Педагогика факультетінің деканы



бет9/23
Дата28.01.2018
өлшемі1,56 Mb.
#34266
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

Дәрістің мазмұны:


1.Қарым-қатынастың мазмұны.

2. Қарым-қатынастың мақсаты.

3.Қарым-қатынастың негізгі қызметтері.

4. Қарым-қатынас кедергілері.



Мақсаты:Қарым-қатынастың мазмұнын, мақсатын және негізгі қызметтермен таныстыру.Қарым-қатынас барысында кездесетін кедергілерді анықтай отырып студенттерді адамдармен қарым-қатынас жасау дағыдысын қалыптастыру.

1.Қарым-қатынас адамдар өмірінде негізгі орын алады.Қарым-қатынас процесі соның ішінде іскерлік қарым-қатынас бұл комуникация, сонымен қатар мәлімет алмасу, пікір алмасу, көңіл-күй тілектерін бөлісу.Қарым-қатынастың нәтежиесі мына факторларға байланысты; комуникациялық құралдарды дұрыс қолдану, комуникациялық қабілет, білік- дағдыны қолдана білу.Қарым-қатынастың негізгі құрадарына вербальды, вербальды емес құралдар жатады. Вербальды емес құрадарға сезім мен эмоцияның мимика жест арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынаста бейнеленуі. Қарым-қатынас адамның өмір сүру мәнін және сынилылығын білдіреді. Адамның өзіне тән ерекшелігі қарым-қатынаста көрініп отырады.Сонымен қатар қарым-қатынас ұжымдық әрекет және адамдар арасындағы комуникативті байланыстырушы рол атқарады. Қарым-қатынас адамның тіршілік етуі мен дамуын қанағаттандыратын маңызды өмірлік қажеттілік.

Сонымен қатар қарым-қатынас сөздік немесе бейсөздік деп бөледі. Біріншісінде қарым –қатынас сөз арқылы болса, екіншісінде мимика, жест, дыбыс, пауза, иіс, кеңістікте орналасу, жұғысу т.б арқылы .

Қарым–қатынас өте күрделі процесс. Оны құрылымдауда бірнеше ыңғай қалыптасқан, олар үш өзара байланыс жағын анықтайды: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.(сурет-1)

Қарым – қатынас барысында ақпарат бір адамнан екінші адамға алмасады. Сондықтан қарым – қатынастағы ақпарат алмасу – тікелей ары – бері ауысу ғана емес, бұл процестің негізгі мақсаты белгілі жағдайдың не мәселенің жалпы мағынасын анықтау.

Коммуникативті әрекеттің екі типі анықталынды: авторитарлы, диалогтық.

Бұлардың коммуникатордың реципиентке деген қатынасынан пайда болған

психологиялық құрылымынан айыруға болады.

Авторитарлы және диалогты қарым-қатынастың салыстырмалы сипаттамасы төмендегідей кестеде көрсетілген.

Қарым-қатынас үрдісінің параметрлері

Авторитарлы қарым-қатынас

Диалогты қарым-қатынас

1.коммуникатордың психологияық

«жоғарыдан – төменге»

«тепе - тең»


2. мәтін мінездемесі

А) жалпылама сөздер

Б)тыңдаушылардың ерекшеліктерін есептемеу

В)сезімдерді жасыру

Г)аксимотикалық мазмұны



А) өз атынан сөйлеу

Б) тыңдаушылардың тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу.

В) өзінің сезімін ашық көрсету.

Г)пікірталастық сипаттағы мазмұн



3. Қарым-қатынасформасы

Монофония

Полифония

4.Қарым-қатынасты ұйымдастыру тәсілдері

Коммуникатор

Коммуникатор

5. Бейсөздік қарым – қатынас сипаттамасы

Жабық жесттер мен позициялар.

Ашық жестілік, яғни бір кеңестіктік деңгей.

2.Өзінің формасымен түріне қарай қарым-қатынас әртүрлі.Қарым-қатынаста мыналарды бөліп қарауға болады;мазмұнын, мақсатын, құралдарын, функцияларын, формаларын.Мазмұнына қарай қарым-қатынас;

Материалдық-субектілердің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы болатын іс-әрекеттің заттары мен өнімдерімен алмасу.

Когнитивтік-біліммен алмасу.

Іс-әрекетік-әрекетермее, операциялармен, іскерлік дағдылармен алмасу.

Кондинционалдық-психикалық және физиологиялық жағдайлармен алмасу.

Мотивациалық,мақсатымен,қызығушылығымен,себептермен,қажеттіліктермен алмасу.

Қарым-қатынастың мақсаты-бұл адамның сол әрекеттегі белсенділігінің пайда болу жағдайы.Мақсатына қарай қарым-қатынас биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді.

Биологиялық-бұл ағзаны қолдауға, сақтауға, дамытуға, қажет қарым-қатынас.

Әлеуметтік- тұлғааралық байланыстың нығаюын, кеңейуін және индивидтің тұлғалық өсуі.

Бағытымен тәсілдеріне қарай динамикалық қарым-қатынас адамның қызметімен олардың жағдайларына қарай жалпы қарым-қатынас құрамына бөлінеді. Қарым-қатынас формаларымен, байланыспен, шығармашылықпен қажеттілікпен ретке келтіріледі.



3.Қарым-қатынастың негізгі 4 түрлі қызметі бар.

Инструментальдық қызмет- ақпаратты беру және басқарудың әлеуметтік механизмі.

Интегративті қызмет-қарым-қатынапсты адамдарды біріктіру құралы ретінде анықталады.

Өзін-өзі көрсету –психологиялық контекстті өзара түсіну формасы ретінде анқыталады.

Трансляциялық қызмет-іс-әрекеттің нақты әдісін, бағасын беру ретінде болады.

Әлеуметтену өзара қарым-қатынастағы дағдылардың қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелермен сай қалыптасуы.

Формаларына қарай қарым-қатынас--тікелей-( вербалды және вербалды емес ақпарат құралы арқылы « бетпе-бет» табиғи байланыс) және жанама ( қарым-қатынас процесіне « қосымша» қатысушы арқылы ақпарат тасымалданады)

- тікелей ( табиғи мүшелер көмегімен ( қол, кеуде, бас) және тікелей емес ( арнайы құралдардың көмегімен толық емес психологиялық байланыс)

-массалық ( көпшілік таныс емес адамдардың тікелей байланысы) және тұлғааралық ( топтағы немесе жұптағы адамдардың тікелей байланысы, серіктестердің психологиялық жақындылығын білдіреді)

Қарым-қатынастың коммуникативті жағы.

Коммуникативті карым-қатынас құралы вербалды және вербалды емес деп бөлінеді. Вербалды емес мінез-құлыққа адамның психикалық күйін көрсетеді.

Кинесикалық-басқа адамның іс-әрекетін көру арқылы қабылдау.

Такесикалық- тактильді әсер.

Проксемикалық- кеңістікте бағытталу.

Қарым-қатынастң интегративті жағы

Негізгі мазмұны- серіктеске әсер ету, өзара әсерлесу бақылауға және түсінуге бағытталады.

« Контролер» стратегиясы- жағдайда басқаруға ұмтылу.

« Түсінуші» стратегиясы—жағдайды басқалардың әрекетін түсінуге ұмтылу.

Қарым-қатынастың перцептивті жағы-

Әлеуметтік қабылдау басқа адамның бейнесін тұтастай елестеу, оның сыртқы кейпі мен мінез-құлқына баға беру.

Таныс емес адамдарды қабылдаудың негізі-әлеметтік топтағы адамдардың , құбылысты қабылдауы. Әрбір ересек адам тәжірибелі адамның сыртқы кейпіне, киіміне, сөйлеу мәнеріне қарап оның әлеуметтік –психологиялық сипатын, жасын, мамандығын нақты айтып бере алады.

4.Қарым-қатынастың кедергілері.

Коммуникативті кедергілер-ақпараттың механикалық үзілуі және осыдан оның мағынасының жоғалтуы; берілетін ақпарат анық еместігі, бұның нәтижесінде берілетін ойдың мағынасы жоғалады. Бұны ақпараттың жетіспеушілігі деп атайды.

Көп жағдайда эмоциямен эмоционалдық тосқауыл байланысты. Бұнда адамдар қандай да бір ақпаратты алып, өздерінің сезімдеріне сай қабылдайды. Келесі түрі фонетикалық түсінбеушілік ол ең алдымен қатысушылар әртүрлі тілде және диалектерде сөйлеген кезде пада болады. Сондай-ақ түсінбеуді семантикалық тосқауылы бар бірінші кезекте ол қарым-қатынасқа қатынасушылардың мағыналар жүйесіндегі әртүрлілігі. Бұл ең алдымен жаргодар алэнгтер мәселесі.

Түсінбеудің логикалы тосқауылы. Ол коммуникатормен ұсынылатын логикалық пайымдау рецепиент үшін өте қиын немесе оған дұрыс емес болып көрінеді, дәләлдеу мәнеріне қайшылық тудырады.

Психологиялық тосқауылдың пайда болу себебі: сыбайлас қарым-қатынасындағы әлеуметтік мәдени айырмашылықтарға байланысты. Бұл әлеуметтік, саяси, діни, және кәсіби айырмашылықтар болуы мүмкін.

Қарым-қатынастағы тосқауыл-бұл коммуникатор мен рецепиент қарым-қатынасының барысында туындайтын , таза психологиялық феномен.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қарым-қатынастың мазмұнын ата?

2.Қарым-қатынастың перцептивті жағын ата?

3. Қарым-қатынастың интегративті жағына не жатады?

4. Логикалық кедергі дегеніміз не?

5. Семантикалық кедергіге не жатады?

3-4 дәріс

Тақырып: Вербальды емес қарым-қатынас.

1.Визуальды қарым-қатынас.

2.Аудиальды қарым-қатынас.

3. Жест және мимика түрлері.

Мақсаты:Студенттерге вербальды емес қарым-қатынас туралы түсінік беру.

Вербальды емес құрал түрлерімен таныстыру. Өзге адамның жест мимикасын меңгеру дағдысын қалыптастыру.

Қарым-қатынастың мынадай түрлері кездеседі.

Вербалды қарым-қатынас, өзінің кезегінде ауызша және жазбаша болып бөлінеді.

Вербалды емес қатынас біздің өмірімізде аңызды орын алады.Берілген анықтамалар бойынша 60-тан 80% ақпаратты өзгелерден сөзсіз каналдар арқылы аламыз. Қарым-қатынасқа түсуші адамдардың санына қарай былайша бөлінеді: тұлға аралық қатынас, топ немесе екі адам арасындағы байланыс.Көлемді қатынас мұнда көптеген жанама қатынастар таныс емес адамдар арасындағы байланыс. Әлеуметтік қарым-қатынас жүйесі былайша ерекшеленеді; тұлғааралық қатынас нақты жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас жеке сапаларды меңгерген адамдар өзгелермен қатынаста біріккен әрекетте өзін-өзі көрсете алады.Ролдік қарым-қатынас әлеуметтік ролді тасымалдаушылар. Бұл қатынаста адам өзінің негізгі әрекетінен айырылады,себебі оның бір іс-әрекеті бір ролді атқару ретінде қабылданады. Вербалды емес қарым-қатынас көптүрлі. Олардың негізгілеріне визуалды, аудиалды , тактилді, ольфакторлы.

Қарым-қатынас құралдары;ақпаратты беру, шешу,қайта өңдеу, әдіс-тәсілдерді қолдану.

Вербалды емес қарым – қатынас:

1.Қарым –қатынас процесінің жүру барысын бақылауға және психологиялық байланыс жасауға мүмкіндік жасауға және қалыпты деңгейде ұстауға көмегін тигізеді.

2.Сөздік мәтінге жаңа мағыналы көрініс беруге және сөз жүйесін тиісті арнаға бағыттауға мүмкіндік береді.

3.Эмоцияны, бағаны, қабылданған рольді, жағдайды көрсетуге мүмкіндік береді.

Вербалды емес қатынас өз еркінен сөзге мағына бермейді. Олар өздері мен және сөзбен толықтай координацияланған.

Вербалды емес қарым – қатынас түрлері:кинесика: қолдың, бастың, аяқтың, дененің, жүріс – тұрыстың қозғалысы,көз, бет бейнесі

Бейсөз құралдар сөз қарым-қатынасында маңызды қосымша болып, тұлғааралық байланысты байытады. Тиімді қарым-қатынастың маңызды шарттары: нәтижелі кері байланыс, қарым-қатынас ықпалының ортақтасу міндеттеріне сәйкес болу, қарым-қатынас кедергілердің жоқтығы.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Вербальды емес қарым-қатынас дегеніміз не?

2. Вербальды қарым-қатынас құралдарына не жатады?

3. Жест түрлерін ата?

4. Парлингвистикалық жест түрлерін ата?
5. Қарым-қатынас барысында вербальды емес құралдар арқылы қанша мәлімет алынады?

5-6 дәріс



Тақырып: Іскерлік қарым-қатыныстағы перцепция.

Дәрістің мазмұны:

1.Іскерлік перцепция туралы түсінік.

2. Әлеуметтік стериотип ұғымы.

3. Әлеуметтік стериотипке әсер етуші факторлар.



Мақсаты: перцепция туралы түсінік беру . Перцепцияның қарым-қатынас барысындағы мәнін ашу және адамдардың өзгелерге баға беруіндегі әлеуметтік стериотиптредің маңызын тісіндіру.

1Қабылдау немесе перцепция шынайы өмірде обьективті қалыптасқан идеалды құрылым болып саналады.



Әлеуметтік психологияда қабылдау деп басқа адамның сыртқы түрі мен мінез-құлқын бағалау негізінде қалыптасатын біртұтас бейнесі түсіндіріледі.Әлеуметтік қабылдауды мына жүйе арқылы көрсетуге болады:

- бақылаудағы мінез-құлқы мен сырт келбетін қабылдау және баға беру.

- мінез-құлық себебі мен нәтежиесі арқылы интерпретация беру және алдын-ала болжау

-өзіндік мінез-құлық стратегиясын ойластыру

Іскерлік қарым-қатынаста өзара әрекет 1-н алғаш көрген адамммен 2-н жақсы білетін адаммен әрекетке түседі. Бұрын танымайтын адамдар арасында психологиялық механизмдер қалыптасады олар; 1.топаралық, 2, тұлғааралық.

Бір адамның екінші адамды қабылдауы қарым – қатынастың міндетті құрамдас бөлігі ретінде қарым – қатынастың перцепциялық жағында қарастырылады. Әлеуметтік перцепция – ортақтасу үрдісінде бірін – бірі өзін - өзі тану мен түсіну.

Әлеуметтік перцепцияның құрылымы – адамның сыртқы келбетін қабылдау арқылы оның тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін бағалау, талдау және оған орай өз эмоциялық қатынасын анықтау соның негізінде бақыланушының іс - әрекетін болжау.

Әлеуметтік перцепцияның қызметттері:

-өзін-өзі тану

-ортақтасу серігін тану

-түсінісу негізінде өзара іс-әрекет ұйымдастыру

-эмоциялық қатынас орнату

Қарым-қатынастың әлеуметтік перцепция механизмдеріне идентификация, аттракция, эмпатия, рефлексия жатады.

Идентификация- өзгенің орнына өзін қойып, оның ішкі дүниесін түсіну, өзгені тану тәсілі,өзін өзгеге ұқсату.Идентификациялану барысында өзгенің құндылықтары, мінез-құлықтары ,әдеттерін өз бойына сіңіріледі.

Эмпатия-эмоциялық түсіну, өзгенің ішкі жағдайын өз сезімдері арқылы қабылдап білу.Эмпатияның негізінде жатқан жайт - өзгенің ішінде не болып жатқанын, ол не сезіп тұрғанын, дүниені қалай бағалайтынын дұрыс елестетіп білу.

Аттракция- өзгені танып білудің ерекше түрі, ол өзгеге қатысты тұрақты жылы сезім қалыптастыруға негізделген. Қарым-қатынас серігін жақсы түсінуге, оған қарай достық не сүйіспеншілік сезімдеріне негізделген қарым-қатынас себепкер болуы даусыз.

Әлеуметтік рефлексия- қарым-қатынас барысында өзін-өзі тану механизмі болып табылады.

Топаралық қарым-қатынастағы қабылдау механизмдеріне алғаш тану жатады.Соған байланысты адамдар арасында белгілі бір стериотип қалыптасады.Мысалы: А обьектісін көргенде автоматты түрде А бейнесі қалыптасады.Әлеуметтік стериотиптер мынадай түрлерге бөлінеді: этникалық, діни, кәсіби, идеологиялық, жас ерекшелік.Әлеуметтік стериотиптердің мынадай ерекшелігі бар:

1. Нақты өмірлік жағдайларды қабылдауының анықталуы нақты жағдайларға қатысты емес, жанамалы түрде біздің санамызға қалыптасқан бейнелерге қатысты болады.

2.Әлеуметтік стериотип меншігінен шығару қарым-қатынастың қалыптасуы арқылы «ойлауды үнемдейді», яғни алдын-ала қалыптасқан ойлар арқылы сол жағдайдағы әрекет өздігінен пайда болады.

3. Әрбір әлеуметтік стериотип әр түрлі пропорциядағы сипатта болады және ол адамның жекелік сипатына сай келеді

4.Стериотиптер өте берік қалыптасып қалады, тіпті тұқым қуалайды.

5.Біз қаншалықты әлеуметтік обьектіден алшақ болсақ, соншалық ұжымдық әсерге бағынушылық көп болады.

Стериотиптердің қалыптасу факторларына: таңдану, тартымдылық,қарым-қатынасқа түсу түрлері жатады.

Таңдану факторы сыбайластардың тең емес жағдайында болады.Ол өзінен сыбайласының бір жағынан болса да артық деп бағалайды.

Тартымдылық механизмінде адамға қойылатын баға ұнау, ұнамау жағдайына қатысты. Егер адамның сырт келбеті ұнаса, ол адамды жақсы, ақылды деп бағалаймыз.

Қарым-қатынасқа түсу факторы, егер бізбен кім жақсы араласады, сол жақсы деп бағаланады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Перцепция дегеніміз не?

2. Стериотип дегеніміз не?

3. Стериотипке әсер етуші факторларды ата?

4.Атракция дегенімз не?

5. Рефлексия дегеніміз не?

6. Каузальды атрибуция дегеніміз не?

7-8 дәріс



Тақырып: Іскерлік қарым-қатынастағы интеракция.

Дәрістің мазмұны:

1.Сендіру.

2. Иландыру.

3. Еліктеу.



Мақсаты:Студенттерге интеракция туралы түсінік беру және оның түрелерімен таныстыру. Сендіру, иландыру, еліктеудің тұлғаралық қарым-қатынастағы маңызын түсіндіру.

1.Іскерлік қарым-қатынас кезінде бұған қатысушылар бір-біріне қабылдап, түсініп қана қоймайды, бір-бірімен мәлімет алмасады. Сонымен қатар, өзара әрекетке түседі, ортақ әрекетті жоспарлайды. Біріккен әрекеттің формалары мен тәсілдерін ойластырады. Қарым-қатынастағы өзара әрекет – ортақ әрекеттің шартты жүйесі, жүйесі, қарым-қатынастағы сыбайластық бір-біріне әсері. Осы әсер арқылы ойларын, эмоциясын, мінез-құлқын өзгерту бағытталады.



Өзара әрекеттің негізгі сипаттары:

  1. Өзара әрекет қажетті және міндетті біріккен әрекеттің тәсілін ойлап табу;

  2. Өзара әрекеттің негізі әртүрлі бейнелер тұлғаарлық контакт және әрекет құрайды. Оларға жанамалы және тікелей кездейсоқ және алдын-ала ойластырылған, жеке және бұқаралық, ұзақ және қысқа мерзімді, вербальды және вербальды емес әрекеттер жатады.

  3. Өзара әрекетке серіктестің бір-біріне тәуелділігі тән. Егер әр адамның әрекетіөзгелермен бір уақытта жүргізілсе, өзге қатысушыларға да әсерін тигізеді. Осы серіктестік арасында өзара байланыс пайда болады.

Осы мақсатқа байланысты мінез-құлықтар мынадай стратегияға бөлінеді:

  1. Бірлесу – ол қатысушының өзара әрекет кезінде өз мақсатына максимальды түрде жетуін көздейді.

  2. Қарсыластық, бәсекелестік – мұнда сыбайластарөз мақсатын көздейді.

  3. Компромисс – мұнда сыбайластар тең жағдайды сақтап қалу үшін әрекет етеді.

  4. Жол берушілік – сыбайластың мақсатына жету үшін өз қажеттілігіңді құрбан ету.

  5. Қашқақтау – қарым-қатынаста алшақтау, өзге адамның жеңіп шығуы үшін өз мақсатыңнан бас тарту.

Басқарушылық әрекеттің түрлері төмендегідей:

  1. Сендіру

  2. Иландыру

  3. Еліктеу

  4. Күштеу

  5. Манипуляция

  6. Сынау

Сендіру – бұл іс-әрекетін тудыру себебінде ақпаратты беру және еркін қабылдауды мақсат еткен интеллектуалдық, психологиялық әсер. Басқаша айтқанда сендіруде текақпаратты қабылдау ғана емес, онымен іштей келісу және соңғы қорытындыны, ақпаратты өздігінен қабылдаушы жасау керек. Сендіру әсер ету әдісі ретінде иландыру,жұқтыру механизмдерінен бұрын әлеуметтік практикада жайырақ қолданыла бастады.Ақпаратты қабылдау немесе қабылдамау түскен сыни игерудің қажеттігі адамның интеллектуалдық дамуының жоғарғы деңгейде екендігін көрсетеді.Сендіру әсері процесінің қиындығы, рационалды әсер ету сияқты тұлғаның эмоциялық сферасына да әсерін әсер етуші инициатор мен адресаттың бірлескен белсенді әрекетін бастайды. Сендіруге көбінесе мына адамдар беріледі:қиялы ашық, өзіне қарағанда басқаларғабағытталатын, өзін-өзі бағалауы төмен адамдар.

Сендіру тиімділігімына талаптарды сақтау керек:

-контакт орната білу, сенімділік тудыру;

-шыдамдылық, төзімділік, такт;

-дәлелдеу, түсіндіру, жоққа шығара алатын;

-бұрын игерген нәрселермен байланысатын жаңа идеялар беру;

-тұлғалық ашықтық;

-екі жақ қолданатын терминдерді, түсініктерді бірдей түсіну;

-сендіретін адамның жеке тұлғалық ерекшелігі мен шағын топтың психикасын есепке алу.

Сендіру 3 әсер ету түрінен тұрады:ақпараттық, түсіндіру, дәлелдеу немесе жоққа шығару

Ақпараттық тыңдаушының нақты іс-әрекет тудыруға қажетті оған фактілер мен қорытындыны жеткізу мақсатында ақпаратты бейнелі, әсерлі түрде жеткізу,жұмысшыға бар нәрсені айта отырып, индуктивтік немесе дедуктивтік жолдарды таңдап алады. Біріншісі, жалпылау қорытындысы бар фактілерді, құбылыстарды, оқиғаларды қарастыру. Дедуктивтік жол – бірінші жалпы жағдайдың өзін айтып, содан кейін фактіге дәлелдемелер келтіру.

Б. Түсіндірудің бірнеше түрін көрсетеді:

1. Инструктивтік – жұмысшы жеткен ақпаратты игеріп, есінде сақтауы керек.

2. Хабарлау – жұмысшыға фактілер, шынайы әңгіме ретінде түсіндірді – бұл белгілі бір сәйкесті қорытындығы алып келеді.

3. Талдау – жұмысшының ойлау әрекеті, оған бірнеше сұрақтарқою арқылы белсендендіреді, ол логикалық талдауға және керекті қорытынды жасауға алып келеді.

4. Мәселелік – басшы қойылған сұрақтарға жауап бермейді. Жауапқа жұмысшының өзі келеді., бірақ түсіндіруге қажетті материалдар басшыны қорытындыға итермелейді.

Сендіруге дәлел логикалық заңдылықта, қарым-қатынаста жеткілікті негізде құрылады. Дәлел тиімді болады, егер өз мәнінде дұрыс болып келетін фактілерге сүйенсе немесе жұмысшы дұрыс деп қабылдаса. Логиканың көзқарасымен қарасақ, жаққа шығару да дәлел сияқты сипат алады.

Бағынышты адамдарға бір идеяны дәлелдей отырып, басшы басқасын жоққа шығарады. Психологиялық жағынан айырмашылық анық байқалады.

Дж.Майерстің пікірінше, сендіруәсерінің жүзеге асуында Кім? Не? Қалай? Және кімге беретінін есінде сақтау маңызды.

2.Иландыру – эмоционалды ерікті сипаттағы психологиялық әсер ету тәсілі. Тұлғаның ақпаратты мақсатты түрде сыни емес тұрғыда қабылдау. Иландыру мәні адамның сезіміне әсер ету арқылы оның ақылы мен еркіне әсер ету.

Иландыруға бейім тұратындар суггестивті деп аталады. Қарым-қатынас процесінде бір мезгілде формасына, мазмұнына негізделеді.Иландырудың әсер ету мазмұны «жабысқақтылығымен» ерекшеленеді. Ол иландырылған жағдайдағы бірігушілік пен түзету мағынасында қиын беріледі. Ол гетеросуггестиялы (яғни жан-жақтан) және аутосуггестиялы (өзін иландыру) формалары арқылы жүзеге асады.

Иландырудың объектісі – үлкен топпен бұқара болуы мүмкін. Иландыруда ең үлкен эффекті мынадай жағдайда болады, егер де иландырылып берілген ақпарат адамның қажеттілігі мен қызығушылығына сәйкес келген жағдайда. Іскерлік қарым-қатынаста әр адам әртүрлі деңгейде иландыра алады, қабылдау деңгейі әртүрлі, иландыруға бейімділігі де әртүрлі адамдар болатынын әрдайым есте сақтау керек.

Иландырудың эффективтілігі келесі факторларға тәуелді:

1.суггестордың қасиеті мен жағдайы (заңгер консультантқа, менеджер – бағынышусына т.б.) иландыруды іске асырушысы.

-оның әлеуметтік статусы мен беделінің жоғары болуы;

-еріктік, интеллектуалдық және мінез-құлықтық жайы;

-жетістікке жету қабілеті және оптимистілігі;

-ақпаратты жеткізуде аргументті, логикалы, эмоционалды компоненттерін дұрыс құрастыра білу;

-ақпарат көздеріне ерекше, қосымша сенімді әсер ету стимулын жасау қабілеті.

2.суггеренттің қасиеті мен жағдайы, яғни иландыруы бағытталған кісі

-оның астеникалық жағдайы, эмоционалды психофизиологиялық қосылу (стресс, дистресс, шаршау, әлсіз, ашу, т.б.)

-төменгі бағалау, өзіне сенімсіздік, шешім қабылдай алмаушылық;

-мазасыздану, үрейлену, ұялу, эмоционалдылығы жоғары, өзінің толық емес сезімдерінен комплекстену;

-бейнелі ойлау және беделге сенуі дамыған.

3.суггестер мен суггеренттің арасындағы эмпатия мен сенім маңызды орын алады.

-кілт сөздерінің нақтылығы және бейнелілігі;

-суггестердің комментариясындағы «жоқ» деген сөздер кездеспейді;

-сөздік динамикасы – бұл суггестияның негізгі тәсілі сөзінің тілдік спектрі үлкен қиыншылықпен ерешеленеді;

-мимика, жестикуляцияны суггерент эмоциональды қызығушылық, болашақтағы жақсы, сенімді, жағымды қатынастарын қалыптастыруға себін тигізеді.

-дауыс ырғағының сәйкес келуімен эмоцияға әсер етеді.

3.Еліктеу деп – бір адамның сыртқы құлқын қабылдаудағы бірнеше психикалық қалыптың тууы және сонымен қатар сол адамның құлқын белгілерін өзінде қайталау. Өзгелерге еліктеу негізінен санасыз болады, бірақ кейде бір мақсатқа жету барысында саналы қолданылады. Біреуге еліктеу ерікті және еріксіз түрде де болады. Еліктеу баланың әлеуметтену механизмінің негізгі бөлігі болып табылады.

Еліктеуді ғылыми тұрғыдан зерттеген, негізін салған француз психолог-социологы – Г.Тард. Оның тұжырымдамасы бойынша, еліктеу, қоғам дамуының негізгі принципі болып табылады. Сонымен қоса, еліктеу – «қайталаудың әлемдік заңдылығы». Жануарлар әлемінде бұл заңдылық тұқым қуалау арқылы болса, адамдар қоғамында еліктеуарқылы болады. Г.Тардтың көзқарасынша, еліктеу – прогресстің көзі: жұрттың еліктеуі арқылы кезең мен қоғамда өнер туыдылары жасалуда. Бұл туындылар мен ашылулар қоғам құрылымына еніп, еліктеу арқылы меңгеріледі.

Еліктеу психологиялық әсер етудің тәсілі ретінде нақты заңмен жүзеге асады:

Біріншіден, еліктеу іштен сыртқа бағытталады, яғни ішкі бейнелер сыртқыға қарағанда тез жүреді.

Екіншіден, әлеуметтік баспада төмен тұрғандар жоғарыдағыларға еліктейді.

Үшіншіден, неғұрлым адам ересек және білімді болған сайын еліктеудің қарапайы белгілеріне икемді. Мысалы, балалармен салыстырғанда ересектердің әлемді қабылдаудағы адамның ішкі жеке сипаттамасына үңілмей, сыртқы бейнесіне негізгі көңіл аудару.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Интеракция дегеніміз не?

2. Сендіру дегенді қалай түсінесің?

3. Иландыру қарым-қатынасты қалай жүзеге асады?

4. Еліктеу дегенді қалай түсінесің?

5. Еліктеуді ғылыми тұрғыда зерттеген ғалым?

9-10 дәріс

Тақырып:Жағымды қарым-қатынас қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет