14. Салыстырмалы психология – бұл жануарлармен адамның психикалық айырмашылықтарын зерттейді.
Төртінші дәріс.
Тақырып: Психика құбылыстарының механизмі мен табиғаты.
Мақсаты: Психикалық құбылыстар туралы түсінік беру, олардың топтастырылуымен таныстыру, психиканың қызметін баяндау.
Мазмұны:
1. Психикалық құбылыстар механизмі және табиғаты.
2. Психикамен сананың байланысы.
3. Психиканың негізгі қызметі.
1. Психика – қоршаған объективті шындықты бейнелейтін жоғары дәрежеде құрылған материяның қасиеті. Психикалық құбылыстардың күрделіағымын аңғару үшін алдымен топқа жіктеп алу керек. Мұны психикалық құбылыстар топтастырылуы деп атайды. Бұл топтастырылу бойынша психика бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді :
психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып, білуде көрінеді.
психикалық қалып (кейіп) – адамның түрлі көңіл-күйінің компоненттері.
психикалық қасиет – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын психологиялық ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер.
-
Психикалық
процестер
(түйсік, қабылдау, елес,т.б)
|
|
Психикалық
Қалып
(шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу,сергектік, белсенділік)
|
|
Психикалық
Қасиеттер
(мінез, темперамент, дүниетаным,сенім, талғам,қызығу)
|
Психикамен сананың байланысы.
Психика – бұл миға тән қасиет. Психиканың биологиялық негізі миға сыртқы дүние заттарымен құбылыстар әсер етпесе ми өзгерісінен психиканы туғыза бермейді. Тек әсер еткенде ғана қоршаған ортаға бейне сәулесі реттелуі п.б. Адам психикасының айырмашылығы адамдарда сананың болуы сөйлеу процесі. Жануарларда тек инстинкт әрекеті және санасыз дағдылау әрекеті ғана бар.
Сананың ерекшелігі:
Соның п.б. және дамуы биологиялық жағдайдағы ғана емес, әлеуметтік тарихи заңдылығы байланысты, яғни адамдардың санасы қоғамдық тұрмыстық ықпалдануы болады және сол тұрмыста сәулеленіп отырады.
Қоршаған әлемді бейнелендіру процесі адам өмірінің барысында өзгеріп отырады. Антогенетикалық тұрғыда өзгереді.
Бейнелендіру ерекшеліктері тек жасына емес жинақталған индивидуалдық тәжірибесіне де байланысты.
Өзіндік сана сезімдерінің болуы.
Сана тек іс-әрекет үстінде п.б. және дамиды (негізгі іс-әрекет ойын, оқу, еңбек).
Достарыңызбен бөлісу: |