Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


Сегіз түсті Люшер әдістемесі



бет71/229
Дата06.02.2022
өлшемі3,74 Mb.
#36587
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   229
Сегіз түсті Люшер әдістемесі.
Люшер тестісінің екі түрлі нұсқауы бар. Толық зерттеуге алһрналған 73 түрлі-түсті кесте және 8 түсті қысқа тест түрі. Алғашқысы психо-диогностикалық зертеулерде тек бір зерттеу әдісі ретінде толықтай зерттеуге қолданылады. Бірақ та алынған ақпарат зерттеуге кеткен уақыт пен күш-жігер ге қарамастан аз болады. Ал 8 түсті тест қолданғанда ыңғайлы, әрі нәтижесі де сенімді.
Зерттеу келесі кезеңдер бойынша жүзеге асады: Зерттелушіге берілген түстерден дәл сол кезеңде өзіне ұнайтын түстерді таңдатады. Зерттелуші алдына түстерді алдына қойғанда ашық бір түсті фонды алған дұрыс. Бөлмеге жарық біркелкі түсуі керек. Түстердің арасы 2 сантиметр болуы керек Таңдалған түс қартардан алынады, не болмаса төмен қаратылып қойылады. Түстердің реттік саны солдан оңға қарай бағытталады. Олардың реттік саны төмендегідей:
1-Қою көк.2-Жасыл.3-Қызғылт.4-Сары.5-Күлгін.6-Қоңыр.7-Қара.0-Сұр.
Алғашқы екі таңдалған түс “ Күшті қалаған” түс болып саналылады да “+” белгісімен белгіленеді.Бірінші таңдалған түс негізгі әрекеттену әдісі, ал екіншісі зерттелушінің мақсатын көрсетеді. Жай қалаған түстер ( 3,4) “Х” белгісімен белгіленіп, ақиқаттардаға заттардың орналасуын және осы жағдайдағы әрекет белгісін білдіреді. Бижай түстер (5,6) “=” белгісімен белгіленіп, қолданылмаған күшпен жеке тұлғаның әрекетсіз қасиеттерін көрсетеді. Жағымсыз түстер (7,8) “-“ белгісімен белгіленіп жауапсыз қалған қажеттіліктерді көрсетеді.
Түстер негізгі ( қою көк, жасыл, қызғылт, сары) және қосымша ( қара, сұр, аралас, күлгін, қоңыр) түстер болып жіктеледі. Негізгі түстер ең басты психологиялық қажеттіліктерді көрсетеді. Зерттеуді екі қайтара жүргізуге болады.
Түстерге сипаттама:
Сұр-(0) Айырушы, алшақтатушы міндеттерден босатушы, сыртқы себеп пен әсерлерді жасырушы. Оның алғашқа позицияда орналасуы компенсациялаушы болып саналады. Ал соңғы орында болса зерттелуші жауапкершілікті сезінетінін білдіреді. Сұр түс екінші және үшінші орында болса зерттелуші мінез-құлқында конфликтіні білдіреді.
Көк-(1) Сабырлылық, сезімталдық, жарақаттанғыштық, сензитивтілік, сенімділік, өзін құрбан ету, адалдық анық байқалады. Оның соңғы орында орналасуы эмоциялық қатынастың қанағаттандырылмауын білдіреді.
Жасыл-(2) Эластикалық қысымды табандылықты, мақсатқа бағыттаумен, өзгеріске деген қарсылықты, көзқарасының тұрақтылығын білдіреді. Жасыл түсті таңдау нақтылықты, сыни талдау мен логикалық ойлауды өзіне зейіе аударту қажеттілігін, өз позициясын сақтауға ұмтылыс білдіреді.
Қызыл-(3) Өмірлік күш, жетістікке деген ұмтылыс, өмірдің бар жақсысын иемденуге деген талпыныс. Егер қызыл түсті бірінші таңдаса тұрмыстың толықтылығын, лидерлік белгіні, шығармашылық бастаманы, белсенді әрекетті білдіреді.
Сары-(4) Ұстамсыздық, көп үміт күту, сары түсті үлкен бақыт, болашаққа деген ұмтылысы бар адамдар таңдайды.
Күлгін-(5) Жақындық сезімі, сиқырлау, арбау, өзгелерді таң қалдыруға деген ұмтылыс, жетістікке деген қабілеттілік, шындыққа сай емес тілек және жауапкершілікті сезінбеу. Бұл түсті көбіне жеткіншектер мен аяғы ауыр әйелдер таңдайды. Гомосексуалды тұлғалар да осы түсті таңдайды.
Қоңыр–(6).Сезімталдылықты білдіреді. Физиологиялық дискомфортпен ауырған кезде осы түсті таңдайды, өз жанұясынан айырылғанда қоңыр түс солға қарай жылжиды.
Қара -(7) Көңілі қалу, қарсылықты білдіреді, өмірден түңілуді білдіреді.
Негізгі қорытынды:
Әлеуметтік ортаға бейімделу қиындылығынан пайда болған интроверттер реакция. Қиял, арман әлеміне ену. Эмоционалды жетілмегендік, өмірлік құбылыстарды субъективті бағалау, эстетикалық бағытталу, өзіндік құштарлық. Көңіл-күй тұрақсыздығы, реакцияға қарсылық, әрекет,эмоционалды құштарлық, өзгеріс, қарым-қатынас қажеттіліктері кедергілерге кездесіп, шаршау, қарым-қатынастағы қиындыққа тап болады.Эмоционалды тұрақсыздық, әлеуметтік ролдерге оңай ену, демонстративтілік, өзгелерге ұнау қажеттілігі- осы мінездердің барлығы орта әсерлеріне тәуелділігінен туындайды.Жауапкершіліктен қашу.Әрекетті таңдағанда өзі қанағат алатын әрекет процесін таңдайды.Кез-келген формалды шектеулерді қиын қабылдайды.Қайғысыздық, сезім тұрақсыздығы, ойындарға, уақыт өткізуге қызығу.Бұның барлығы қиындыққа, қоршаған адамдардың қолдауынсыз жағдайды бағалай алмау, аздап мазасыздану, мәселені ұмыту, эмоционалды қысым себебін түсінбеу,эмоциялық комфорттық пен сыртқы әсерлерден қорғаныспен байланысты.Достастық, ұстанымдардың комфорттылығы.Түсіністік қажеттілігі, махаббат пен қолдау басты болып есептелінеді, сондықтан ол осы сезімдерге келгенде тез жараланады.Осыдан қарым-қатынастағы таңдаушылық, ақыл-ойдың аналитикалық қоры, мәселені шешу, уақытша демалуға, оңашалануға, белсенділіктің тез пассивтілікке ауысуы пайда болады.Бұдан ішкі конфликт көрініс табады.Әлеуметтік жағдай бұл қасиеттерді оңай бақылай алады.Көңіл-күйдің тез өзгеруі, орта әсерлері мен жетістік не жеңілуге тәуелді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет