Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет163/229
Дата06.02.2022
өлшемі3,74 Mb.
#36587
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   229
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.« Сөзді алып таста» әдістемесі арқылы ойлаудың бұзылуын анықтау әдістемесі қалай жүргізіледі?
2. Көңіл күйдің түсіңкілігін, астеникалық, жүйкелік –психикалық жағдайды бағалау қалай жүзеге асады?
3.Өзіне деген қатынасын анықтау қалай жүреді?

28 Дәріс.


Тақырып: Әлеуметтік –психологиялық экспертиза.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Топтың әлеуметтік –психологиялық ахуалын анықтау.
2. Іскерлік ойындарды проектілеу.
3. Заңдық – психологиялық экспертиза.
Мақсаты: Топтың әлеуметтік –психологиялық ахуалын анықтау, іскерлік ойындарды проектілеу, заңдық – психологиялық экспертиза жөнінде ақпарат беру.
Дәрістің мазмұны
1.Топтың психологиялық әлеуметтік ахуалын анықтау.
Әлеуметтік-психологиялық ахуал – топтың жеке обьектілерінен көрініс табатын қасиеттерімен байланысты, топтың тұтас психологиялық сипаты. Белгілі обьектілердің қатарына «Тігінен» және «Көлденең» өзара қарым-қатынас, әрекеттің мазмұны, әрекеттің кейбір элементтері жатады. Бұл обьектілердің топ мүшелерінен көрініс табуы, психологиялық ахуалдың эмпирикалық көрсеткіштерін ретінде жүреді.
Психологиялық ахуалды опитмизациялау топ әрекетінің тиімділігін көтеруде маңызды болып табылады. Оптимизация бойынша шараларды өңдеу үшін оның дамуы мен қасиеттерінің деңгейін диагностикалау қажет. Сонымен қатар, психологиялық ахуалды дамыту мен түзеу үшін қажетті факторларды табу керек. Жалпы алғанда психологиялық ахуалды қалыптастыру үшін келесідей негізгі факторларды бөліп көрсеткен жөн:

  1. осы топтың негізгі бөлігі болып табылатын өндірістік қатынасты сипаттау;

  2. еңбек әрекетінің мазмұны, ұйымдастырылуы мен жағдайы;

  3. басқару мүшелерінің жұмыстарын бағалау ерекшеліктері;

  4. жетекшілік ету мінез-құлқы;

  5. топтың ресми және ресми емес құрылымының сәйкес келу деңгейі;

  6. топ мүшелерінің әлеуметтік-демографиялық және психологиялық ерекшеліктері;

  7. топтың саны және т.б.

Сабақтың мақсаты. топтың әлеуемттік-психологиялдық ахуалын диагностикалап, үйрету. Бұл әдістеме топтың психологиялық ахуалының даму деңгейін анықтауға, психологиялық ахуалға жалпы баға мен оның дамуына қатысты факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Құрал-жабдықтар: Топтың әлеуемттік-психологиялық ахуалын зерттеу үшін қажетті сауалнама.
Сауалнама еңбек ұжымындағы психологиялық ахуалды зерттеу үшін өңделген. Бірқатар сұрақтарды өзгерткеннен кейін, оны оқу, спорт және басқа да топтарда қолдануға болады.
Жұмыс тәртібі: Сауалнама әлеуемттік-психологиялдық ахуалын диагностикалауға қажетті топ қатысушылары толтыру үшін ұсынылады. Әрбір топ мүшелері сауалнаманы жеке толтырады.
Алынған қорытындыны өңдеу және сараптамалау келесідей жүргізіледі.
17-23 сұрақтарға жауап беру ретінде зерттелуші топқа қысқа әлеуемттік-демографиялық сипаттама береді. Мұнда: топтың саны, жынысы, жас құрамы және топ мүшелерінің саны (пайызбен), бітірілмеген орташа, орташа арнайы, бітірілмеген жоғары және жоғары білімі көрсетіледі. Сонымен қатар, топ мүшелерінің профессионалды құрамы, жұмыс тәжірибелеріне байланысты орналасуы, олардың орташа айлық еңбекуақылары мен жанұялық жағдайы анықталады.
6-13 сұрақтары ұжымның өзара жеке тұлғалық қарым-қатынасы мен ұжымдағы эмоционалды, когнитивті және мінез-құлық компоненттеріне бағытталған. Әрбір компонент 3 сұрақпен тестіленеді: эмоционалды:6-8,12, когнитивті: 9А, 9Б, 11; мінез-құлық: 7,10,13. Бұл сұрақтардың әрбір жауабы 1,0 немесе -1 тәрізді бағаланады. Топтан алынған ақпарат хаттамада бекітіледі.
Жеке компоненнттерді біртұтас сипаттау үшін әрбір қатысушының жауабы келесідей қорытындыланады: жағымды баға мынадай сәйкестілік кезінде алынады: 1+1,1+0,++-; жағымсыз баға - - - , - - +, --0; 000, 00-, 00+ болса, қарама-қайшы баға. әрі қарай әрбір компонент үшін топтың орташа бағасы саналады. Мыс; эмоционалды компонент үшін мұнда Σ+, «эмоционалды компонент» қатарындағы жағымды жауап саны; Σ- - осы қатардағы жағымсыз жауап саны, п – сауалнамаға барлық қатысушылар саны.
Алынған орташа бағалар -1ден +1-ге дейінгі интервалда орналасады. Бұл континиум 3 бөлікке бөлінеді:
1-ден -0,33-ке дейін – жағымсыз бағалар, -0,33-тен +0,33-ке дейін қарама-қайшылық баға, +0,33-тен +1-ге дейін жағымды баға. 3 компонент бағаларының сәйкес келуі – эмоционалды, когнитивті және мінез-құлықтық – психологиялық ахуалды жағымды, жағымсыз, қарама-қайшылық деп сипаттауға мүмкіндік береді.
1,14,15 және 16 сұрақтар бойынша алынған ақпараттарды өңдеуде, топтық бағаның индексі саналады. Бұл жерде, әрбір сұрақтардың жауабы 3 нұсқаудың біреуімен бағаланады: +1, 0 немесе -1. Топтық бағаның индексі баға санына байланысты есепеледі. Нәтижесінде топтың баға индексін келесідей аламыз: тұтастай алғандағы жұмыс, құралдар жағдайы, жұмыспен қамтамасыз ету теңдігі, еңбек ақының көлемі, санитарлық-гигиеналық жағдай, басқарушымен қарым-қатынасы, квалификацияны көтеру мүмкіндігі және әртүрлі жұмыстар, жұмыстың ұйымдастырылу деңгейі, ұжымдағы іске басшының әсер ету деңгейі.
Бұл бағаларды сараптау топтағы психологиялық ахуалды сапалы түрде сипаттауға және түзетуді талап ететін жерлерді анықтауға мүмкіндік туғызады.
1,2 және 5 сұрақтарына жауаптарды сараптау, топтың жағымды, жағымсыз, қарама-қайшылық жағын анықтауға көмек болады. 4 сұраққа жауап топтың ресми және ресми емес құрылымын сараптауға , яғни басшылық жәе көшбасшылықты анықтауға жағдай жасайды. 3 сұраққа жауап басшының іскерлік және жеке тұлғалық сапаларына қысқаша сипаттама беруге мүмкіндік жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет