болашақ ұрпақтың жеке адам ретінде психологиялық тұрғыдан даярлығын үнемі арттыру қажеттілігіне ерекше көңіл аударуды болжайды.
Мақсаты: психодиагностикалық өлшемдердің нәтижесіне сүйене отырып, жеке адам психологиясындағы диференциалды-даралық ерекшеліктерді жан-жақты талдау арқылы тұлғалық ерекшеліктерді тереңдете меңгерту, оқыту.
Міндеттері: Болашақ психолог мамандарды тұлғалық-даралық ерекшеліктердің негіздерімен таныстыру.
- жеке адам психикасындағы даралық (индивидуалды) ерекшеліктер психологиясын оқыту;
- жеке адамның танымдық ерекшеліктер психологиясын қарастыру;
- индивидтің мінез-бітістік ерекшеліктері мен типологиясын меңгерту.
- мінез-құлық, темперамент, қабілет психологиясымен танысу.
Негізгі әдебиеттер:
1. Н.Нартова-Бочавер «Дифференциалная психология». Изд-во «Питер», 1999ж., 2003.
2. Намазбаева Қ.Ә. «Психология». Алматы. 2005ж
3. Богословский В.В. Жалпы психология .М.пр 1993ж.
Қосымша әдебиеттер:
1. Немов Р.С. «Основы психология» 1 том Москва 1999г.
2. Рубенштейн Л.С. Основы общей психологий.-СПб.: Изд-во «Питер», 1999ж
3. Годфруа Ж. Что такое психология: В 2-х т.-М.: Мир, 1992г
4. Журнал «Вопросы психологии» .2005. №7,8.
Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, анологиялық карта құру.
Оқытылу тілі: қазақ тілі, орыс тілі.
Бағдарлама жетекшісі: Мәмбетова А.М., Оразбаева А.Ш.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет (Психологическая служба в образовании. Psychological service in formation)
Пререквизиттер: психология, эксперименттік психология, еңбек психологиясы, мамандану практикумы.
Постреквизиттері: практикалық психология, кеңес беру психологиясы, психологиядан практикум.
Курстың мазмұны: Психологиялық қызмет Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде өткен ғасырдың соңғы он жылдығында ғана өз дәрежесінде қажет екенін дәлеледей білді. Осыған байланысты білім беру мекемелеріндегі практикалық психологтар қажетті құжаттарды жүргізіп, оларды қолдану барысында жиі қиындықтарды кездестіруде. Сондықтан бұл мәселе білім беру мекемелерінде психолог қызметін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.
Мақсаты – білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мәні және мазмұны жайлы түсінік қалыптастыру, сонымен қатар практикалық психологиялық көмек бағыттары бойынша білімдермен, диагностикалық зерттеулер жүргізу, психопрофилактикалық, психокоррекциялық жұмыстарды, психологиялық кеңес беру, психотерапия элементтерін ұйымдастыра білу іскерліктерімен қаруландыру болып табылады.
Міндеттері:
- психолог пен мектеп әкімшілігінің әрекетін бір-біріне сәйкестендіру;
- оқушылармен диагностикалық зерттеу, түзету жұмыстарын жүргізу;
- педагог, ата-аналармен атқаратын жұмыс түрлерін ұйымдастыру және тб.
- практикалық іс-әрекетте туындайтын қолданбалы міндеттер туралы нақты ойлар қалыптастыру;
- білімгерлердің мамандықты игеруі бойынша кәсіби практика шартын меңгеру және дағды, білімгерлердің тәжірибесі және өзіндік жұмыстарын реттеу.
Негізгі әдебиеттер:
1. Көмекбаева Л. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет ұйымдастыру. Алматы 2002
2. Малкина-Пых И.Г. Справочник практического психолога М.: Изд-во Эксмо, 2006
3. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании.
М.Прос 1995
Қосымша әдебиеттер:
1. Абрамова Г.С. Практическая психология.-М.,1997.
2. Овчарова Р.В. Практическая психология образования.-М.,2003.
3. Оспанбаева М.П., Тұрғынтаева Ү.Ә., Сабекова Д.П. Психологиялық қызметті ұйымдастыру (оқу құралы) Т.2003.
4. Вестник образования.-М.,1995.-№7
Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, анологиялық карта құру, теренингті технологиялар.
Оқытылу тілі: қазақ тілі, орыс тілі.
Бағдарлама жетекшісі: Тұрдалиева Ш.Т., Оразбаева А.Ш.
Педагогикалық іс-әрекеттің психологиясы (Психология педагогической деятельности. Psychology to pedagogical activity)
Пререквизиттер: жалпы білім беретін мектеп бағдарламасынан «Биология», «Қоғамтану», «Әдеп және жантану» пәндерімен таныс болуы қажет.
Постреквизиттер: Білімгердің оқу процесінде алған білімдері «Психология», «Педагогика», «Жас ерекшелік психологиясы» және «Психодиагностика» пәндерін меңгеруі барысында толықтырылуы қажет.
Курстың мазмұны: Педагогикалық іс-әрекет психологиясы пәні оқыту және тәрбие жүйесінде оқытушының педагогикалық іс-әрекетті тиімді ұйымдастыруын оқытатын психологияның бір саласы болып табылады.
Білімгерлерге әр түрлі педагогикалық іс-әрекеттің, педагогикалық шеберліктің және педагогикалық қызмет барысындағы, пеадгогикалық қарым-қатынастың тиімді, нәтижелі міндеттерін шешу кезіндегі эвристикалық мүмкіндіктерді пайдалануды оқытуды. Пән оқытушының тұлғалық қалыптасуы мен өзіндік анықталуындағы оқытуды ұйымдастыру жолдарын қарастыру, білім жағдайларында педагогикалық іс-әрекеттің позитивті мүмкіндіктерін меңгертуді көздейді.
Білімгер оқыту мен тәрбие жүйесінде оқытушының тұлғалық дамуы мен қалыптасу заңдылықтарымен, педагогикалық іс-әрекеттегі кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен өзіндік анықталуындағы оқытуды ұйымдастыру стратегияларымен танысып, білім жағдайларын болжау мен диагностикалауды, оқытушының іс-әрекетін психологиялық, педагогикалық талдауды оқып үйренеді.
Мақсаты: Оқыту және тәрбие жүйесінде оқытушының педагогикалық іс-әрекетінің тиімді ұйымдастырылуы мен қалыптасуының заңдылықтарын анықтау
Міндеттері:
- Ағартушылық саласындағы әр түрлі педагогикалық іс-әрекеттің өнімді ұйымдастырылуының маңызы, практикалық міндеттерді шешу кезіндегі эвристикалық мүмкіндіктерді пайдалануды оқыту;
- Педагогикалық іс-әрекет психологиясының негізгі зерттеу обьектілері-оқыту психологиясы, мұғалім психологиясын теориялық түрде талдау негізінде білімгерлерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту;
- Тұлғаның қалыптасуы мен өзіндік анықталуындағы оқытуды ұйымдастыру жолдарын қарастыру;
- Білім жағдайларын болжау және диагностикалау мүмкіндіктерін меңгерту.
Негізгі әдебиеттер:
Петровский А.В. «Педагогикалық және жасерекшелік психологиясы» Алматы 1987ж
Зимняя И. «Педагогикалық психология» Алматы, 2005ж
Мұқанов А. «Жас және педагогикалық психология» Алматы, 1987ж
Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в психологию.- М.: Изд-во МГУ, 1996.
Қосымша әдебиеттер:
1. Аверин В.А. Психология личности.- СПб., 1999.
2. Брунер Дж. Психология познания.-М.: Прогресс,1977.-412с.
3. Брушлинский А.В. Субъект: мышление, учение, воображение. -М.: Изд-во «Институт практической психологии»,1996.-392с.
Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, анологиялық карта құру.
Оқытылу тілі: қазақ тілі, орыс тілі.
Бағдарлама жетекшісі: Болтаев А.Д., Сейдалиева Г.Ш.
Психологиядан практикум (Практикум по психологии. Practical work on psychologies)
Пререквизиттер: «Жалпы психология», «Жоғарғы математика», «Психологиядағы математикалық әдістер».
Постреквизиттер: «Эксперименттік психология», «Арнайы психология», «Психодиогностика негіздері»
Курстың мазмұны: Эксперименталды психологияға кіріспе. Методология әдістеме туралы ұғым . Жалпы және арнайы ғылым методологиясы. Эксперименттік психологияның қалыптасуының алғы шарттары. Басқа ғылымдар дамуының эксперименттік психология дамуына әсері. Эксперименттік және эксперименттік емемс әдістер, олардың тарихы дамуы, қазіргі психологияның әртүрлі бөлімдеріндегі қолданылуы
Мақсаты:
Эксперименталды жұмыстың психологиялық заңдарының ғылыми зерттеуінің білімін және негізгі дағдыларын қабылдау.
Міндеттері:
Психологиялық экперименттің жоспарлауы туралы білім беру.
Практикалық және эксперименттік психологияның қалыптасуының тарихи алғышарттарымен таныстырау.
Психологиялық зерттеудің методологиялықнегіздерімен таныстыру.
Психологиялық зерттеуде қолданылатын әдістемелерді қалыптастыру.
Эксперименталды әдістерді практикада өткізу және оның математикалық талқылауы.
Мамандылық дағды және іскерліктерді қабылдау.
Негізгі әдебиеттер:
1. Бурлачук Л., Морозов В. Справочник по психодиогностике СПб., 1999
2. Стенли Дж. Статистичесие методы в педагогике и психологии – М 1996
3. Дружинин В.Н. Экпериментальная психология М 1997
4. Михалевская М.Б. Общий праактикум по психологии М 1983 .
5. Крылова Л. Практикум по экпериментальной и прикладноq психологии Л – 1990
Қосымша әдебиеттер:
Выготский Л.С. Соб. соч. в 6 т М., 1982-84
Гальперин П.Я., Запарожец А.В., Карпова С.Н. Актуальные проблемы возрасной психологии М. МГУ 1988
Лисина М.И. Проблемы онтогенеза общения М. 1986
Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология А. 1992
Оқыту әдістері: тренинг, сауалнама, сұхбаттасу.
Оқытылу тілі: қазақ тілі, орыс тілі.
Бағдарлама жетекшісі: Қожахметов Д.Ш., Топиева Ж.Б.
Әлеуметтік жұмыстар психологиясы (Психология социальной работы. Psychology of the social work)
Пререквизиттер: Жалпы психология, педагогикалық психология, әлеуметтік психология.
Постреквизиттер: Жас ерекшеліктер психологиясы, Басқару психологиясы, Еңбек психологиясы, психологиядан практикум.
Курстың мазмұны: Пәннің зерттеу нысандары ретінде жеке адамға және әлеуметтік топтарға түсініктер беріледі. Басқару процесіндегі қарым-қатынас формалары, принциптері, деңгейлері қарастырылады. Пәннің негізгі мәселелері жаңаша зерттеу әдістерін жасау, үлкен және шағын топтардың дамуы мен қызмет етуінің ерекшеліктерін зерттеу. Адамдардың өзара әрекеттестігі мен қарым-қатынасының заңдылықтарын айқындау.
Мақсаты: білімгерлерді отандық және шетелдік әлеуметтік жұмыстар психологиясының теоретикалық және қонданбалы зерттеу аймақтарындағы жетістіктермен таныстыру болып табылады.
Міндеттері:
Білімгерлердің бойында дамудың психикалық механизмдері, қызметі және оларды басқару туралы теориялық білімдерді қалыптастыру.
Жеке адамның өзін және социумды басқару жайында практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Зерттеу жұмыстарын жүргізуде және әлеуметтік-психологиялық зерттеу бағдарламаларын құруда дағды мен іскерлікті дамыту.
Кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Негізгі әдебиеттер:
1. В.И.Лебедев. Психология и управление. М.: 1990
2. Д.Карнеги Как завоевывать друзей и оказать влияние на людей. Нью-Йорк, 1996
3. Курс практической психологии. Автор-сост.Р.Р.Кашапов.- Ижевск.: Изд-во Удм. ун-та, 2000
4. Б.Грасиани. Карманный оракул. М.: Наука, 1984г
Қосымша әдебиеттер:.
1. А.К.Семенова, Е.Л.Маслова «Психология и этика менеджмента и бизнеса» М.1999
2. А.И.Китов «Психология управления» М.1999
3. В.С.Агеев «Межгрупповое взаимодеиствие» М.1990
5. А.А.Бодалев «Психология общения» М.-Воронеж,1996
6. И.Д.Ладаков «Практическии менеджмент» М.1992
7. Психология менеджмента /Под ред. Проф. Н.С.Никифорова. СПб.1997
Оқыту әдістері: сұқбаттасу, тренинг, сауалнама
Оқытылу тілі: қазақ тілі, орыс тілі.
Бағдарлама жетекшісі: Сабекова Д. Ә, Оразбаева А.Ш.
Акмеология негіздері. (Основы акмеологии. Akmeology bases).
Пререквизиттер: әлеуметтік психология, психологиялық-педагогикалық іс-әрекетке кіріспе.
Постреквизиттер: жаңа тұрпатты психологтың кәсіби құзыреттілігі.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: акмеология пән саласында негізгі акмеологиялық зерттеулер мен оның қазіргі жай-күйі жайлы студенттердің білімін кеңейтуге бағытталған
Пәннің мақсаты:
- Психология мен оған сабақтас ғылымдар жүйесінде адамның психикалық және кәсіби дамуы жайлы білімдерін жинақтау және жалпылау;
- диагностика, коррекцияны психологиялық-акмеологиялық қамтамасыз ету түрлі теориялар мен әдістерге бағытталу.
- маманның кәсіби мәнді қасиеттерін оңтайландыруды қамтамасыз ету.
Пәннің міндеттері:
- студенттерді дамытудың міндеттер тобын анықтау, оларды диагностикала, жүйелеу және талдау, міндеттердің әр тобына қатысты перспективті шешімдер қабылдау;
- арнайы білім беру жағдайында қолданылатын міндеттердің әр тобын шешу тәсілдерін жобалау;
- акмеологияның пайда болуының негізгі ғылыми алғышарттарын оқыту;
- акмеологиялық заңдар, заңдылықтар, әдістер мен технологияларын оқыту;
- табысты дамудағы адамды тұлға және маман ретіндегі сипаттамасын анықтау;
Негізгі әдебиеттер:
1. Разина Н.А. Акмеологический подход к развитию профессионализма современного педагога. –М., 2010.
2. Акмеология. Учебник под общ.ред. Деркача А.А.- Москва: РАГС, 2002
3. Кузьмина Н.В., Пожарский С.Д., Паутова Л.Е. Акмеология качества профессиональной деятельности специалиста.-СПб, Коломна, Рязань, 2008
Қосымша әдебиеттер:
1. Бранский В.П., Пожарский С.Д., Паутова Л.Е. Социальная синергетика и акмеология. Теория самоорганизации индивидуума и социума. -СПб, 2001
2. Ильин В.В., Пожарский С.Д. Философия и акмеология. -СПб: Политехника 2003
Оқыту әдістері: рефлексия, дәстүрлі әдістер, тренингтар
Оқыту тілі: қазақ, орыс тілі
Бағдарлама жетекшісі: Оралымбетова Г.У., Бизақова Ф.А.
Қазақстандағы педагогика ғылымы. (Педагогическая наука в Казахстане. Pedagogical science in Kazakhstan)
Пререквизиттер: Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Педагогика . Педагогика тарихы.
Постреквизиттер: Педагогиканы оқыту әдістері. Әлеуметтік педагогика.
Курстың қысқаша мазмұны. Қазақстандағы педагогика ғылымы пәні, міндеттері және әдістемелік негіздері. Қазақстандағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ойлар. Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметі. А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі. М.Жұмабаевтың педагогикалық қызметі. Р.Г.Лембергтің педагогикалық ойлары және қызметі. ҚР-дағы білім беру жүйесі мен педагогикалық ойлар.
Курстың мақсаты: білімгерлердің Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы және орта ғасыр ойшылдары мен ғалым педагогтардың еңбектері туралы түсінігін қалыптастырып, оның ой-өрісін, педагогикалық зерттеулердің аясын кеңейту.
Курстың міндеті: Қазақстандағы педагогика ғылымы тәрбиенің, мектеп және педагогикалық теорияның әр түрлі тарихи кезеңдерде, ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі, дамуын зерттейтін ғылым ретінде.
Негізгі әдебиеттер:
1. Бержанов К.Б. Педагогика тарихы. – Алма-Ата, «Рауан», 1994.
2. Антология педагогической мысли Казахстана. /Сост.: К.Б.Жарикбаев, С.К.Калиев. Алматы: Рауан, 1995.
3. Тажибаев Т.Т. Педагогическая мысль в Казахстане в 2-й половине XIX в. – Алма-Ата, «Казахстан». 1965.
4. Сембаев А.И. История развития советской школы вКазахстане. – Алма-Ата, 1962.
Қосымша әдебиеттер:
1.Уманов Г.А. Педагогические прблемы развития профессионально-технического образования в Казахстане. –Алма-Ата, 1968.
2. Кунантаева К.К. К вершинам знаний: развитие женского образования в Казахстане (1920-1977 гг.). – Алма-Ата, 1978.
3. Ильясова А.П. Становление и развитие педагогической теории Казахстана (1900-1960 гг.). –Алма-Ата, 1997.
4. История педагогики Казахстана. Хрестоматия / Сост. Ильясова А.Н. –Алма-Ата, 2000.
5. Храпченков Г.М. Научно педагогические вопросы народного образования вКазахстане. –Алма-Ата, 1976.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілінде Бағдарлама жетекшісі: Елубаева М.С – п.ғ.к., доцент м.а, Шауханов А.А -п.ғ.к., доцент м.а.
Педагогикадағы жаңа технологиялар. (Новые технологии в педагогике. New technologies in рedagogical)
Пререквизиттер: Педагогика. Бейінді оқыту педагогикасы, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Әлеуметтік педагогика.
Постреквизиттер: Педагогикалық менеджмент. Педагогика тарихы.
Курстың қысқаша мазмұны. «Қазіргі оқыту технологиялары» оқу пәні.Оқыту технологияларының мәні және интегралды сипатталуы. Оқыту технологияларының мақсаты. Оқушыларды дайындаудағы оқытуды жекелендіру технологиялары. Жеке тұлғаны бағдарлап оқыту моделі. Ынтымақтастық оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Модульдік оқыту технологиясы.
Курстың мақсаты: Педагогикалық технологиялар бойынша ақпаратты жүйелендіру және біріктіру, педагогикалық құрылым мен тәжірибеге қол жеткізу, бұрынғы тәжірибеде қоғамды гуманитарландыру мен демократияландырумен пайда болған элементтерді үйлестіру болып табылады.
Курстың міндеттері:
Білімгерлердің мамандық туралы кәсіби білімдерін қалыптастыру және жаңа технологияларды игеру мен оны қолдану дағдысын қалыптастыру;
Негізгі әдебиеттер:
1. Андреев А.А. Ведение в дистанционное обучение. –М.: ВУ, 1997, 251 с.
2. Басова Н.В. Система дистанционного образования: История развития и перспективы \\ Инновационные аспекты учебного и воспитательного процессов в технических вузах: Материалы научного-методического семинара вузов Северного Кавказа. Новочеркасск: ЮРГТУ, 1999, -45 с.
3. Беспалько В.Ф. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. –М.
4. Койшибаев Б.А. Педагогический мониторинг комплексного образования (Тезаурус и модели) – Алматы: Ғылым, 2001. – 155 с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Жусупова К.А. Менеджмент в сфере высшего образования. – Алматы, 2004, -20 с.
2. Панова О.А. Теоретико-правовые аспекты внутришкольного управления //Педагогика. -2001. -№2.- с. 14-20.
3. Конаржевский Ю.А. Менеджмента и внутришкольное управление. –М.: Центр «Педагогический поиск!. 2000. -224 с.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілінде
Бағдарлама жетекшісі: Жұмағалиев Р.А – аға оқытушы
Патопсихология (Патопсихология. Patopsihologiya)
Пререквизиттер: «Жалпы психология», «Психофизиология», «Психодиагностика», «Дифференциалды психология», «Педагогикалық психология», «Әлуметтік психология».
Постреквизиттері: «Патопсихология» пәнің оқу барысында теориялық және методологиялық алған білім, білімгерге келесі пәндерді толығымен игеруге көмек көрсетеді: «Медициналық психология», «Саясаттану психологиясы», «Юристік психологиясы».
Курстың мазмұны: Психология ілімінен бөлініп шыққан патопсихология қазіргі таңда психология ғылымының белгілі бір аймағы ретінде өз әдістері мен зерттеу пәні бар дербес ғылым ретінде қалыптасып келе жатыр. Оның психологиядан бөлініп шығуына себеп болған 1-ші фактор – ғылыми техникалық прогресс, ал 2-сі – адами фактор, ол негізгі, фундаменталды фактор болып табылады. Себебі дәл қазіргі таңда педагогикалық, медициналық және техникалық проблемалардың түйінін шешуші кілт адами факторға келіп тіреледі. Бұл ғылыми пәнде қызығушылық соңғы жылдары қарқынды дами бастады. Әсіресе осы саладағы зерттеу жұмыстары тәжірибеде кеңінен қолдау табуда. Патопсихология ғылыми пән ретінде жоғарғы оқу орындарында психолог, педагог мамандықтарына міндетті оқыту курсы. Осы пәнде негізгі қойылатын мәселелер-тұлғаның психикалық әрекеттері мен қасиеттерінің бұзылу заңдылықтарын зерттеу, оларды қалыпты жағдайдағы психикалық процестердің қалыптасу және даму заңдылықтарымен салыстыру; мидың бейнелеу қасиетін бұзылысқа ұшыратқан заңдылықтарын зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |