Педагогика факультетінің деканы


Тақырып: Халықтық педагогикадағы имандылық тәрбиесі



бет5/7
Дата23.05.2017
өлшемі1,2 Mb.
#16626
1   2   3   4   5   6   7

Тақырып: Халықтық педагогикадағы имандылық тәрбиесі

Мақсаты: Халықтық педагогикадағы имандылық тәрбиесі туралы білім беру

Дәріс мазмұны:

  1. Ежелгі түркі жазба ескеткіштеріндегі иманжүзділік, инабаттылық мәселесі

  2. Қазақы тұрмыстағы діннің рөлі

  3. Тәрбие негіздері және дін.

Имандылық тәрбиесі бүгінгі таңда қоғам қажеттілігінен туындап, өзекті мәселелердің құрамына енуде.Имандылық ұғымы ерте кезден бастап қолданыста болған,оны көне жазба мұраларға көз жіберту арқылы дәлелдеуге болады.Анығырақ айтар болсақ, халқымыздың халық болып қалыптасу кезеңінен бастау алады.Бұл ұғым көпшілік түсінігінде діни ұғыммен суреттеледі.Бірақ имандылық ұғымы таза діни ұғымды білдірмейді. Тұрмыстық өмірде иман жүзді, иманды, тб. Ұғымдар пайдаланылған және әлі де пайдаланылуда. Енді жеке- жеке талдап көрсек, иман жүзді деп бойында адамгершілік қасиеттер, кеңпейілділік, жанашырлық, иабаттылық, ізеттілік, т.б. да қасиеттері барадамдарды айтсақ, иманды адамдарға да қасиеттерді бойына сіңірген және оны сеніммен ұштастыра білетін адамдар тобы жатқызылады.Бұл қасиеттердің бірі де таза діни ұғымға жатпаса керек.Яғни бұдан имандылық адам бойындағы ізгі қасиеттердің жиынтығы деген ой түйіндеуге болады.

Рухани құндылықтарды бағалаудың бірден- бір көзі аталмыш имандылық идеяларды насихаттау болып табылады.Енді осы идеяның генезисіне тоқталар болсақ, алдымен мұсылмандар заңдарының жинағы, тарихи деректердің бірі, жазба мұралар ретінде қарастыруға болатын- Құран және Хадистер жинағы.Мұнда халыққа тәлім- тәрбие берерлік өнегелі, ұлағатты дана сөздер жинақталған.Мысалы, Құранның Ғалақ /1-5/ сүресінде «оқыңдар, ол- Мұхаммед Пайғамбарға жіберген алғашқы аят. Оқу- аса ардақты» деп келтірген.Сондай-ақ, Құранда «намысына, абыройына, адамгершілігіне дақ түсіретін бейнеде ойнау, мазақтау, сондай- ақ біреуді қорлау, ғайбаттау, жала жабу, күншілдік істеу, өсек айтуға тұжырымды түрде тыйым салынсын» деп бұйрық беріліп, жаман іске қарсылық көрсеткен.Адам бойындағы ең жаман қасиет адамды қорлау, зәбірлеу, намысына, ар- ұятына дақ түсіру екенін бәріміз де мойындаймыз.Өзіміз көріп отырғандай, бұл істерге «Құранда» да мән беріліп, шек қойылған, демек бұл да- адамзатқа қажетті игілікті өнеге.

Келесі имандылық идеясының бастау алар бұлағы- Хадистер жинағы.Мұнда әрбір жақсы- жаман қасиеттерге байланысты түсініктер енгізілген.Әсіресе, Мұхаммед Пайғамбардың: «Өзімнен кейінгі қалатын ұрпағымды ойласам, үш нәрседен қорқамын:

1.Құлқынның құлы болып, жолдан таюдан.

2.Нәпсіқұмарлыққа салынып, лас істерге ұрынудан.

3.Ілім- білім бола тұрып, қараңғы наданның ісін істеуден» /1.6./ деген сөздері көңілге қонарлық..Оқу, білім, ғылым-адам өмірінің, тіршілігінің мәні, мазмұны екенін Хадистерде анық берген.Мысалы, «Тіпті, Қытайа болса дабілм алуға ұмтылыңдар, неге десеңіз, білім алуға әрекетену- әрбір мұсылманның парызы» /2.6./,- деген екен Мұхаммед Пайғамбар.Бірде ол: «Бір сағат білім үйрену- бір кеш бойы құлшылық етуден жақсы, бір күн бойы дәріс алу- үш ай бойы непіл ораза тұтқаннан жақсы» /2.7./, деп,білім алуға, дәріс тыңдауға шақырады.Хадистердің тағы біріндегі: «Перзенттеріңізге ізет- құрмет жасай отырып, ақыл- әдеп үйрету керегін ұмытпаңыздар» /2.12/,-деген ескерту жалпы педагогика саласында жеке адамды сыйлау, адамның өзін- өзі сыйлауы принципімен үндесіп жатыр.Сонымен қатар «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» дастандарының имандылық идеяларға қосатын үлесі мол.Халықтың кемеңгер ойшылдары Қорқыт ата, әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Махмұд Қашқари, Өтебойдақ Тілеуқабылұлы, т.б. шығармалары имандылық идеясының қалыптасуының алғышарты болды десек қателеспейміз.Он бесінші ғасыр мен он тоғызыншы ғасырдың бірінші жартысында хандық дәуірде өмір сүрген Асанқайғы, Ж.Баласұғын, Қазтуған, Мұхаммед Хайдар Дулати, Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді, Шал ақын, Дулат Бабатайұлы, т.б. ақын- жырау және ойшылдар шығармаларының ұрпағымыздың бойына отансүйгіштік,ұйымшылдық, еңбексйгіштік, үлкенді сыйлау, әдепті, елгезек, кішіпейіл, мейірімді болу сияқты имандылыққа жатқызып отырған қасиеттерді сіңіріп ұялатуда үлкен маңызы бар.Әсіресе он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында бұл ұғымдар Ыбырай, Абай, Шәкәрім мұраларында насихатталады.Жоғарыда аты аталған ортағасырлықғұлама ойшылдар имандылық идеясының теориялық негізін қалаушылар қатарына жатады.Және бұл еңбектерді қарастыру барысында олар осы Құран және Хадистердің мазмұнына қанық екен, тіпті еңбектерін Құран және Хадистерге сүйене отырып жазған деген ой түйіндеуге болады.Профессор Ә.Дербісәлиевтің «Бағзы заманнан күні кешеге дейін шығыстың ақын-жазушылары, шежірешілері, тарихшылары Құраннан дәйектемелер алып, оныөз мақсатына пайдаланып келеді» /3.231/ деген пікірі бұл ойды дәлелдей түседі.

Этнопедагогика ұрпақ тәрбиесіндегі діннің рөлін жоққа шығармайды.Бүкіл түркі елдеріндегі мәдениетке шолу жасай қарасақ, сонау тас жазбалар арқылы келіп жеткен мұралардағы тәрбие әсерінің имандылық тәрбиесі арқылы берілгенін көруге болады. Ұрпақ тәрбиелеуде адамгершілік пен парасаттылық жайында, инабаттылық хақында айтылған парсы, ирак классиктерінің дін туралы ұлағатты сөздері бүкіл түркі елдер педагогикасының негізін қалаған.

Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Имандылық-алланың ақ екендігіне, ал Мұхаммед пайғамбарымыз алланың елшісі екендігіне сеніп, алла жолын, пайғамбар ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындау, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқару, адамдықты асқан кісілікпен ақтаудың көрінісі.Халық адамгершілігі жоғары кісіні – иманды деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп оны жек көреді. Адамгершілігі, ар- ұяты бар адамның бет- бейнесі иманжүзділігі жарқын, биязы, өзі парасатты болады.Ондай адамды халық «Иманжүзді кісі» деп құрметтейді.Қазақ халқының ата дәстүрлерінде имандылық тек дідік сенім емес, ол әрі ұлттық, психологиялық салтқа, ұлттық ерекшелікке айналған психологиялық құбылыс.

12 дәріс

Тақырып: Халық педагогикасының қазіргі қызметі

Мақсаты:Халық педагогикасының қазіргі қызметі жөнінде білім беру.

Дәріс мазмұны:


  1. Халықтардың этнопедагогикалық пансофиясы.

  2. Халықтардың рухани мінез-құлықтарындағы ұлтаралық және жалпы адамзаттылық. мәселесі

Халықтардың дәстүрлі мәдениеті осы саясатқа үзілді-кесілді қарсы. Этнопедагогикалық диалог және мәдениет диалогы халықтардың ұлтаралық, жалпы адамзаттық және рухани адамгершілік құндылықтарын көрсетеді. Халықтар түрлі тілдерде сөйлейді, бірақ рухани бір-біріне өте жақын.

Тәрбиелеу тарихында көптеген ашылмаған ақ беттер, құпиялар көп. Тәрбиелеудің жалпы азаматтық тарихын бір үлкен кітап ретінде елестетіп көрелік.

Бұл кітаптан тек өкінішке орай соңғы беттері ғана: педагогикалық ілімдер тарихы, мектептегі білім берудің тарихы оқылған.

Бұл тақырыпты жазу барысында академик Г.Н. Волковтың еңбектері қолданылды. Атап айтқанда, «Этнопедагогика» (1999) кітабы.

Барлық беттерді бірінен кейін бірін ғасырлар түбіне еніп қарастырсақ, көптеген құнды және қызықты жайттарға кезігеміз. Мысалы, керемет тарихи құжат, этнопедагогикалық конституция іспеттес құнды жазба болған ұлы мемлекеттік қайраткер Шыңғысхан (1155-1227) жазған «Великий Джасак» атты шығармасын көбі біле ме екен. Осы жөнінде толығырақ қарастырайық. Құжат екі бөліктен тұрады, бірінші бөлігінде халықтың нақылдары жинақталса, екіншісінде Шыңғысхан халқын басқарған кездегі қолданған заңдар жинақталған. Дегенмен «Жасақ» – стилі бойынша халықтық, ол ауызша түрде жүзеге асырылған: Шыңғысхан сауатсыз болған, сондықтан құжат оның сөзінен жазылған.

Шыңғысхан үшін бірінші орында жастардың және балалардың тәрбиесі болған. Оның негізгі заңының бірінші бабында анық, жарқын түрде нашар тәрбиенің салдары көрсетілген: «Балалар әкелерінің ақылды сөздерін тыңдамады, кіші інілері үлкендердің айтқандарына көңіл аудармады, күйеуінің әйеліне сенім болған жоқ, әйел күйеуінің айтқанын орындамады, енелер келіндерге жағымсыз қарады, ал келіндер енелерін сыйламады, үлкендер кішілерді тәрбиелемеді, ал кішілер үлкендердің ақылына еш көңіл аудармады... Міне осы тайпа осындай тәртіпсіз, мағынасыз болды». Тәрбие тек қана тәрбие ғана адамдағының, халықтағының, елдегінің, барлық әлемдегінің бәрін қалыпқа келтіреді.

«Ұлы жасақ» – бұл халықтардың этнопедагогикалық пансофиясындағы – жалпы ақылдылықтың құжат – символы болып табылады.

Халықтық дәстүрлі педагогикада айтылған нақылдарға Шыңғысхан заңдық күш қылып берді.

Адам өзін қандай бейнеде көрсе, басқаларды да солай білсін. Егер әйелі ақылсыз, тәртіпсіз, ебдейсіз болса, одан күйеуінің нашар сапалары көрініп тұрады.

Шарап пен арақтан ой мен өнерге еш пайда жоқ, онда жақсы сапа мен мінез-құлық жоқ. Ол адамды нашар әрекетке, өлімге әкеп соқтырады. Адамның бойындағы өнерлерінен айырып, адамдардың істеген ісінің жолын ұятқа әкеледі де ол өз мақсатын жоғалтады. Бірақ ішпейтін адамдарды қайдан табады. Егер тапса, ол барлық көшеметке ие.

Ұрланған ат табылған адам, оны иесіне осындай 9 атпен қоса қайтару керек.

Шыңғысханның қонақ қарсыалу туралы заңдары да конституциялық тұрғыға ие болды: ол монғолдарға басқа адамның көзінше оны тамаққа шақырмай ас ішуге тыйым салды, жақын адамдарды өзіңдей жақсы көруге бұйырады, адамдарға қастандық жасауға болмайтындығын, құдайға арналған храмдарды және оған қызмет ететіндерді түгелімен барлық салықтардан босатуды бұйырады.

Шыңғысханның әсер ету шараларының қатары өте қызық.

Кім заңға бір рет қарсы шықса, оны сөзбен ұялту, егер екі рет болса, оған шешендікпен әсер етілсін, үшінші рет – оны алыс жерге жіберілсін. Ол онда барын келгеннен кейін мұқият болады. Егер ол түсінбесе, онда оны түрмеге отырғызылсын. Егер одан шыққаннан кейін ақылды, саналы болса – онда онда өте жақсы; олай болмаған жағдайда барлық туғандары жиналып, жалпы жиналыс жасап, оған не істеу керек екенін шешсін.

Жоғарыда көрсетілгендей әсердің жоғары мөлшері, жауапкершіліктің көбі – туысқандарда. Қазіргі кезде осы дәстүрді қолданған дұрыс сияқты.

Әрбір халықтың тарихында символ тұлғылар және символ оқиғалар бар.

Символ тұлғалар және оқиғалар да халық тарихында тұтас дәуірлер құрады. Лютер және Коменский, Ушинский және Толстой, Ломоносов және Яковлев, Корчак және Штейнер, Нил және Френе, Фрейре және Сухомлинский, Абай және Алтынсарин – олардың әрқайсысы өзінше адамзат дамуына үлсін қосты.

Адамзат тарихында соңғы мыңжылдықтағы «Педагогиканың атасы», шынайы халық педагогы Ян Амос Коменскийдің орны ерекше. Халықтықтың арқасында ол дүниежүзілік, жалпыадамзаттық символ болды. «Ұлы дидактикаға» ол «Чех дидактикасы», «Чех грамматикасы», «Чех поэзиясы», «Ақсақал чехтардың даналығы»арқылы келді. Чех халықтарының ғасырлық даналығынсыз «Адамзаттық істерді түзету туралы жалпыға бірдей кеңес» те болмас еді.

Я.А. Коменскийдің оқу кітаптарында пансофия идеясы өткізілген – жалпыға бірдей даналық.

Ұлы ойшыл зұлымдықтың тамырын білімсізденген немесе дұрыс білім алмағандықтан көреді, сондықтан адамзатты жалпыға бірдей даналыққа, шынайы білімге, яғни пансофияға баулуды армандады. Сондықтан өркениеттің барлық тапқан білімдерін жалпылап және мектеп арқылы осы жалпыланған білімді қоғамдық, нәсілдік, діни белгісіне қарамай адамдарға беруді мақсат тұтты.

Коменскийдің еңбегі елінің қажеттілігі мен дәстүрінен туындап отырады және «ақсақал чехтардың даналығы» оны жақсы бейнелейді.

Коменский жинақтаған мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштар қазір де өзінің өзектілігін және тәрбиелік күшін жоймайды. Мысалы: «Үлкен бұлттардан кішкене жаңбыр», «Көп уәде береді, аз орындайды», «Күшсіз ашу-ыза пайдасыз». Коменский хпалық ауыз әдебинтінің шығармашылығы мақал- мәтел, жаңылтпаш, ертегі, жұмбақ және т.б. жинап өз педагогикалық еңбегінде пайдаланып қана қоймай ол өзі де көркем шығармалар жазды, мұнда педагогикалық мән мен поэзия көркем шығармашылықта бірігеді.

Я.А. Коменскийдің педагогикалық, ағартушылық іс-әрекеті – халықтық педагогикалық тәрбиелеу ұлттық мәдениетінің қазіргі қалыптасуы тек ұлттық бостандықта және тәуелсіздікте ғана мүмкін екені дәлел.

Мектеп ісінің ешқандай жасампаз модернизациясы өзінің ғасырлық дәстүрлік тірегінсіз мүмкін емес. Бұл дәстүрді есепке алмау адамзат пен қоғам деградациясына алып келеді. Сонымен қатар Я.А. Коменскийдің педагогикалық шығармашылығының әлемдік мәні халықтық дәстүрді тірек ететін әрбір өнімді педагогикалық тәжірибе әрқашан өзінің пайда болып дамыған тарихи және мәдени контекстісінен алыстайтынын дәлеледейді. Мысалы, басқа халықтардың педагогикалық жетістіктерін меңгеруге кедергі етпейтін мыңдаған жылдардағы жапондықтардың педагогикалық мәдениетін келтіруге болады. Бұл дәстүрлерді елемеу білім беру және тәрбиелеу жүйесіндегі демократиялықты жоққа шығарады.

Орыс мәдениетінің рухани және педагогикалық-ғұламасы – М.В. Ломоносов. Ол Коменский сияқты символ тұлға, орыс грамматикасының негізін салушы, бірінші Ресей университетінің негізін салушы. Көптеген ғылымдарда әсіресе, тәрбие туралы ғылымда жаңалық ашқан ғалым. Ломоносов – халықтың рухани өміріндегі өз тілі, орыс тілінің ұлы жолын көрсеткен шынайы халық педагогі.

Орыс тілі туралы айтылғандардың барлығын М.В.Ломоносов оңай басқа тілдерге аударды.

Орыс мәдениетіндегі М.В.Ломоносовтың алатын орны секілді Иван Яковлевте чуваш мәдениетінде маңызды тұлға болып саналады. Ол университет және академиямен қоса, политехникалық шеберхананы, консерваторияны, хорларды, ансамблдерді, оркестрлерді құрды; музей, шіркеу тұрғызды; бибилиотеканың, театрдың, монастырдың, ауылшаруашылық фермалардың, баспаханалардың, жетім балалар үйінің және тағы басқалардың негізін салды. Яковлев бұның бәрін қарапайым түрде чуваштық мұғалімдік мектеп деп атады, себебі «мұғалім» түсінігіне өте кең мағына берген. И.Яковлев өзінің барлық ағартушылық жұмысын әлемдік педагогикалық мәдениетпен шыққан бай тәжірибені қолдана отырып, халықтық педагогикалық салт – дәстүрде тұрғызды. Университетте ол Сократтың, Платонның, Аристотельдің, Квинтелианның, Лютердің, Коменскийдің еңбектерін оқыды. Ол әлемдік педагогиканың ең жоғарғы жетістіктерін өте жақсы меңгерген. Университетте дәл сол уақытта ол әлемдік ғылымда бірінші рет халықтық педагогикалық естеліктер жөніндегі мағлұматтарды теориялық түрде қарап шықты. Теориялық шығармасын ол хрестоматиялық қосымшамен жүзеге асырды.

И. Яковлевтың бірінші еңбегі – ұлттық мерекелер туралы, екінші еңбегі – ұлттық күн тізбе жөнінде, ал үшінші еңбегі өз сөзінің ұлылығы, оның күштілігі жөнінде жазылған. Әрі қарай 25 жаста болса да әрекеттің жаңа кезеңі жүреді. «Букварь для чувашей» және християнство жөнінде «Начало истинной веры» кітабын шығарды.

И. Яковлев адам рефлексиясын, өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы жөніндегі халық педагогикасының ашылуында шығармашылық тұрғыдан пайымдады. И. Яковлев рефлексиямен адам жанының ажарын құрастыруға болады, деді.

И. Яковлевтың жанұя үлгісі жөніндегі мектеп құру тәжірибесі әлемдік мағынаға ие (1868). Бұл мектеп қауым болып, 1918 ж. дейін жұмыс істеді. Мектепшілік ұжым үлкен еңбекқорлықты, гуманистік, демократиялық дәстүрге ие, шаруалар педагогикасын танытты.

И. Яковлев жұмысты үлкен жанұяның қамқоршы әкесі ретінде жүргізді. Ол мынадай идея ұсынды: педагогика – тек ғылым және өнер емес сонымен қоса дін, онда халық – құдай, ана – тәңір, патриарх (әке) – рухани, тәлімгер, балалар – періштелер, ата-аналар үйі – құдай храмы, деді.

Мектептегі моральдық ахуал таза жанұялық қатынаспен ерекшеленеді. Өзара қамқоршылық қалыпта болады. Мектепте түрлі ұлт өкілдері білім алды. Бірақ барлығы да мектепке алғыспен қарап, чуваштық тілді белсенділікпен меңгерді.

И. Яковлевтің «Рухани мұрасы» - туған халқына қатынасы, сол арқылы барлық адамдарға яғни танымал идеал барлық халықта бірдей болғандықтан, тәрбиелеудің мақсаты да бірдей. Я. Корчактың, Р.Штейнердің, В. Сухомлинскийдің еңбектерінде өз жерінің балаларын тәрбиелеу жөнінде және оны туған халқының салт-дәстүріне сәйкес ету, бірақ олар барлық педагогикаға түсінікті және жақын.

Сонымен этникалық мәдениеттің әртүрлілігіне қарамастан оның бөлігі ретінде этнопедагогика оқшалануға жол бермейді. Егерде ол шынайы халықтық болса, онда ол – жалпы адамзаттық болады. Мұратында емес, сонымен қоса әрекет стилі жағынан да бір-біріне ұқсас екені кездейсоқтық емес. Оларды мың жобадан жаны бар бір бала артық деген ақылды ой басқарып отырады.

15 дәріс

Тақырып: Қазақстан Республикасындағы халықтық педагогика

бойынша қазіргі бағдарламалар

Мақсаты: Халықтық педагогика бойынша бағдарламалар туралы білім беру

Дәріс мазмұны:


  1. «Атамекен» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

  2. «Елім- ай» бағдарламасының мақсаты, міндеттері

Атамекен бағдарламасы. Халықтық педагогика - әрбір халықтың ғасырда қалыптасқан үлгі өнегесі, өзіне тән ұлттық тәрбие көздері салаларына жатады. Қазақ халқының әрбір салт-дәстүрінде, әдеп-ғұрпында, ырым-кәдесінде, мақал-мәтелінде, ауыз әңгімелерінде халықтың ұлттық үлгі өнеге, тәлім-тәрбие тұнып тұр. Сол таным-наным бүгінгі күннің талабына ешбір қайшы келмеді. Қайта талай кем-кетігімізді толтыруға мүмкіндік береді. Педагогика негізінде 1 – 10 сыныптар арасындағы оқу – тәрбие жұмыстарына көмекші құрал ретінде қазақ халық педагогикасының тәлім – тәрбие прнципін негізге ала отырып, Атамекен бағдарламасы жасалып шықты.

Атамекен бағдарламасының негізгі бағыттары 26 бөлімнен тұрады. Осы бөлімдерді жүзеге асыру үшін халықтың мәдениетін, тарихын, салт – дәстүрін, әдет – ғұрыптарын оқытуға тереңдеп меңгерту керек:



  1. «Салт» бағытында салт – дәстүрлерді (бесік жыры, тұсау кесу, құда түсу т.б.) сияқты өзіндік ұлттық ерекшелігімен тану.

  2. «Шежіре» бағытында ежелгі көшпелі қалалар «Отырар, Сығанақ, Созақ» туралы оқып, біліп, саяхат жасап, археологиялық жұмыстарға ат салысаы және де құнды деректер жинауға болады.

  3. «Шежірелік» бағытында көшпелі өмірдегі салт – дәстүрлер туралы құнды деректер жинау.

  4. «Жібек жолы» тарихи жер, су, от, тары, ұлы Жібек жолы, Орда басы Ұлытау, жоңғар қақпасы, оқжетпес т.б. қасиетті жерлердің отау тарихы.

  5. «Сөнбес жұлдыздар» бағытында халықтың бір туар перзенттері, яғни хан, би, батыр, қоғам, өнер, саясат, қайраткерлер.

  6. «Толғау» - халық ауыз әдебиетінің ұлттық төл мұралары (айтыс, терме, батырлар жыры, ертегілер, аңыздар, жұмбақтар).

  7. «Асыл мұра» - тарихи архетиктуралық ескерткіштер (мазар, бейіт, зират, жазбалы тастар мен мүсіннің қол өнері туындыларының зергерлік заттар жинақтары).

  8. «Домбыра» - дастан, мейрам, діни мейрам (наурыз, айт, ерулік).

  9. «Наурыз» бағытында ұлттық мейрам жолдарымен, діни мейрамдармен таныстыру.

  10. «Зергер» - ұлттық өнер туындылары туралы және зергерлік бұйым.

  11. «Төрт - түлік» - ежелгі ұлттық кәсіп.

  12. «Көкпар» - ұлттық өнер түрі.

  13. «Дулыға» - ұлттық шапан, тақия.

  14. «Қасиет» - ол ішіндегі көрген, болжай алатын, құмалақ ашатын және санау, көрімкел адамдары болып табылады.

  15. «Ас» - ұлттық тағам, шипалы су.

  16. «Бабалар өсиеті» - өсиет болып қалатын мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, тәрбиелік мәні бар деректер.

  17. «Зерде» бағдарламасы - аңдарды зерттеу.

  18. «Заман-ай» бағыты шет елдерге қазақтар туралы, яғни экология, ядролық жарылыстар, экологиялық апаттар туралы.

  19. «Достық» бағыты қазақ халқымен достық қарым – қатынас болған басқа ұлт өкілдері.

  20. «Қыз бен жігіт» бағыты қыз және жігіт бойындағы салт - дәстүрге сай қасиеттер.

  21. «Ата - ана» бағыты көшпенділік өмірдегі тұрмыс - салт бағытындағы жанұя тәрбиесі.

  22. «Ою - өрнек» - ұлттық тәсілдік ерекшеліктері бейнеленген ою - өрнек көрмелері.

  23. «Шариғат», «Құдай» бағыты балалар мен ересектер, ғасырлар бойы өскен жас ұрпақтар ауқымды ықпал қалдыру еткен қасиетті құран.

  24. «Сәби» бағыты мұғалім, педагогтер мен оқушылар тұрғылықты жердегі мектепке дейінгі сәби баланы қамқорлыққа алуға белсене араласады.

  25. «Қайырымдылық» атамекен бағдарламасы жалғыз басты әжелер мен қарияларға мұғалім мен оқушылардың көмектесуі.

  26. «Құсбегі» бағытына аң аулау, құс ату т.б. жатады.


6. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырып

Семинарлық сабақ мазмұны

апта

Әдеб Әдебиеттер.

1.


Этнопедагогиканың әдіснама

лық негіздері




  1. Этнопедагогиканың принциптері

  2. Этнопедагогиканың философиялық , мәдениеттану, психологиялық , этнографиялық негіздері.

1

  1. Қалиев С. Қазақ этнопедагокикасының теориялық негiздерi мен тарихы. Алматы., Білім, 2003.

  2. К.Қожахметова Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері.Алматы,1993.Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiрлерi Антологиясы, 1 том, (құр. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев). Алматы, 1994.

  3. Табылдиев Ә.Қазақ этнопедагогикасы. Алматы., Санат 2001.

  4. 5.ҚалиевС., Молдабеков Ж.,Иманбекова Б. Этнопедагогика Астана., Фолиант, 2007.

2.


Этнопедагогика

лық білім беру тұжырымдамасы




  1. Этнопедагогикалық білім беру мазмұны

  2. Этнопедагогикалық білім тұжырымдамасын жзеге асыру шарттары

  3. Этнопедагогикалық білім беруді дамыту перспективалары

2

  1. Қалиев С. Қазақ

этнопедагокикасының теориялық негiздерi мен тарихы. Алматы., Білім, 2003.

  1. .К.Қожахметова

Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. Алматы,199

  1. Қазақтың тәлiмдiк ой-

пiкiрлерi Антологиясы, 1 том, (құр. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев).Алматы, 1994.

  1. .Табылдиев Ә.Қазақ

этнопедагогикасы. Алматы., Санат 2001.

3.

ХҮ-ХІХ ғ. Қазақ ақын-жырауларының тәрбие мектебі


  1. ХҮ-ХІХғ. Қазақ ақын-жырауларының тәрбие мектебі (Асан қайғы, Қазтуған, Шалқиіз, Ақтамберді, Шал, Дулат), олардың халықты басқаруға қатысуы, Отанды қорғауға шақыруы, гумандықты, еңбексүйгіштікті және өнерді насихаттауы.

  2. ХҮІІІғ. Жас ұрпақты тапқырлыққа, шешендік өнерге тәрбиелеудегі билердің ерекше рөлі(Төле би, Қазбек би, Әйтеке би).

3

1.Қалиев С. Қазақ этнопедагокикасының теориялық негiздерi мен тарихы. Алматы., Білім, 2003.

2.К.Қожахметова Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. Алматы,1993.



4.

Этнопедагогикадағы тәрбиенің мақсаты


  1. Барлық этностағы тәрбие мақсатының ортақтығы

  2. Адам қазіргі халықтық тәрбиенің мақсаты ретінде

  3. Халықтың педагогикалық мәдениеті, мәні, мазмұны




4


  1. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев

Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, 1995.

  1. Қ.Бержанов, С.Мусин

Педагогика тарихы. Қысқаша курс, Алматы, 1984.

  1. К.Қожахметова

Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. Алматы, 1993

5.

Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары


  1. Жалпы тәрбие әдістеріне сипаттама

  2. Еңбек –тәрбие құралы

  3. Сөз - тәрбие құралы



5

  1. С.Қалиев ХҮ-ХІХ

ғасырдағы ақын- жыраулардың поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер. Алматы, 1990

  1. Ай, заман-ай, заман-ай... (Бес ғасыр жырлайды). томдық. ҚұрастырушыМ. Мағауин, М. Байділдиев. Алматы, 1991

6.

Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері





  1. Дәстүр және салттардың құрылымы

  2. Салттар мен дәстүрдің жалпы ортақтығы мен айырмашылығы




6

  1. Қалиев С. Қазақ

этнопедагокикасының теориялық негiздерi мен тарихы. Алматы., Білім, 2003.

  1. 2.К. Қожахметова

Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері.Алматы,1993.
3.Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiрлерi Антологиясы, 1 том, (құр. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев). Алматы, 1994.

4.Табылдиев Ә.Қазақ этнопедагогикасы. Алматы., Санат 2001.

5.ҚалиевС., Молдабеков Ж.,Иманбекова Б. Этнопедагогика Астана., Фолиант, 2007.


7.

Патриотық тәрбиеге тәрбиелеу


  1. Патриоттылықтың негізгі моделдері

  2. Ааматтық , патриоттық тәрбиедегі

мақал- мәтелдердің алатын орны

7

  1. С.Қалиев ХҮ-ХІХ ғасырдағы ақын- жыраулардың поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер. Алматы, 1990

  2. Ай, заман-ай, заман-ай... (Бес ғасыр жырлайды). 2 томдық. Құрастырушы М. Мағауин, М. Байділдиев. Алматы, 1991

8.

Халық педагогикасында

ғы дене тәрбиесі




  1. Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері

  2. Қазақ халқындағы дене тәрбиесінің ерекшеліктері

8

  1. Қазақтың тәлiмдiк ой-

пiкiрлерi Антологиясы, 1 том, (құр. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев). Алматы, 1994.

  1. Табылдиев Ә.Қазақ

этнопедагогикасы. Алматы., Санат 2001.

  1. ҚалиевС., Молдабеков

Ж.,Иманбекова Б. Этнопедагогика Астана., Фолиант, 2007.

9.

Халық педагогикасында

ғы эстетикалық тәрбие







  1. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

  2. Эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары

9

  1. Қ.Жарықбаев,

С.Қалиев Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, 1995.

  1. Қ.Бержанов,

С.Мусин Педагогика тарихы. Қысқаша курс, Алматы, 1984.

  1. К.Қожахметова

Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. Алматы, 1993

11.

Қазақ бала тәрбиесінің халық педагогикасында

ғы көрінісі




  1. Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты туындаған ырым, жол- жоралар және олардың ауыз әдебиетіндегі көрінісі

  2. Бесік жырлары және оның танымдық мәні




11

  1. К.Қожахметова

Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. Алматы, 1993

12.

Қазақ этнопедагогикасының ұлттық мәдениетпен сабақтастығы

  1. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті

  2. Ұлттық мәдениеттіліктің белгілері




12

  1. Қ.Жарықбаев,

С.Қалиев Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, 1995.

  1. Қ.Бержанов, С.Мусин Педагогика тарихы. Қысқаша курс, Алматы, 1984.

13.

Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу- тәрбие процесіне ендіру




  1. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу- тәрбие процесіне ендіру формалары

  2. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу- тәрбие процесіне ендіру әдістері

13

  1. К. Қожахметова

Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. Алматы, 1993

14

Этнопедагогика

лық шығармаларды пайдаланудың саналық әдістері



  1. Этнопедагогикалық шығармаларды пайдаланудың саналық әдістеріне жалпы сипаттама

  2. Педагогикалық ұйымдастыру жұмыстарының мазмұны




14

  1. Қалиев С. Қазақ

этнопедагокикасының теориялық негiздерi мен тарихы. Алматы., Білім, 2003.

  1. .К.Қожахметова

Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері.Алматы,1993.
3.Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiрлерi Антологиясы, 1 том, (құр. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев). Алматы, 1994.

  1. Табылдиев Ә.Қазақ

этнопедагогикасы. Алматы., Санат 2001.

  1. ҚалиевС., Молдабеков

Ж.,Иманбекова Б. Этнопедагогика Астана., Фолиант, 2007.

15.

Халықтық педагогика бойынша мектептерде бағдарламалардың жүзеге асырылуы



  1. Жалпы білім беретін мектептердің жұмыс тәжірибелері

  2. Жас ұрпақты тәрбиелеуде және оқытуда халық педагогикасын пайдалану

15

  1. Қалиев С. Қазақ этнопедагокикасының теориялық негiздерi мен тарихы. Алматы., Білім, 2003.

  2. К.Қожахметова Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері.Алматы,1993.
    3.Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiрлерi Антологиясы, 1 том, (құр. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев). Алматы, 1994.

  3. Табылдиев Ә.Қазақ

этнопедагогикасы. Алматы., Санат 2001.

  1. .ҚалиевС., Молдабеков

Ж.,Иманбекова Б. Этнопедагогика Астана., Фолиант, 2007.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет