Педагог іс-әрекетінің мақсаты
Жеке тұлға мақсаты
|
Перспективалық мақсат
|
Микротоп мақсаты
|
Жұмыстағы таяу кезең мақсаты
|
Алғашқы ұжым мақсаты
|
Жүргізілген істің мақсаты
|
Мектеп қоғамының мақсаты
|
Өткен істің мақсаты
|
Тәрбие мақсатын тәрбиелік талаптардың жүйесі ретінде қарастыруға болады. Тәрбиеленудің жалпы мақсаты О.С.Газман бойынша – бұл еңбекқор азаматты тәрбиелеу, тұрмыстағы адамды тәрбиелеу, қоғамдағы адамды тәрбиелеу жүйесі арқылы іске асырылады. Мақсатқа бәрі бағынады: тәрбиенің мазмұны, ұйымдастырылуы, формалар және әдістері. Тәрбиенің мақсатын таңдағанда, қойғанда және тұжырымдағанда табиғаттың, қоғамның, адам дамуының объективті заңдылықтарына сүйену керек.
Тәрбиенің мақсаты қоғамының дамуының сұранысымен анықталады және өзіндік тәсіліне, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрестің қарқынына, педагогикалық теория мен практиканың дамуының жеткен деңгейіне, қоғамның, оқу орындарының, мұғалім мен оқушылардың мүмкіндіктеріне тәуелді.
Тәрбиенің мақсаты тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту болып табылады. Жан-жақты дамыған тұлға ақыл-ойдың дамуы, жоғары дәрежедегі жалпы политехникалық білім, дене және ақыл-ой еңбегіне, денелік дамуының бірлігімен әр түрлі материалдық және рухани сұранысымен сипатталады.
Мақсат тәрбиенің жалпы ұмтылысын көрсетеді. Оны практикалық жүзеге асырғанда ол нақты міндеттердің жүйесі ретінде болады.
3.Тәрбие жұмысының үлгісі
1. Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықта мекен-жайы туралы қосымша сипаттама беріледі.
2. Өткен оқу жылына сай атқарылға тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
3. Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.
4. Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-налармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.
1. Сынып ұжымын ұйымдастыру: (формасы – сынып сағаты), тақырыптық әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас, сұрақ-жауап кеші, олимпиада, КТК, еңбекке қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер т.б. бұқаралық шаралар жатады.
2. Бұл бағытта сыныпқа қатысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді. (Ұйымдастыру формасы – сынып жиналысы). Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдстыру жұмыстары көрсетіледі. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына қатысты сынып жиналысының тақырыбын, олардың күн тәртібін белгілейді, сонымен қатар, сынып жетекшісі әртүрлі үйірмелер мен клубтар жұмыстарының тақырыбын жоспарға кіргізе отыра көмек көрсету, ақыл-кеңес беру т.с.с. оларға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.
3. Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу-тәрбие жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленіп, өзара жауапкершіліктері анықталады т.с.с. өзара әрекеттері көрсетіледі. Мектеп жоспары бойынша сыныпқа қатысты шаралар енгізіледі.
4. Отбасы және жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату, ата-аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата-аналар комитетінің жоспарынан: ата-аналар жиналыстарының тақырыбын, мерзімін, олардың отырыстарын т.с.с шараларды өзінің жоспарында көрсете отырып, олардың өзара байланысын қамтамсыз ету секілді жұмыстар белгіленеді.
5. Жеке оқушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.
Тәрбие жұмысына қойылатын негізгі талаптар
1. Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі. Соныдқтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
2. Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.
3. Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.
4. Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншілігін ескеру.
5. Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын болсын.
6. Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, сапасымен анықталатын болсын.
7. Тәрбиелік шараларды атқаруды қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әртарапта және әр жақты болуын ескеру керек.
8. Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.
9. Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.
10. Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Сынып жетекшісі дегеніміз кім?
Сынып жетекшісінің міндеттері қандай?
Сынып жетекшісінің жұ мысының мазмұны қандай?
Сынып жетекшінің педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық қызметінің мәні?
Сынып жетекшінің ұйымдастырушылық қызметі қызметінің мәні?
Сынып жетекшінің оқушылардың жалпы әрекетін басқару қызметінің мәні?
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мазмұны қандай?
Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын ұйымдастырдың бағыттары қандай?
Тәрбие мақсатын анықтаудағы ескерілетін шарттарын ата?
Сынып жетекшінің оқушыға тікелей ықпал жасау жолдары қандай?
Сынып жетекшінің қызметінің вариативтілігі.
Сынып жетекшінің мақсат қоюшылық қызметінің кезеңдерін сипатта.
Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық қызметінің мәні қандай?
Әдебиеттер тізімі: [ № 1-9 ]
3 апта
№3 кредит сағат
№3 дәріс
Тақырыбы: Сынып жетекшісінің оқушыларды зерттеу жұмыстары және тәрбие жоспары туралы түсінік.
Мақсаты: Студенттерді оқушыларды танып білу жолдарымен таныстыру және сынып жетекшісінің тәрбие жоспарының құрылымымен, мазмұнымен таныстыру, түрлерін, талаптарын талдау.
Тірек ұғымдар: психологиялық-педагогикалық диагностика, зерттеу, тәрбие жоспары, талаптар, түрлері, құрылымы.
Жоспары:
1. Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары.
2. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары.
1.Психологиялық-педагогикалық диагностика - бұл оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін және оқу-тәрбие үрдісін оңтайландыру мақсатымен балалар ұжымына әлеуметтік-психологиялық сипаттама беруді үйренуге бағытталған бағалау тәжірибесі. Диагностика – оқу-тәрбие үрдісінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу тәсілі. Тәрбие жұмысы педагогикалық диагностикадан басталады. «Адамды жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты білу қажет» деген К.Д.Ушинский. Әрбір мұғалім тәрбиешіге оқушының жеке ерекшеліктерін білу үшін диагностикалық әдістерді таңдай білу қажет. Сондай-ақ, әрбір тәрбиеші қажетті диагностикалық (айқындау) әдістерді ұжымның ерекшеліктеріне сәйкес таңдап алу керек. Қазіргі заманғы педагог ол тура мағынадағы психолог.
Мектептегі диагностиканың міндеттері
- Оқушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (мектепте білім алуға әзірлігі, психикасының жұмысы, ілгерілеушілік);
- Оқыту үрдісінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білу, ой жұмысының негізгі тәсілдерінің барлығы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);
- Тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін, адамгершілік сенімін, адамгершілігін).
Оқу-тәрбие үрдісін тексеруден гөрі диагностика туралы көп айтылуда. Дәстүрлі тексеру әдістері неге қайта қаралуда? Бұл оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіруге байланысты. Егер өктемдік ететін тәрбиеде талдау, тексеру және бағалаудың объектісі оқушының еңбегі болса, енді жаңа жағдайда мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегі, оның нәтижелері талданады. Тексерудің бұрынғы әдістерімен жұмыс істеуге болмайды.
Диагностика нәтиже мен үрдісті бірге зерттейді. Оқушының еңбегі мұғалімнің еңбегімен бірге талданады, оқушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділігі зерттеледі. Мұғалімнің жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріледі. Тексеру оқушының «оқығым келмейді» деген пікірімен санаспайды. Ал диагностика онымен санасады, оқушының оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін табады. Мысалы, тексеру арқылы 3 сыныптың оқушысы барлық тапсырманы дұрыс орындағаны анықталады. Мұғалім оған «өте жақсы» деген баға қойды және мадақтады. Үрдісте нәтиже де жақсы сияқты, тек қана диагностика оқушының бес алғаны есте сақтау қабілетінің жақсылығынан екендігін, бірақ оның ақыл-ой жұмысына қабілеті нашарлығын анықтайды. Мұғалім кемшілікті жою мақсатымен оқушыға түрлі тапсырмалар береді. Дәстүрлі тексеруде нәтижелерді бағалағанмен, олардың себептерін түсіндірмейді. Диагностика арқылы оқушылардың білімі, іскерліктері тексеріледі, бағаланады, сандық мәліметтер талданады, бағыттар айқындалып одан арғы жұмыстар болжанады.
Диагностика үшін көптеген әдістер және әдістемелер қолданылады. Мысалы: дәстүрлі тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, оқушылардың оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді, ақыл-ойды т.б. зерттеу, жеке оқушылармен жұмысты жобалау әдісі қолданылады. Қазіргі мектепте қолданылатын диагностика – педагогикалық қатынастар жүйесіндегі оқушыны жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелердің жиынтығы.
Дәстүрлі тексеру әдістері диагностика арқылы ізгілікке қызмет етіп, мектепте жақсы қарым-қатынас орнатады. Диагностика оқушыларды «орташа», «үздік» деп бөлмей, олардың мүмкіндіктерін анықтайды. Диагностикалық қорытындылар дәл, толық болуы керек. Барлық оқушы туралы ақпараттар жиналып, оның қабілетін, дарындылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалады.
Оқушылардың білімдерін тексеру, бағалаумен байланысты әлі шешілмеген мәселелер көп. Гуманистік педагогиканың білімді бағалауы өктем педагогикадан бөлек. Ең бірінші орында оқу-тәрбие үрдісінің барысы және нәтижелері туралы ақпараттар алудың тәсілі диагностика тұрады. Ол мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижелерін көтеру үшін оның жолдарын талдайды.
Оқушының жеке басы мен сынып ұжымының дамуы туралы психологиялық-педагогикалық білім алу үшін көптеген әр түрлі тәсілдерді қолдану керек. Ең алдымен сынып жетекшісі, сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен әңгімелесулері қажет. Содан кейін алған мәліметтерді талқылап, қорытындылайды. Негізгі мәліметтерді сынып жетекшісі сол сыныптағы оқу-тәрбие, сыныптан тыс жұмыстар барысында алады. Ол үшін сауалнама жазбаларын, әңгімелесу және социометриялық әдістерді, экспериментті қолдануға болады.
Оқушының жеке басын танып білуде оның оқу әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі оқушының оқу әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық процестерін (жаңа материалды меңгеруі, қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т.б.) сынып жетекшісі сабақтар жүйесіне қатысу арқылы анықтайды, ол өз алдына оқытудың сапасын арттыруға сай шараларды белгілеуге мүмкіндік туғызады.
Оқушыларға нәтижелі тәрбие беру ісі тек оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырумен шектелмейді, оқушылардың өздерін қоғамдық пайдалы істерге белсенді араласуын да көздейді.
Зерттеуді жүйелі ұйымдастыру барысында пән мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесудің де берері мол. Ата-аналармен әңгімелесу – оқушылардың үйдегі өмірі мен еңбек жағдайын, отбасы туыстарымен қарым-қатынасын, бос уақыттарын қалай өткізетіндігін, үй тапсармаларын орындаудағы беленділігі мен жауапкершілігін анықтап білуге ықпал етеді.
Қосымша I
Оқушыларды зерттеу картасы
Оқушының аты-жөні:............................................................
Мекен жайы:::........................................................................
Ата-анасының мамандығы...................................................
Жанұяның құрамы, материалдық дәрежесі .......................
.....................................................................................................................
Жанұядағы қарым-қатынас .................................................
.....................................................................................................................
Жанұядағы бала тәрбиесінің сипаты .................................
.....................................................................................................................
Баланы бос уақыты...............................................................
Үй жұмысына қатысуы.........................................................
Баланың денсаулық жағдайы ...............................................
......................................................................................................................
Қосымша II
Оқушының жалпы даму дәрежесі
Аты-жөні .................................................................................
Жалпы дамуы .........................................................................
Оқу еңбегінің көзқарасы .......................................................
.......................................................................................................................
Оқушының үлгерімі ...............................................................
Дене еңбегінің көзқарасы ......................................................
.......................................................................................................................
Оқушының қызығушылығы мен бейімділігі .......................
.......................................................................................................................
2. Жоспарлау педагог-тәрбиешінің іс-әрекетінде негізгі орынға ие. Тәрбие жұмыстарының моделін жасауда мына міндеттер белгіленуі керек.
1) жастардың философиялық-дүниетанымдық даярлығын жүзеге асыру, жаңа әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында өмірдің мәнін белгілеуде көмек беру, өз өміріне деген құндылықты көзқарасты, өзіндік санасын қалыптастыру
2) жалпыадамзаттық мәдениеттегі белгілейтін мәдени құндылықтар жүйесіне оқушыларды енгізу, жоғары мәдение және рухани құндылықтарға қажеттіліктерін қалыптастыру;
3) әрбір баланың табиғи нышандары мен шығармашылық әлеуетін анықтау және дамыту, олардың түрлі саладағы бейімділіктері мен қабілеттерін дамыту;
4) ізгіліктік жалпыадамзаттық мораль норомаларын, қарым-қатынас мәдениетін, зиялылықты қалыптастыру;
5) жеке абыройын, ішкі дербестік сезімін дамыту;
6) ұжымдық өмір нормаларына, заңға деген құрметпен қарауды тәрбиелеу, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін дамыту;
7) еңбекке жағымды қарым-қатынасын тәрбиелеу;
8) салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін дамыту, жанұя құру қабілетін және бақытты өмір сүру талабын дамыту.
Сынып жетекші жоспарлауда мына ұстанымдарға сүйенуі керек: мақсатқа бағытталу; оқушылардың жас ерекшеліктерін, ұжымдағы басты қызығушылықтарды есепке алу; жоспарланған істердің сабақтастығы, жұйелілігі, бірізділігі, шынайылылық, формалар мен әдіс-тәсілдердің әр алуандығы; жоспардың шығармашылық сипаты. Сынып жетекші өз жұмыстарын балаларға, ата-аналарға таныстыра отырып, олармен ақылдасып, тәрбие жұмыс жоспарын жасайды.
Тәрбие жұмысының нәтижелілігі жоспарлауға тәуелді. Жоспардың міндеті – педагогикалық шынайылықты реттеу, педагогикалық үрдістің жоспарлылығын, жүйелілігін және сабақтастығын қамтамасыз ету. Жоспар – бұл іс-әрекеттің мазмұндық бағыттарын белгілейтін, іс-әрекеттің ретін, көлемін, уақытын анықтайтын құжат. Ол мынадай қызметтерді атқарады:
бағыттаушы, анықтаушы, яғни іс-әрекеттің нақты бағыты мен түрлері;
болжамдық, яғни негізгі ойды жанам түрде белгілеп, нәтижені нақты әрекеттер арқылы көрсетеді;
нақтылаушы, ұйымдастырушылық, яғни, бір жағынан, іс-әрекеттің қалай, қандай құралдардың көмегімен ұйымдастырылатынын, оның объект-субъектілерін анықтаса, екінші жағынан, іс-әрекеттің бірізділігін, ретін, оеың басқа әрекеттермен байланысын, іс-әрекет субъектілерінің өзара әрекеттесуін белгілейді;
бақылау, бірінщіден, педагог өзінің әрекетін, мақсатының жүзеге асырылу деңгейін бақыласа, екіншіден, жоспардың жасалу деңгейі мен сапасы педагогтың кәсібилік деңгейінің көрсеткіші ретінде де танылады;
репродуктивті, яғни кез келген уақыт аралығында жоспар бойынша жасалынған жұмыстың мазмұны мен көлемін анықтауға болады.
Жоспарлар мазмұнына, құрылымына, формасына қарай түрліше болып келеді. Ең бастысы – олар тәрбие жұмысын ұйымдастыруда көмек бере отырып, қолдануға ыңғайлы, тек формальды емес, жұмыс жасауға лайықты құжат болғаны жөн.
Практикада жоспарлардың бірнеше түрлері қолданылады. Олар:
Мазмұнына қарай:
кешенді (жалпы) жоспар: іс-әрекеттің барлық бағыттары мен түрлері жоспарланады. Мысалы, тәрбие жұмысының жоспары, педагогтың балалар ұжымымен жұмыс жоспары;
тақырыптық жоспар: іс-әрекеттің тек бір бағыты немесе трі жоспарланады. Мысалы, ата-аналармен жұмыс жоспары, кәсіптік бағдар беру жоспары және т.б.;
пәндік (нақты) жоспар: тек бір шара жоспарланады. Конференция жоспары, тәрбие сағатын даярлау және өткізу жоспары және т.б.
Жоспарланған уақыттың ұзақтығына қарай.
ұзақмерзімді (перспективті): ұзақ уақытқа созылған жоспар (бір жылдан жоғары);
кезеңді: бұл орта перспективалы жоспар, бұнда алыс перспективаның белгілі бір кезеңі жоспарланады (жартыжылдық, тоқсан);
қысқамерзімді: жақын перспектива жоспары, бұнда қысқа уақыттағы шара жоспарланады. Мысалы, айға, аптаға, онкүндікке жұмысты жоспарлау;
шұғыл: нақты жақын арадағы іс-әрекеттер жоспарланады.
Жоспарлаудың субъектісіне байланысты:
жеке жоспар;
ұжымдық жоспар.
Жоспарлау аумағына қарай:
жалпымектептік жоспарлау;
алғашқы ұжымдар жоспары.
Сынып жетекші жоспарының құрылымы мен формасы әртүрлі болып келеді, ең бастысы олар ыңғайлы болғаны жөн. Жоспардың мынадай құрылымы ұсынылады:
Өткен оқу жылында сыныпта жүргізілген тәрбие жұмысын талдау.
Жаңа оқу жылына қойылған тәрбие жұмысының міндеттері.
Оқушылар ұжымымен жұмыс.
Педагогикалық ұжыммен әрекеттесу.
Жанұямен, қоғаммен жүргізілетін жұмыс.
Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру бірнеше кезеңнен тұрады:
Жоспарлау пәнін анықтау. Ең алдымен,. Нені (іс-әрекетті, белгілі бір бағытты, нақты шараны) жоспарлау қажеттігі анықталады.
Жоспарлау уақыты (жыл, тоқсан, ай және т.б.) нақтыланады.
Жоспарлау пәнін құру. Жоспарланатын нәрсені құрамдас бөліктерге (іс-әрекет бағыты және түрлері, мазмұндық және тақырыптық блоктар) ажыратып алып, нақтыланады.
Нәтижелерін және сол кездегі жұмыстың күйін талдау.
Талдау нәтижелерін қорытындылау.
Мақсат қою.
Ұжымдық жоспар.
Белгіленген мақсатқа қол жеткізу құралдары таңдалады.
Жоспарды рәсімдеу.
Жоспарлаудың бұл алгоритмі іс-әрекеттің барлық түріне лайықты.
Тәрбие жоспарын қалай құруға болады?
І. Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен тәрбие міндеттерін анықтайтын мемлекеттік құжаттармен танысу. Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік журналдарымен танысу, тәрьиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті мәселесіне қатысты психология және педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқу.
ІІ. Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отыра мақсат пен міндеттерін анықтау. Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық міндеттері белгіленеді. Мысалы, Мақсат «Мәдениет құндылықтарын меңгеру арқылы жоғары сынып оқушыларының рухани дамуын ынталандыру». Оның міндеттеріне:
Оқушылардың сабақтан тыс зияттық-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру.
Салауатты өмір салтына ынталандыру.
Оқушыларды мәдениет құндылықтарымен тығыз қарым-қатынас жасауға ынталандыру.
Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос уақыттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге сай әртүрлі әрекеттерін ұйымдастыру.
ІІІ. Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің және пән үйірмелерінің болашақ тәрбие жұмысымен танысу, алдыңғы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибелерімен танысу, пән мұғалімдері және ата-аналармен пікір алмасу.
ІУ. Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп тану.
У. Алдыңғы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мейрамдарды анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.
УІ. Болашақта балалармен баратын тәрбие ошақтарын айқындау.
УІІ. Жоспарлау. Оқушыларды немесе белсенділерді жоспарлауға, оны талқылауға тарту. Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау және бекіту.
Мектептің және сыныптың ерекшелігі, бағдарына байланысты тағы басқа қосымша әрекеттің болуы мүмкін. Дегенмен, жоғарыда келтірілген әрекеттер барысында жоспарлау процесі тоқсанға немесе жарты жылға, бір жылға жасалады.
Тәрбие жұмыс жоспарының құрылымы.
1. Сынып ұжымына мінездеме:
Сыныптың құрамы және оның жалпы сипаттамасы (оқушылардың жалпы саны, ер балалар мен қыз балалар саны; денсаулық жағдайлары, тәрбиелік деңгейі, еңбекқорлығы және оқу үлгерімі, сыныптағы ортақ істерге қызығушылығы; оқушылардың факультатив, үйірме, секция және т.б. қатысуы; ата-аналардың білімділік деңгейі, сыныпта көпбалалы жанұядан, толық емес жанұялардан немесе ерекше көңіл бөлуді қажет ететін балалардың саны :)
Сыныптың ұжымшылдығы (ұжым дамудың қай кезеңінде, сыныпта белсенділердің болуы/болмауы, белсенді топтар бар ма, оқушылар түрлі іс-шараларды орындауда ұйымдасады ма, ұжымдағы оқушылардың қарым-қатынасы, сыныпта топтар бар ма); құндылықтарға бағытталуы;
Сынып ұжымының жалпымектептік ұжыммен, ортамен байланысы (ұжым өз іс-шараларын ұйымдастыруда сынып аясынан шығады ма, бастауыш мектеп оқушыларына, жалпы мектепке арналған жұмыстарды ұйымдастырады ма).
2. Тәрбиелік міндеттер.
3. Сынып ұжымының іс-әрекеті.
4. Оқушылардың ата-аналарымен жұмыс
5. Оқушылармен жеке жұмыс
Тәрбие жұмысын жоспарлау үшін педагог мақсатты бағдарламалармен танысқаны жөн. Мысалы, «Денсаулық», «Қарым-қатынас», «Өмір сүру дағдысы», «Оқу», «Бос уақыты» (Қосымша 1). Сонымен қатар, оқушылардың іс-әрекетін түрлі формаларда ұйымдастыруға болады: танымдық, шығармашылық, еңбек, құндылықты-бағдарлы, көркемөнер, спорт-сауықтыру, қарым-қатынас және т.б. (Қосымша 2).
Тәрбие жұмысының жоспарын құруда түрлі тәсілдер бар. Олар іс-әрекеттің түрлері бойынша жоспарлау (Н.Е.Щуркова), негізгі істер бойынша жоспарлау (В.А.Капаковский); күнтізбелік жоспар, жоспар-тор және т.б. (Қосымша 3)
Тәрбие жұмыс жоспарының формасын педагог өзгерте алады.
Негізгі бөлімдер
|
|
|
|
|
|
1. Сынып ұжымын ұйымдастыру
|
Тәрбиелік шаралардың мазмұны
|
Формасы мен тәсілі
|
Мерзімі, уақыты
|
Жауап
ты адамдар
|
Өтіл
гені туралы белгі
|
2.Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері
|
|
|
|
|
|
3.Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс
|
|
|
|
|
|
4.Отбасы және жұртшылықпен жұмыс
|
|
|
|
|
|
5.Жеке оқушымен жұмыс
|
|
|
|
|
|
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Оқу-тәрбие процесіндегі диагностиканың мәні?
2. Педагогикалық диагностика мазмұны мен қызметі қандай?
3. Педагогикалық диагностика әдістері қандай?
4. Оқушыларды зерттеу жұмысын ұйымдастырудың талаптарын ата?
5.Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлаудың мәні?
6.Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары қандай?
Әдебиеттер тізімі: [ № 1, 10-18 ]
Достарыңызбен бөлісу: |