Тоғызыншы дәріс. Тақырып: Қабылдау. Мақсаты: Қабылдау туралы түсінік беру, оның қасиеттерімен таныстыру.
Мазмұны: Қабылдау туралы түсінік.
Қабылдаудың түрлері.
Қабылдаудың қасиеттері.
Қабылдау туралы түсінік. Егер түйсік сыртқы дүние заттары құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Адам тек түйсік арқылы қоршаған әлемнен байланыс алып қана қоймайды, сонымен бірге қабылдау арқылы да білім алады. Түйсік және қабылдау-сезімдік танымның тұтастай топ процесі болып табылады. Олар бір-бірімен өзара байланысты, бірақ та өзіндік айырықша ерекшеліктері бар. Түйсік арқылы адам заттардың белгілі қасиет сапалары жайында білім алады (заттың түсі, температурасы, дәмі, дыбысы). Бірақ та шынайы өмірде біз көреміз, күн сәулесі немесе электр жарығы адамның дауысы немесе электр жарығы адамның дауысы немесе музыкалық аспап үнін тыңдаймыз. Қабылдау заттар мен құбылыстардың, қасиет қатарын меңгерген тұтастай бейнесін береді. Түйсіктен өзгешелігі адам қабылдау кезінде заттар мен құбылыстардың тұтастай таниды.
Қабылдаудың негізінде түйсік болады. Мысалы, біз кітапты қабылдасақ, оның түсін, пішінін, көлемін түйсінеміз. Түйсіксіз қабылдау болмайды. Қабылдау процесінде сөйлеу сөздік түрінде затты атап айту үлкен орын алады.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дәмі, формасы тағы басқа қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы, алманы алайық. Қабылдауға материалды бізге таныс анализаторлар береді. Мұнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі тағы басқа заттардың қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де миымызда тұтас бейне пайда болады. Қабылдау - ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізінен арқылы белгілі бір тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша нерв байланыстары жатады. Сөйтіп, қабылдауда бір мезгілде бірнеше анализатор қызмет істейді.
Қай анализатор басымдылық орын алуына байланысты көріп қабылдау кинестезиялық, иіс және дәм сезіп қабылдау. Қабылдау күрделі түрлері кеңістікті қабылдау, уақытты қабылдау. Қабылдау процесі қалай жүреді ? Қабылдаудың арнайы органдары жоқ. Қабылдауға материалды бізге белгілі анализаторлар береді. Қабылдаудың физиологиялық негізі болып анализаторлар жүйесінің комплексті іс-әрекеті табылады. Шындықтағы қандай да болмасын зат , құбылыс күрделі және комплексті тітіркендіргіш болып табылады. Қабылдау бас ми қабының аналитико-синтетикалық іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады : белгілі бір толық жүйе қалыптастыратын жеке қозу, бір-бірімен байланысты түйсіктер.