Педагогика факультеті мамандық: 5В010100-мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу академиялық дәреже: Мектепке дейнгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша білім бакалавры


Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу. (Делопроизводство на государственном языке



бет10/121
Дата22.01.2017
өлшемі20,23 Mb.
#7589
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   121


Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу. (Делопроизводство на государственном языке. Office work in state language)

Прекреквизиттер:Қазақ тілінің мектеп курсы.

Постреквизиттер: Курстан алған білім, іс жүргізу саласындағы сөздіктерді құжаттау және құжатпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша маңызды нормативті құжаттарды, құжаттарды бір ізге келтіру және стандарттау , құрастыру және рәсімдік ережелерімен жұмыс істеуге үйретеді. Сауатты жазуға және құжаттау барысында ұйымдастыру, техникалық құралдарын қолдану технологиясын меңгеруге көмектеседі.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Аталған курс білімгерлердің құжаттарды сауатты рәсімдеуге және үлгілерді дұрыс толтыруға арналған. Құжаттардың жасалуын, олардың тіркелуін, жіктелуін, қозғалысын, есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығымен, сөздік қолданыстарды меңгеру, әдеби тіл нормаларын жақсы меңгеру мақсатында берілген. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың, әкімшіліктердің басқару-реттеу, ұйымдастыру-рәсімдеу қызметінде пайдаланатын ресми қарым-қатынас тілін білуге негізделген.

Пәннің мақсаты: білімгерлерді ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге үйрету, іс қағаз үлгілерін күнделікті өмірде дұрыс, сауатты жазуға дағдыландыру, құжаттау және оның іске асуын дұрыс меңгерту.

Пәннің міндеттері: білімгерлер іс қағаздарын толтыруда өз ойларын сауатты, дұрыс жазуға, айтуға баулу, қазақ тілінің тілдік жүйесін лексикалық, граматикалық, орфографиялық, нормаларын жетік меңгеруге үйрету.

Лексика-граматикалық тапсырмалар беріп, ситуациялық тапсырмалармен ойын түрлерін беру арқылы оны практикада қолдануға үйрету.



Негізгі әдебиеттер:

  1. Л. Дүйсенбекова Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы, 2001 ж.

  2. А.Алдашева, Қ.Қадашева Ресми іс қағаздары. – Астана, 2000 ж.

  3. В.Салагаев, Б.Шалабай Іс қағаздарын жүргізу. – Алматы, 2000 ж.

  4. Т.Ташметова, С.Шормақова Ресми іс қағаздар үлгілерін мемлекеттік тілде оқыту. – Тараз, 2003 ж.

  5. Қасымбеков, Әлімқұлов Екі тілде іс жүргізу. – Алматы, 1999 ж.

  6. А.Алдашева, З.Ахметжанова, Қ.Қадашева, Э.Сүлейменова Қазақ тілі. Ресми қарым-қатынас, іс қағаздары тілі, - Алматы, 2001 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Д.Х.Ақанова ,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова ,Қ.Қ. Кадашева Э.Д..Сүлейменова . Ресми –іскери қазақ тілі ( Грамматикалық түсініктеме) - Алматы, 2002 ж.

2. Д.Х.Ақанова, А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова, Қ.Қ. Кадашева Э.Д.Сүлейменова. Ресми – іскери қазақ тілі (Бірінші деңгей, екінші деңгей, үшінші денгей) -Алматы, 2002 ж.

3. В.И.Скала, Н.В.Скала, Б.В.Скала. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу - Алматы, 2006 ж.



Оқыту әдістері: Ойтүрткі, кластер, рефлексия , дәстүрлі әдістер т.б.

Білім беру тілі: қазақ тілі

Бағдарлама жетекшісі: Тәженова Г. , Шаханова Э.А., Сарсембаева А.А., Әнесова Б., Мұқашева А.М.

2 КУРС


3 семестр-21кредит

цикл

код

пән атауы

кр

цикл

код

пән атауы

кр

Міндетті компонент-19 кредит

Таңдау компонент-2 кредит

Жалпы білім беру пәндері


Sht1103

Шет тілі

3

Базалық пәндер

JFMG 2223

BMJSOG 2223



Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы

Жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер гигиенасы



2

S 2107

Саясаттану

2

ЕТN 2109

Экономикалық теория негіздері

2

Базалық пәндер

JР 1203

Жалпы психология

3

АР 2206

Әлеуметтік психология

3

JР 2207

Жасерекшелік психологиясы

3

РР 2208

Психологиядан практикум

3













4 семестр-15 кредит

Міндетті компонент-13 кредит

Таңдау компонент-2 кредит

Жалпы білім беру пәндері

Ғ 2106

Философия

3

Базалық пәндер

КП 2216
DKP 2216

Қарым-қатынас психологиясы

Дағдарыстық күй психологиясы



2

А 2108

Әлеуметтану

2

Базалық пәндер

JР 1204

Жалпы психология

3

РР 2209

Психологиядан практикум

3

МР 2301

Мамандану практикумы

2















Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. (Возрастная физиология и школьная гигиена. Developmental physiology and school hygiene)

Пәннің пререквизиттері. Орта мектептегі «Тәнтану» (адам ағзасының анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы), «Жалпы биология» (онтогенездің негізгі кезеңдері мен заңдылықтары), «Органикалық химия» (ақуыз, көмірсу, май, фермент, дәрумен, тұздар туралы түсінік) курстары.

Пәннің постреквизиттері. Келешекте оқытылатын педагогика, психология, мамандыққа сай пәнді оқыту әдістемесі және инновациялық және ақпаратты технологияларды қолдану әдістемесі пәндердің оқу мазмұны «Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсына негізделеді.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні. Адам ағзасының біртұтастығы. Өсу және даму заңдылықтарының біртұтастығы. Жас кезеңдері. Жүйке жүйесінің жас ерекшеліктері. Жоғарғы жүйке әрекеті. Жұмыс қабілеті. Анализаторлардың жас ерекшеліктері. Адамның сигналдық жүйлері. Сезім мүшелері. Ішкі секреция бездерінің жас ерекшеліктері. Тірек-қимыл жүйесінің жас ерекшеліктері. Қан айналу жүйесінің жас ерекшеліктері. Тыныс алу жүйесінің жас ерекшеліктері. Ас қорыту жүйесінің жас ерекшеліктері. Зат алмасу және зәр шығару жүйесінің жас ерекшеліктері. Зәр шығару мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

Антропометрлік көрсеткіштерді анықтау. Оқушының физикалық дамуына баға беру. Оқушының ой еңбегінің деңгейін анықтау. Әр класс оқушыларының сабақ кестесін жасап үйрену. Оқушылардың көру өткірлігін анықтау. Класс бөлмесінің табиғи және жасанды жарығына гигиеналық баға беру. Мектептің ауа қажетті немесе желдету көлемін, ауаның желдету мөлшерін, желдету коэффицентін анықтау. Оқушыны партада дұрыс отырғызудың физиологиялық негіздері. Дұрыс сымбатты қалыптастыру. Тәуліктік тамақ рационын жасау және организмның энергетикалық балансын есептеу.



Мақсаты: білімгерлерде орта мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қажетті бала ағзасының даму заңдылықтары, жас аралық және өзіндік ерекшеліктері және бала ағзасының физиологиялық процестеріне негізделген гигиеналық ережелер туралы түсінік қалыптастыру.

Пәннің міндеті:

Пәнді оқыту білімгерлерде

- онтогенездің түрлі кезеңдеріндегі адам ағзасының тіршілігінің ерекшеліктері (даму, пайда болу, особьтің ұрықтанған жұмыртқа түрінде пайда болып тіршілігін жойғанша өзіндік дамуы);

- мүшелердің, мүшелер жүйесінің және біртұтас ағзаның өсіп-даму функцияларының әр жас аралығындағы ерекшеліктерін туралы білімді және оқу-тәрбие режимін ұтымды ұйымдастыруға пәннің оқу мазмұнын; зиянды әдеттердің және аурудың аладын-алу (профилактика), күресу жолдарын;

- медико-гигиеналық және жыныстық тәрбиенің әдістері мен құралдарын қолдану біліктілігін қалыптастыруға бағытталған.

Негізгі әдебиеттер

1. Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негіздері. Алматы, 1993.

2. Дүйсембин Қ., Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Оқулық. Алматы; 2003. 400б.

Қосымша әдебиеттер:

1. Жұмабаев С. Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Оқу құралы. Алматы: Республикалық баспа кабинеті. 1996. 125б.

2. Рымжанов Қ.С., Төленбек И.М. Адам және жануарлар физиологиясы. Алматы, 2000.

3. Сәтпаева Х.Қ., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов Ә.А. Адам физиологиясы. Алматы, «Ана тілі». 1992.



Оқу тілі: қазақ, орыс.

Бағдарлама жетекшісі: Кемелбекова Р.Е.

Жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер гигиенасы. (Гигиена старшеклассников и студентов. Hygiene high school and students)

Пәннің пререквизиттері. Орта мектептегі «Тәнтану» (адам ағзасының анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы), «Жалпы биология» (онтогенездің негізгі кезеңдері мен заңдылықтары), «Органикалық химия» (ақуыз, көмірсу, май, фермент, дәрумен, тұздар туралы түсінік) курстары.

Пәннің постреквизиттері. педагогика, психология, физиология.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер гигиенасы пәні. Өсу және даму заңдылықтарының біртұтастығы. Жоғарғы сынып оқушыларының физиологиялық және анатомиялық ерекшеліктері. Жоғарғы сынып оқушылары мен студенттердің жоғарғы жүйке әрекеті. Сенсорлық жүйенің физиологиясы және гигиенасы. Мектептер мен оқу орындарында жүргізілетін оқу-әдістемелік жұмыстар гигиенасы. Оқушылардың күн тәртібінің гигиеналық негіздері. Жоғарғы сынып оқушылары мен студенттердің жұмыс қабілетінің өзгеруі. Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және дамуы. Жоғарғы сынып оқушылары мен студенттерге медико-гигиеналық және жыныстық тәрбие беру. Тірек-қимыл аппараттарының құрылыс ерекшелігі, гигиенасы. Мектептер мен оқу орындарының жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар.

Жоғарғы сынып оқушылары мен студенттердің жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар. Киім және аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар.



Мақсаты: жоғарғы сынып оқушылары мен студенттердің күн тәртібін ұйымдастырудың гигиеналық аспектілерін қарастырады.

Пәннің міндеті:

Пәнді оқыту студенттерде

- мектеп пен оқу орынындағы гигеналық талап нормаларын меңгерту.

- жоғарғы сынып оқушылары мен студенттердің оқу-тәрбие процестерінің ұйымдастырылу принциптерін түсіну.



Негізгі әдебиеттер

1. М.В.Андропова «Школьная гигиена» 2002 ж.

2. П.Н.Серюковския «Гигиена детей и подросток» А 2005

Қосымша әдебиеттер:

1. Дүйсембин Қ., Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Оқулық. Алматы; 2003. 400б..

2. Рымжанов Қ.С., Төленбек И.М. Адам және жануарлар физиологиясы. Алматы, 2000.

3. Сәтпаева Х.Қ., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов Ә.А. Адам физиологиясы. Алматы, «Ана тілі». 1992.



Оқу тілі: қазақ, орыс.

Бағдарлама жетекшісі: Курбанова Н. П.

Қарым-қатынас психологиясы (Психология общения. Psychology of the contact)

Пререквизиттер: психология, әлеуметтік психология, әлеуметтану, еңбек психологиясы.

Постреквизиттері: осы пәнді оқу кезінде алған білімдер бірін бірі толықтыратын конфликтология психологиясы және сөйлеу психологиясы білімін меңгеруге негіз болады..

Курстың мазмұны: Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? Деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы. Аталған мәселені зерттеудің қажеттілігі неде: қарым-қатынас болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы екені белгілі. Ол топтық іс-әрекетінің реттеушісі және адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады. Қарым-қатынас барысында вербалды емес белгілерді ескеру, болашақ психологқа диагностикалық мәліметтерді өңдеуге мүмкіндік береді.

Мақсаты – Тұлғааралық коммуникация, топаралық өзара әрекеттестікті қалыптастыру, кәсіби іс-әрекетте қарым-қатынас ережелері мен техникаларын қолдану шеберлігін меңгерту. Кәсіби іскерліктер мен дағдыларды меңгеруде қарым-қатынастың маңыздылығын ұғындыру.

Міндеттері:

- қарым-қатынас туралы нақты және ғылыми реттелген түсініктері;

- негізгі кәсіби іскерліктер мен дағдыларды меңгеруде қарым-қатынастың

маңыздылығын меңгере алу;

- практикалық іс-әрекетте туындайтын қолданбалы міндеттер туралы нақты ойлар қалыптастыру;

- білімгерлердің мамандықты игеруі бойынша кәсіби практика шартын меңгеру және дағды, білімгерлердің тәжірибесі және өзіндік жұмыстарын реттеу.



Негізгі әдебиеттер:

1. Смирнова Е.Е. Психологя общения. СПб, Каро. 2005.

2. Леонтьев А. А. Психологя общения. Москва 1997.

3. Дорович А. В. Воспитателю о психологии и психогигиене общения. Москва 1997.



Қосымша әдебиеттер:

  1. Жантану негіздері Жарықбаев Қ.Б. Алматы 2002

  2. Психология общения Смирнова Е.Е. СПб – 2005

  3. Воспитателю о психологии и психогигиене общения Добрович А.Б. Москва-1987 ж

Оқыту әдістері: интерактивті әдістер, тестілеу.

Оқытылу тілі: қазақ тілі, орыс тілі.

Бағдарлама жетекшісі: Тұрдалиева Ш.Т., Сабралиева Ж.Т.

Дағдарыстық күй психологиясы (Психология кризисных состоянии. Psychology crisis condition)

Пререквизиттер: Жалпы психология, әлеуметтік психология, практикалық психология, психотерапия.

Постреквизиттер: Тұлға психологиясы, жас ерекшелік психологиясы, психологиялық кеңес беру.

Курстың мазмұны: ХХ ғасырда түрлі дағдарыс кезеңдері, күтпеген оқиғалар, яғни әлеуметтік жағдайда болатын психикалық қысым, психологиялық кезеңдер жайлы түсінік қалыптастыру. Психологиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктерінің теориясы мен әдістемесін қарастыру. Дағдарысты жағдайдан шығудың тиімді жолдарын көрсету.

Мақсаты: Психофизиологиялық әлсіреу, психоэмоционалды өшу, тығырыққа тірелу, депрессияға түсу жағдайларынан шығару жолдарын меңгерту, Соққыдан кейінгі стрестік бұзылысты анықтау, суицидалды мінез-құлықты алдын-алу және анықтау .

Міндеттері:

- Адамдардың дағдарысты жағдайында жұмыс жасау ерекшеліктерін теориялық негіздеу;

- Дағдарысты жағдайда психологиялық көмек көрсетуді меңгертуі;

- Дағдарысты жағдайдан шығуда психотерапияны қолдану (әскерде, тұрмыста соққы алғандармен) ерекшелігін меңгерту;



- Жақынын жоғалту кезеңдерімен жұмыс ерекшелігі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Бурлачок Л.Ф., Коржова Е.Ю. Психологическая жизненных ситуаций М., Российское педагогическое агенство 1998.

  2. Василюк Ф. Психология переживания: анализ преодоления критических ситуаций М.: изд. Моск. ун-та 1984

Қосымша әдебиеттер:

  1. Асанова Н.К. (ред) Руководство по предотвращению насилия над детьми. М.: Владос 1997

  2. Алексеева Л.С. Психологическая помощ пострадавшим от семейного насилия: Научно-методическое пособие М.: ГомНИИ семьи и воспитание 2000

  3. Арьес Ф. Человек период лицом смерти. М.: 1992

4. Маликина-Пых И.Г. Психосоматика. Новейшой справочник. СПб.-М., Сова-Эксмо, 2003

Оқыту әдістері: миға шабуыл, есеп шығару, шығармашылық тапсырмалар.

Оқытылу тілі: қазақ тілі, орыс тілі.

Бағдарлама жетекшісі: Ускенбаева Ж.А., Бизақова Ф.Ә.

3 КУРС


5 семестр-14кредит

цикл

код

пән атауы

кр

цикл

код

пән атауы

кр

Міндетті компонент-5 кредит

Таңдау компонент-9 кредит













Базалық пәндер

JMP 325

DP 325


Жоғары мектеп психологиясы

Дифференциялды психология



2













BJPK 328

РІР 328


Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет

Педагогикалық іс-әрекет психологиясы



2













PGZAA

329

РТА 329


Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістері

Психологиядағы телімелі әдістер



3

Кәсіптендіру пәндері

РОА 3304

Педагогиканы оқыту әдістемесі

2

РОА 3305

Психологияны оқыту әдістемесі

2

Кәсіптендіру пәндері

РР 3308
AJP 3308

Психологиядан практикум

Әлеуметтік жұмыстар психологиясы



2

РР 3306

Практикалық психология

3
















PP 3219

ОА 3219


PO 3219

Педагогическая психология

Основы акмеологии

Психология обучения


2

6 семестр-19 кредит

Міндетті компонент-6 кредит

Таңдау компонент-13 кредит

Базалық пәндер

АР 3210

Әлеуметтік педагогика

2

Базалық пәндер

КРG 332

PJT 332


Қазақстандағы педагогика ғылымы

Педагогикадағы жаңа технологиялар



2

АР 3211

Әлеуметтік психология

2

РР 336

DN 336


Патопсихология

Дефектология негіздері



3

Кәсіптендіру пәндері

ВВВР 3307

Бейінді білім беру педагогикасы

2

РР 3210
ЕР 3210

Педагогикалық психология

Еңбек психологиясы



3













КZРТА33214
ТТ 3214

Қазіргі заман психоло-гиясының теориялық-әдіснамалық мәселелері

Тұлға теориясы



2
















KRKTK 3209
KRAKBB 3209
КК3209

Қазақстан Республикасында көптілді тұлғаны қалыптастыру

Қазақстан Республикасында және әлемде көптілді білім беру

Қазақстан құқығы


2













Кәсіптендіру пәндері

РР 3309
АJP 3309

Психологиядан практикум

Әлеуметтік жұмыстар психологиясы



1













ATO 4308

PAAI 4308

APFP 4308


Акмеологические технологии в образовании

Прикладные аспекты акмеологических исследований

Акмеологический подход в формировании профессионализма


2




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет