Педагогика факультетінің деканы



бет14/18
Дата18.05.2017
өлшемі3,06 Mb.
#16336
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

4.Бағдарламаланған /программалық/ оқыту - әрекеттердің /операциялардың/ бірізділікті жүйесі, оларды орындау алдын ала жоспарланған нәтижеге әкеледі. Бағдарламалап оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жақсарту. ПО ерекшеліктері: оқу материалы бөлек-бөлек порцияларға бөлінеді; оқыту процесі бірізділікті қадамдардан тұрады, онда білімнің порциясы және оларды меңгеретін ойлау операциялары бар; әрбір қадам тексерумен аяқталады /сұрақ, тапсырма т.б./; егерде оқушы қадағалаушы тапсырманы дұрыс орындаса материалдың жаңа порциясын алады да оқытудың келесі қадамын орындайды; оқушы дұрыс емес жауап берсе көмек және қосымша кеңес алады; әрбір оқушы дербес жұмыс істейді және әлі келетін қарқында оқу материалын меңгереді; бүкіл қадағалаушы тапсырмалардың орындалуы есепке алынады және олар оқушының өзіне /ішкі кері байланыс/ және мұғалімге /сыртқы кері байланыс/ белгілі болады; педагог оқытуды ұйымдастырушы және оқушы қиындық көргенде кеңес беруші ролінде болады; оқыту процесінде БО құралдары кеңінен пайдаланылады /программаланған оқу құралдары, тренажерлер, қадағалайтын жабдықтар, оқыту машиналары/.

Жеке электронды-есептеу машиналарының қарқынды дамуы компьютерлік оқытудың жаңа технологиясын дүниеге әкелді. Қазіргі кезде оларды қолданудың жолдарын іздестіру қажет.

Бағдарламалап және компьютерлік оқыту онда алгоритмдерді бөлуге негізделген. Алгоритм дұрыс нәтижеге әкелетін бірізділікті әрекеттердің жүйесі ретінде оқушыдан оқу іс-әрекетінің құрамын және бірізділігін орындауды талап етеді. Оқыту бағдарламасын құрмастан бұрын ең алдымен ойлау әрекеттерін және оқу операцияларын орындаудың алгоритмін жасау керек, сол бойынша электрондық-есептегіш машина оқыту процесін басқаруды жүзеге асырады.

Бағдарламаланған оқытудың әдістері оқыту процесін тиімді басқаруды арттыруға, оқушылардың дербес жұмысының үлесін көбейтуге, оқуды жекелік қарқында жүргізуге, қадағалауға арнайы құралдарды қолдануға бағытталған. БО әдістерінде жаңа және дәстүрлі идеялар ұштасады. БО әдістерін былайша бөлуге болады: ақпаратты берудің әдістері; бағдарламаланған тапсырмаларды орындаудың әдістері; қадағалаудың және түзетудің әдістері.

БО әдістерінің ерекшелігі бірліктегі оқу-педагогикалық әсерде олар өзара ажырамас байланыста болады.

5.Дедуктивтік іс-әрекет арқылы мұғалім мен оқушы жұмысы мына бағытта жүреді. Дедуктивтік әдіс оқу материалын тез өтуге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс.

Дедукция арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады.

Индуктивтік әдіс. Индукция – латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір қорытындыға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығарылады. Индукция әдісідедукциямен бірге қолданылады.

Танымдық қызығушылықтың үш түрі бар:



  • іс-әрекетке деген оң көзұарастың болуы;

  • танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі;

  • іс-әрекеттің баланы ыеталандыруы.

Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған материалдың оқушыны тербентуі, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін туғызуы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді.

Атақты ғалымдардың және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы кештер, көркем әдебиеттен үзінділер оқу танымдық қызығушылықты арттырады. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті де оқушы сезіміне әсер етеді. Оқулық тақырыптарының мазмұны – оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі құрал.

Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі – танымдық ойындар. Пікір сайысиар да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жеткен жетістіктері қуантады да олардың оқуға ықыласын арттырады.

Бақылау сұрақтары


    1. .Ауызша баяндау әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

    2. Оқытудың көрнекілік әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

    3. Оқытудың практикалық әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

    4. .Оқытудың бағдарламаланған /программаланған/ әдістері дегенді қалай түсінесің?

25 дәріс тақырыбы: Оқыту құралдары

Жоспары:

1. Оқыту құралдары туралы түсінік және оның функциялары.

2. Оқыту құралдарын класссификациялау.

3. Аудивизуалдық оқыту құралдары.

4. Әдістемелік ескертпелер.


  1. Оқыту құралдары дегенде оқушыларға сенсомоторлық стимул, олардың көру, есту, и»с сезу және т.б. мүшелеріне әсер етіп, шындық дүниені тікелей және жанама түрде бейнелеуге көмектесетін «нәрселерді» түсінеміз. «Нәрсе» немесе «пән» ұғымын шындық дүниеге қатысты және модельдік, образдық, сөздік немесе символикалық заттар ретінде түсінуге болады.

Оқыту құралдары оқыту процесінде төмендегідей функцияларды орындайды:

  • оқушылардың шындық дүниенің фрагменттерін тікелей тануға көмектеседі (танымдық функция);

  • оқушылардың сезімдері мен ерік-жігерлерін, танымдық қабілеттерін дамыту құралы (қалыптастырушы функциясы);

  • оқушылардың меңгеретін білімдері мен біліктіліктерінің негізгі көзі, оқу материалын бекіту, болжамды тексеру, білімді меңгеру деңгейін тексеру және т.б.тексеруді жеңілдетеді (дидактикалық функциясы).

Аталған оқыту құралдарының функциялары өзара байланысты және бірін-бірі толықтырады. Мысалы, оқушылар оқу материалымен танысқан кезде танымдық функция дидактикалық және қалыптастырушы функциялармен қатар жүреді.Сол сияқты қалыптастырушы функция дидактикалық ,танымдық функциялармен байланысады. Мысалы, оқушылардың өз бетімен ойлауы және естің беріктігін дамыту үшін оған жағдай жасауымыз, яғни, есте сақтау әрекетін немесе мәселені шешумен байланыстыратын нәрсені анықтауымыз қажет.

Құрал – оқу үрдісіне заттық көмек. Оқыту құралдарына педагогтың даусы (сөйлеуі), шеберлігі, сынып заттары т.б. жатады.

Дидактикалық немесе оқыту құралдары қатарына білім беру мақсаттары мен міндеттерін тиімді шешу үшін мұғалім қолданатын оқу құралдары, оқушылардың жеке құралдары (дәптер, мектеп оқулықтары, жазу құралдары т.б.) жатады. Көбіне көрнекілік принципін жүзеге асыру үшін қолданылатын оқу құралдары мұғалімнің іс-әрекетінің құралдарына кіреді. Сонымен қатар оқыту құралдарына спорттық бұйымдар, мектеп жанындағы ботаникалық алқап және т.б. мұғалім мен оқушылардың еңбегімен байланысты нәрселер кіреді.



2. Оқыту құралдарын классификациялаудың көптеген түрлері бар. Бұл құралдардың ықпал ету сиаптымен байланысты, дәлірек айтқанда визуалдық, аудиалдық және аудивизуалдық негіздегі классификациялау жиі қолданылады. Осы критериилерге сәйкес оқыту құралдары визуалды (нәрселердің түпнұсқалары немесе олардың эквиваленттері, диаграммалар, карталар т.б.), аудиалды (радио, магнитофон т.б.) және аудивизуалды (дыбысыты фильм, теледидар т.б.) болып бөлінеді.

Сонымен бірге «қарапайым және нақтылыдан күрделі және абстрактылыға» принципіне негізделген классификация бар. Бұл классификацияның авторлары оқыту құралдарын төмендегідей жіктейді:



  • табиғи жағдайда көрсетілетін түпнұсқалар;

  • жасанды жағдайға ораластырылған түпнұсқалар;

  • түпнұсқалардың модельдік эквиваленттері;

  • символдар;

  • бағдарламаланған оқулықтар және дидактикалық машиналар.

Одан басқа дидактикалық құралдарды күрделілік деңгейіне қарай классификациялау да бар. Қарапайымдарының қатарына табиғи жағдайдағы табиғи үлгілер, жасанды жағдайда қолданылатын табиғи үлгілер, моделдер, карта, диаграммалар т.б. жатады. Күрделі құралдар қатарына түрлі механикалық және электрикалық құрылымдар: кинопроектрлар, теледидарлы аппараттар, оқытуды автоматтандыратын үрдіс т.б. жатады. Бұлай бөлуде сезімдік ықпал түрлері осы құралдардың күрделілік деңгейіне бағынышты болып қалды. Сондықтан қарапайым және күрделілердің арасынан да визуалдық, аудиалдық және аудивизуалдық құралдарды сонымен бірге бұл топтарға кірмейтін дидактикалық машиналар мен бағдарламаланған оқулықтарды бөліп көрсетуге болады.

Оқыту құралдарын класификациялаудың бір жолын М.Годлевский ұсынды:

1) тақталар – бормен жазуға арналған, магнитті, арнайы, монтажды т.б.

2) жарықты проекциялауға арналған құрылым – қозғалмайтын бейнелер проекторы, дыбыссыз фильм проекторы, көлеңкелі проекторлар үшін лампалар, т.б.

3) дыбысты құрылымдар – магнитофофн, радиола т.б.

4) аудивизуалды құралдар – видеофондар, дыбысты фильм проекторлары, видеомагнитофондар т.б.

5) дидактикалық машиналар – білімді бекітуге арналған құрылымдар (репетитор, ақпараттық машиналар), оқушылардың білімін қадағалауға арналған құрылымдар (экзаменаторлар т.б.), тренингтік құрылымдар және стимуляторлар т.б.

6) мәтіндерді және бейнелерді көрсетуге арналған құрылымдар – көбейтуші аппарат клише, ксрографтар т.б.

7) бұқаралық ақпарат құралдары –теледидар, радио т.б.

8) ғылыми ақпарат техникалары – микрофильмидерді оқуға арналған құрылымдар, классификациялық картотекалар.

9) электронды сандық машиналар;

10) кешенді оқулықтар және бағдарламаланған мәтіндер – дәстүрлі әдістермен, бағдарламаланған оқыту, шетел тілдерін оқытуға арналған;

11) көлемді бейне аппаратурасы – стереопроектор, стереокинопроектор, голография.

Түрлі классификациялар қатаң талаптарға жауап бермейтіндігін көрсетеді. Сондықтан көп жағдайда басында көрсетілген классификацияға компоненттер қосып, сол классификацияны ұстанады:



  • визуалды, оған табиғи нәрселер, машиналар, құрылымдар, препараттар, кестелер, символдар т.б. жатады.

  • аудиалды, оған пластинкалар, музыкалық инструменттер т.б. жатады.

  • Аудивизуалды – теледидарлық аппаратар, кинопроекторлар;

  • Оқытуды автоматтандыратын үрдіс – бағдарламаланған оқулықтар, дидактикалық машиналар, тілді үйрену лабороториялары т.б.

3. Оқыту үрдісінде аудивизуалдық құралдардың маңызы өте зор. Өйткені И.П.Павлов көрсеткен 1-ші және 2 –ші сигнал жүйелерінің бірігіп жұмыс істеуінің нәтижесінде оқу материалы берік меңгеріледі. Олар қатарынан екі анализаторға ықпалын тигізеді. Аудивизуалдық құралдар қатарына дыбысты фильм мен теледидар жатады. Оқу дыбыстық фильмі – оқыту үрдісінде үлкен роль атқарады. Қозғалмалы бейне және дыбыстың көмегімен түрлі обьектілерді, құбылыстарды бірнеше мәрте қарауға болады. Мұның дидактикалық артықшылықтары өте көп. Өйткені мұғалім фильмнің мазмұнын толық түсіндіре алады, оқушылар зейінін ең керекті немесе байқалмайтын жерлерге бағыттай алады, заттарды жақынна көрсете алады, қозғалысты баяулата, шапшаңдата алады, құбылыстар дамуын толық көрсете алады. Мұның барлығы фильмді оқушылар жаңа материлды меңгеру, бекіту, ал кейде олардың жұмысын қадағалау және бағалау кезінде тиімді қолдануға болатындығын көрсетеді. Аталған дидактикалық функциялардың соңғысының жүзеге асырылуына фильмнің оны қараушылардың барлығына бірдей жағдай жасайтандығы ықпалын тигізеді.

Дидактикалық фильмдер оқыту үрдісінде қолданылатын негізгі аудивизуалдық құрал ретінде төмендегідей артықшылықтарға ие:



  • белгілі нәрселерді, құбылыс, үрдістерді нақты және бірнеше мәрте қайталап көрсете алады;

  • қозғалысты көрсетеді;

  • көрсетілген оқиғаға сәйкес дыбыстарды, әңгімелерді бере алады;

  • түсін көрсете алады;

  • басқаша жеткізілуі қиын сұрақтардың мәнін бейне және дыбыс арқылы анық жеткізеді.

Фильмнің әсері мол болуы үшін мұғалім оны көрсетер алдында ол туралы қысқаша болсада айтып өтуі тиіс.

4. Дидактикалық құралдар оқыту үрдісінің басқа компоненттерімен бірге қолданған жағдайда ғана құнды элемент болып саналады. Оларды таңдау мектептің оқу құралдарымен қамтамасыз етілуіне ғана емес, сабақтың мақсатына, оқу жұмысының әдістеріне, оқушылардың жасына және кейбір оқу пәндерінің өзіндік ерекшеліктеріне де байланысты.

Мысалы, оқушыларға жаңа материалды түсіндіру кезінде пайдаланылған оқыту құралдары, оны бекіту немесе тексеру кезінде қолданған оқыту құралдарынан айырмашылығы болады. Оқушылардың жасы және кейбір оқу пәндерінің ерекшеліктерідидактикалық құралдардың түрін және оларды қолдану ерекшеліктерін анықтайды. Оқу материалын табысты меңгеруге төмендегідей оқыту құралдары да әсерін тигізеді:



  • оқушылардан өз бетімен ойлануды және іс-әрекетті, бар білімді жаңаны меңгеру үшін пайдалануды талап ететін;

  • танылатын фактілерді түрлі көзқарас тұрғысынан тануды қамтамасыз ететін, жан-жақты түсінік беретін;

  • жағымды жағдайларда оқушылар үйлерінде, мектеп шеберханаларында және т.б. жерлерде пайдалана алатын.

Мұндай құралдардыәсіресе мұғалімнің жетекшілік етуімен дайындаудың тәрбиелік мәні өтезор және мектеп үшін оқу құралдарын жасаудың негізгі көздерінің бірі болып саналады.

Бақылау сұрақтары

1. Оқыту құралдары дегеніміз не?

2. Оқыту құралдарының функцияларын ата.

3. Оқыту құралдарын ата.

4. Оқыту әдістерін топтастыру немесе классификациялаудың жолдарын көрсет.

5. Аудивизуалдық оқыту құралдары дегенді қалай түсінесің?

6. Аудивизуалдық оқыту құралдарының артықшылықтары неде?
26 дәріс тақырыбы: Мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары

Жоспары:

1. Оқытуды ұйымдастыру формалары және оларды классификациялау.

2. Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық формасы.

3. Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар.



1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тәртіпте және режимде жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың келісілген іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. Олар әлеуметтік шартталған, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болады және жетілдіріледі.

Оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі өлшемдер бойынша классификацияланады:



  • оқушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жекелік;

  • оқу орнына қарай: мектептік және мектептен тыс формалар;

  • мектептік оқыту формалары: сабақтар, шеберханада, мектеп жанындағы тәжірибе участкісінде, лабораториядағы т.б. жұмыс;

  • оқыту уақытының ұзақтығына қарай; сыныптағы сабақ /45 минут/, қосарланған сабақ /90 минут/, әр түрлі ұзақтықтағы сабақтар.

Мектептік даму тарихында әр түрлі оқыту жүйесінде бір басым оқыту формасы қолданылды: жекелік-топтық /орта ғасыр мектептерінде/, өзара оқыту /Англиядағы белланкастер жүйесі/, оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқыту /мангеймдік жүйе/, бригадалық оқыту /совет мектебінің 20-шы жылдары/, американдық «Трамп жоспары», онда уақыттың 40% үлкен топтарда /100-150 адам/, 20% - кіші топтарда, және 40% дербес оқуға бөлінді.

Дүние жүзінде ең көп тараған оқытудың сыныптық-сабақтық жүйе болды, ХҮІІғ. пайда болып, міне үш ғасыр бойы дамып келе жатыр. Оның контурын неміс педагогы И.Штурм /1537-1582/ жасады ал, Я.А.Коменский /1592-1670/ оның теориялық негізін салып, практикалық технологиясын жүзеге асырды.

Оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша формалары бар:


  • лекция;

  • семинар;

  • пәндік үйірмелер;

  • топсеруен;

  • факультативтер;

  • кеңес;

  • қосымша сабақтар;

  • үй тапсырмасы;

- оқытудың жекелік формасы.

2. Сыныптық-сабақтық форманың ерекшеліктері: шамамен бір жастағы және даярлық деңгейі бірдей оқушылардың тұрақты құрамы; әрбір сынып өзінің жылдық жоспарына сәйкес жұмыс істейді /оқытуды жоспарлау/; оқыту процесі жекеленген өзара байланысты, бірінен кейін бірі жүретін бөліктер түрінде /сабақтар/ жүзеге асырылады; әрбір сабақ тек бір пәнге арналады /монизм/; сабақтардың тұрақты түрде ауысып отыруы /сабақ кестесі/; мұғалімнің жетекші ролі /педагогикалық басқару/; оқушылардың танымдық іс-әрекетінде әр қилы түрлерді және формаларды қолданады /іс-әрекеттің вариативтілігі/.

Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық жүйенің негізгі компоненті сабақ болып табылады. Сабақ – бұл аяқталған мәндік, уақыттық және ұйымдастырушылық қатынастағы оқыту процесінің кесіндісі /кезеңі, буыны, элементі/.



3. Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар:

  • ғылымның жаңа жетістіктерін, педагогикалық практиканың озат тәжірибесін пайдалану, сабақты оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарының негізінде құру;

  • сабақта барлық дидактикалық принциптерді және ережелерді оптимальдық арақатынаста жүзеге асыру;

  • оқушылардың қызығушылықтарын, ынталарын және сұраныстарын ескере отырып өнімді танымдық іс-әрекетке тиісті жағдайды қамтамасыз ету;

  • оқушылар ұғынатын пәнаралық байланысты орнату;

  • бұрыннан оқылған білімдермен және іскерліктермен байланыс, оқушылардың даму деңгейіне сүйену;

  • тұлғаның барлық аясын дамытуды себептендіру және белсендету;

  • оқыту-тәрбиелеу іс-әрекетінің барлық кезеңдерінің логикалылығы және эмоционалдығы;

  • педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану;

  • өмірмен өндірістік іс-әрекетпен, оқушының жеке тәжірибесімен байланыс;

  • практикалық қажетті білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды, ойлауды және іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін қалыптастыру;

  • оқи білу іскерлігін, тұрақты түрде білім көлемін толтыруға деген сұранысын қалыптастыру;

  • әрбір сабақты тиянақты диагностикалау, болжау, жобалау және жоспарлау.

Дидактикалық талаптар:

  • әрбір сабақтың білім беру мақсатын дәл анықтау;

  • сабақтың ақпараттық толтыруын реттеу, әлеуметтік және жекелік сұраныстарды ескере отырып мазмұнды оптимизациялау;

  • танымдық іс-әрекеттің жаңа технологияларын енгізу;

  • әр қилы түрлерді, формаларды және әдістерді тиімді ұштастыру;

  • сабақтың құрылымын қалыптастырудағы шығармашылық ыңғай;

  • оқушылардың әр түрлі ұжымдық іс-әрекетінің формаларын дербес іс-әрекетімен ұштастыру;

  • жедел кері байланысты, әрекетті қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету;

  • сабақты өткізудегі ғылыми есеп және шеберлік.

Сабаққа тәрбиелеушілік талаптар:

  • сабақтағы іс-әрекеттің, оқу материалының тәрбиелеушілік мүмкіншіліктерін анықтау;

  • оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан ғана шығатын тәрбиелік міндеттерді қою;

  • оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, ұқыптылықты, жауапкершілікті, зейінділікті, ұжымшылығы, т.б. қалыптастыру;

  • оқушыларға зейінді және сезімталдық қатынас, олармен ынтымақтастықта жұмыс істеу;

Дамытушылық талаптар:

- оқу-танымдық іс-әрекеттің оң мотивін, қызығушылықты, шығармашылық бастамашылықты және белсенділікті қалыптастыру;

- оқушылардың даму деңгейін және психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және есепке алу;

- сабақтарды «озу» деңгейінде жүргізу;

- оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, әлеуметтік дамуындағы «секірістерді» болжау;

Осы талаптардан басқа сабаққа мынадай да талаптар қойылады: ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлық-гигиеналық, этикалық т.б.



Бақылау сұрақтары

  1. Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз не?

  2. Оқыту формаларын классификациялаудың негізі неде?

  3. Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық формасының ерекшелігі неде?

  4. Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар ата.

  5. Оқытуды ұйымдастыру формалары және оларды классификациялау.

  6. Оқу жұмысының формасын қандай белгілер сипаттайды?

27 дәріс тақырыбы:Мектептегі сабақ туралы түсінік.



Жоспары:

1. Мектептегі сабақтың типтері.

2. Сабақтың құрылымы.

3. Дәстүрлі емес сабақтар және оларды талдау.

4. Мұғалімнің сабаққа даярлануы.

1.Сабақты классификациялаудың негізіне оқу мақсаты, оны өткізудің әдісі немесе оқыту процесінің құрамдас буындары жатады. Осыған қарай сабақтың әр түрлі типтері ажыратылады.

Танымдық іс-әрекеттің кезеңдеріне қарай сабақтың типтері:



  • кіріспе сабақтар

  • материалмен бастапқы таныстырудың сабақтары

  • ұғымдарды қалыптастырудың, заңдарды орнатудың сабақтары

  • алған білімді практикада қолдану сабақтары

  • дағдылар сабағы

  • жалпылау және қорытындылау сабақтары

  • бақылау сабақтары

  • аралас сабақ

Оқыту әдістеріне қарай сабақтардың типтері:

  • сабақ-әңгіме

  • сабақ-лекция

  • кино сабағы

  • лабораториялық сабақ

  • іс-әрекеттің түр-түрімен сабақ

Дидактикалық міндеттеріне қарай сабақтың типтері:

  • оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы

  • іскерлікті және дағдыны қалыптастыру сабағы

  • білімді жалпылау және жүйелік сабағы

  • қайталау, бекіту немесе білімді, іскерлікті, дағдыны кешенді қолдану сабағы

  • бақылау-тексеру сабағы

  • аралас сабақ

Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білу шарт. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.

2.Сабақтың құрылымы – оқу міндеттерін орындауға септігін тигізетін сабақтың бөліктерінің, кезеңдерінің өткізілуінің арақатынасы және бірізділігі. Оқу сабағының типіне қарай оның белгілі бір құрылымы жасақталды.

Сабақтың негізгі элементтері:

Сабақтың басталуын ұйымдастыру бір минуттан бірнеше минутқа созылды және оның дербес бөлігіндей өткізіледі. Сабақтың басында іскер және дұрыс талап қою бүкіл сабақтың сәтті өтуіне септігін тигізеді. Ұйымдастырушылық бөлімінде бәрі маңызды: мұғалім сабаққа қалай кіреді, өзіне деген сенімі, сөйлеуі, өзін ұстау қалпы, талаптарды орынды қоюы және оқушыларға деген шынайы ықыласы, сыйлаушылығы.

Оқыған материалдың меңгеруін тексеру /әдетте үй тапсырмасы/, оның мәні тексеру және қадағалауда, сонымен бірге жаңа материалды меңгеруге даярлауда болып табылады. Мұғалім үй тапсырмасын орындауға негіз болған басты идеяларды, ережелерді т.б. оқушылардың зейінін аударады. Үй тапсырмасын бәрі орындаған, орындамағанын анықтайды, қандай қиыншылықтар кездескенін біледі.

Сабақтың мақсаттарын және міндеттерін қою. Сабақтың нақты міндеттерін және оны жүзеге асырудың жолдарын ұғыну мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетін анықтығын, жүйелілігін және бірізділігін қамтамасыз етеді. Мақсат пен міндетті қою әдетте көп уақыт алмайды, бірақ ол оқу іс-әрекетіне бағытталғандық береді және үлкен тәрбиелік әсері болады.

Түсіндіру – оқу материалының мазмұнын ғылыми баяндау. Оқушыларға жаңа материал түсінікті болу үшін мұғалім ғылыми дәлелдерді, оқушыларда бар білімге сүйенуді, анық және түсінікті баяндауды жүзеге асыруы керек. Бекіту жаңа материалды түсіндіріп болғаннан кейін жаттығулардың, дербес жұмыстардың, арнайы тапсырмалардың жүйесі арқылы оқылған материалдың бастысына, сүйенетін буындарына оқушылардың назарын аудартады, теориялық қағидаларды оқу іс-әрекетінің практикасымен байланыстырады. Бекіту арқылы мұғалім оқушылардың материалды меңгергені туралы ақпарат алады.

Қайталау. Оқу материалын тақырып, бөлімдер, курс бойынша жүйелеу, жалпылау, қайта айту. Бұл бөлімдегі күрделісі негізгі идеяларды бөліп шығару және жаттығулар мен тапсырмаларды таңдау болады.

Сабақтың нәтижесін шығару, қорытындылау. Сабақтың өтілу барысына, оқушылардың жұмысына қысқаша баға беру, оқығанның басты идеясын еске салу.

Үй тапсырмасы. Мұғалім үй тапсырмасын хабарлайды, қысқаша орындалу жолын түсіндіреді. Үй тапсырмасын орындау туралы нұсқау анық, қысқа, бірізділікпен берілуі қажет.

Оқу міндетіне және мазмұнына қарай сабақтың бөліктерінің ара-қатынасы ауысып отырады. Сабақтардың әртүрлі типтерінің құрылуында ерекшеліктер пайда болады.

Жаңа білімді меңгеру сабақтарының құрылымы мынадай элементтерден тұрады: сабақтың басталуын ұйымдастыру; сабақтың мақсаттары және міндеттері; жаңаны түсіндіруге даярлық жұмыс /үй тапсырмасын тексеру, бұрыннан оқығанды қайтадан айту, т.б./; түсіндіру; сабақты қорытындылау және үй тапсырмасы. Басты бөлімі – түсіндіру, бекіту қосымша роль атқарады және диагностикалық мақсатта өткізеді. Мұғалім оқушылардың жаңа білімді қалай меңгергені туралы ақпарат алады.

Бекіту сабағының құрылымы: сабақтың бастауын ұйымдастыру; сабақтың мақсатын және міндеттерін қою; бекіту; қорытындылау және үй тапсырмасы. Сабақтың басында әрбір оқушының жұмысқа даярлығын тексеру керек. Мақсатты қою барысында мұғалім негізгі қағидалар мен ережелерді еске салады, себебі олар практикалық оқу іс-әрекетіне негіз болады. Үй тапсырмасын тексеруді бекітумен байланыстырған дұрыс. Сабақтың негізгі бөлімі – практикалық тапсырмалар, проблемдік жағдаяттар мен сұрақтарды шешу, жаттығуларды орындау, дербес жұмыстар. Жаттығуларды дұрыс таңдау үлкен роль атқарады, олардың қиындығы бағдарламаның, стандарттың талабына сай болғаны абзал.

Жалпылау немесе қайталау сабағының құрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастыру; сабақтың мақсатын және міндетін қою; оқу материалын жалпылау және жүйелеу; сабақтың қорытындысы және үйге тапсырма. Бұл сабақтың ерекшелігі және күрделілігі мынада: оқу материалының шеңберін дәл анықтау, негізгі ұғымды, ережені, идеяны, шебер бөлу, сәйкесті жаттығуларды таңдау. Қайталауда сабақтың тәрбиелеушілік жағына үлкен мән беріледі. Мұнда оқу материалы көп дәрежеде қызықты фактілермен, оқиғалармен, сезімдермен тығыз байланысты. Бұл сабақтың ерекшелігі мұғалім аз түсіндіреді де көбіне оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқарады.

Аралас сабақтың құрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастыру; үй тапсырмасын тексеру; сабақтың мақсатын және міндеттерін қою; жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, сабақты қорытындылау және үй тапсырмасын беру.

Сабақтың бұл типі бүкіл элементтердің бүкіл комбинациясын құрайды. Әрбір бөлімі басқалардың арасында тең бағалы мәні бар. Сабақтың осы типі бастауыш мектепте жиі қолданылады.

Қадағалау сабағының құрылымы: тексерудің мақсатын түсіндіру және жұмысты ұйымдастырудың нұсқауын беру; бақылау тапсырмасының мазмұнымен және оны орындаудың тәсілімен таныстыру; оқушылардың дербес жұмысы; сабақтың нәтижесін бастапқы қорытындылау. Сабақтың басы нұсқаудан және оқушылардың жұмысқа даярлығын тексеруден басталады. Бірден бақылау жұмысының сипатын айтып, қандай білімдер, қандай тақырыптар тексерілетіні хабарланады. Мұғалім оқушыларға ойлау іс-әрекетінің жолдарын көрсетеді: теориялық талдауды қалай қолдануға болатындығын, теорияны практикалық жұмыспен байланыстыруды, өзін-өзі қадағалаудың тәсілдері т.б. Әдетте үй тапсырмалары берілмейді. Бірақ әдебиет тізімін, іздеушілік сипаттағы тапсырмаларды беруге болады.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет