Педагогика факультеті Педагогика және психология кафедрасы. 050103- «педагогика және психология»



бет1/12
Дата25.08.2017
өлшемі1,49 Mb.
#27596
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Бекітемін»

Педагогикалық факультет деканы



Х.С.Муханбеткалиев

«__»__________ 201_ж.


Педагогика факультеті

Педагогика және психология кафедрасы.

050103- «педагогика және психология»

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

(пәннің атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс – III

Семестр – VІ

Кредит саны - 2

Дәріс – 15 сағат

Практикалық сабақ (лаб., сем. және т.б.) – 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 30 сағат

СӨЖ – 30 сағат

Емтихан – II -ші семестрде

Барлығы – 90 сағат



Орал, 2011 ж.



Пәннің оқу әдістемелік кешені «050103-Педагогика және психология» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасында құрастырылған.
Құрастырушы(лар): Исмагулова Ж.С.

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)


Келісілді: ОҮҰжОӘБ жетекшісі
«Педагогика және психология» кафедрасының отырысында қарастырылды

“____” ________________200__ ж. № ___хаттама.


Кафедра меңгерушісі ___________ Иргалиев А.С.

(қолы) (аты-жөні)


Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды

“___” ___________ 200_ ж. № __ хаттама.


Факультеттің оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы _______________ ____________________

(қолы) (аты-жөні)

2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).
1.1 Оқытушы туралы мәлімет

Оқытушының аты–жөні: Исмагулова Ж.С.

Офис: «Педагогика» кафедрасы.

Жұмыс мекен-жайы: Орал қаласы, Студенттер көшесі, 7. 212 аудитория.

Жұмыс телефоны: 50-34-52

1.2 Пән туралы мәлімет

Кәсіптік оқыту теориясы мен технологиясы

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 2 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің аптаға бөліну кестесі:


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(1 дәріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 2

(1 практика)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Кредит саны – 2

Өту орны: № 7 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинарлар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


1

2

2

15

15

30

30

90

емтихан


Кіріспе

Пән бойынша мағлұмат:

Кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру оның өнеркәсіп, мәдениет, мемлекеттік қызмет салаларының шынайы сұраныстарына сәйкес келуін талап етеді. Осыған байланысты еңбек нарығына қажетті арнайы мамандарды дайындау жүйесін жасау керек. Кәсіптік білім беру кәсіби білім, білік пен дағдыны, болашақ мамандардың дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.

Кәсіптік білім беруді жетілдіру концепцпясы оның құрылымын, білім беру жүйесін жетілдіруді, бастауыш, орта, жоғары және кәсіптік білім беруді интеграциялау мәселесін, университет кешендерін, оқу-ғылыми-өндірістік бірлестіктерді құру мәселесін қарастырады.

Осы концепция «Кәсіптік білім беру теориясы және технологиясы» курсының негізін құрайды.

Курстың мақсаты – кәсіптік білім берудің заңдылықтары, принциптері, мазмұны, формалары мен әдістері жайындағы біліммен студенттерді қаруландыру.

Курстың мазмұнына кәсіптік білім беруді теориялық-әдіснамалық талдау енгізілген.



Курс негізінде төмендегідей құзіреттіліктер қалыптасады:

  • Құндылықтық мағыналық құзіреттілік.

  • Оқу танымдық құзіреттілік.

  • Ақпараттық құзіреттілік.

  • Коммуникативтік құзіреттілік.

  • Тұлғалық өзін өзі жетілдіру құзіреттілігі.

Пререквизиттер: «Мамандыққа кіріспе», «Педагогиканың жалпы негіздері», «Тәрбие теориясы», «Дидактика» пәндері

Постреквизиттер: «Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі», «ЖББМ-те педагог-психолог қызметін ұйымдастыру», дипломдық жоба және т.б.

Оқыту әдістемесі: Курсты оқу оқытудың хабарламалық-дамытушы (дәріс, әңгіме, түсіндіру, педагогикалық әдебиеттермен өз бетіндік жұмыс, білім беру бағдарламалармен өз бетімен жұмыс), проблемалық-ізденіс (оқу материалын проблемалы баяндау, эвристикалық әңгіме, пікірталас, зерттеу жұмысы, кіші топтарда студенттердің ұжымдық ойлау іс-әрекеті), репродуктивті (оқу материалын мазмұндау, үлгіге байланысты тапсырмаларды орындау) және шығармашылық-репродуктивті (педагогикалық тақырыптарға шығарма, эссе жазу, кроссвордтар құрастыру, педагогикалық жағдайларды талдау, іскерлік ойындар, педагогикалық міндеттерді шешу) әдістерін пайдалана отырып, дәріс, семинар, мұғалімнің басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы барысында жүзеге асады.

Студенттің өз бетіндік жұмыстарының формалары: педагогикалық сөздік жүргізу, түпдеректерді конспектілеу, аннотациялау, педагогикалық әдебиеттерді рецензиялау.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет