Педагогика факультетінің деканы



бет12/23
Дата28.01.2018
өлшемі1,56 Mb.
#34266
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

Дәрістің мазмұны:


1.Социометрия әдісінің мәні мен мүмкіндіктері.

2. Социометриялық сауалнама жүргізу.

3. Социоматрица және социограмма құрастыру.

Мақсаты: Социометрия әдісі туралы түсінік беру және оның жүргізу әдісін түсіндіре отырып, топ студенттерінің бір-бірімен қарым-қатынасын анықтау.

1. Мекемелердегі қарым-қатынас бірлігін екіге бөлуге болады: формальды және формальды емес. Қызмет барысында адамдар арасында тұлғааралық қарым-қатынас қалыптасады. Адам біреуді ұнатады, біреуді ұнатпайды. Тұлғааралық диагностиканың негізгі әдісіне социометрия жатады. «Социометрия» ұғымы латын тілінен аударғанда жолдас, әріптес, сыбайлас дегенді білдіреді. Социометрияның негізін салған американ әлеуметтік психологы және психиатр Дж.Морено. Ол әдіс шетелде Мореноның «Кто выживает» деген еңбегінен кейін 30-жылдардан бастап таралады.Оның ойынша тұлғааралық қарым-қатынастардың бірлігі олардың сипатының құндылығы ғана емес, адамның рухани жағдайында да алғашқы психологиялық құрылым болып табылады. Дж.Мореноның теориялық концепциясына сай екі құрылым: макроқұрылым өлген адамдардың өмірлік әрекетінде әртүрлі процестерде араласу және микроқұрылым -тікелей қатынасы арқылы қалыптасатын психологиялық қарым-қатынас. Микроқұрылым мен макроқұрылым бір-бірімен бірлікте болуы мүмкін. Социометрия – ұжымдағы біріккен іс-әрекеттің әртүрлі сферасындағы топ адамдарының бір-бірін таңдауы нәтижесінде тұлғааралық қарым-қатынастағы әлеуметтік-психологиялық зерттеу. Өзге де әдіс шықты. Бұл әдістің қолайлы да қолайсыз да жақтары бар. Қолайлы жақтарына:

- Қарым-қатынасты зертттейтін өзге әдіс болмаған кезде пайда болды.



- Формальды дәстүрлі деп есептеп келген сферада сандық формасы нәтиже беру.

- Жүргізу кезінде нәтижесін талдауда да өте қарапайым.

Жағымсыз жақтарына:

- Картинаның жағдайға байланыстылығы.

- Ананимді тест болмағандықтан жауаптың бұрмаланып берілуі.

- Мүмкіндіктердің аздығы.



Социометриялық сауалнама арқылы 1-ден: мекемедегі өзара қарым-қатьнасты анықтап формальды емес құрылымды анықтайды.

2-ден: Жетекшінің беделімен оның формальды емес құрылысын да анықтайды. 3-ден: ¥жымдағы адамдардың бірігуі мен бытыраңқылығын анықтайды. 4-ден: психортерапинялық қызмет атқарады. Социометриялық сауалнамаға қатысу арқылы адамның өзгелермен қарым-қатынасын талдауына, мінез-құлқын, өз көзқарасын ынталандыруға, түзетуге талпындырады.Социометрияның мәні «жарату, жаратпау» жуйесін анықтау. Осындай таңдаулардың барлығы диаграмма ретіндегі социометрияда көрсетіледі. Социометриялық сауалнама жүргізбес бұрын әзірлік жұмыстары жүргізіледі. Таңдау критерийімен, таңдау санын анықтау қажет. Таңдау критерийіне нақты бір әрекетті істеуге тілек білдіруі жатады. Мыс: «Сен кіммен бірге?» т.б.

Критерийлер әртүрлі болады: қолайлы және қолайсыз.

Қолайлы (Демалыс күндерін кіммен өткізгің келеді?).

Қолайсыз (егер мүмкіндік болса, әріптестеріңнен кімді өзге бөлімге ауыстырар едің?). Дихотомикалық. Бір уақытта қолдау мен мойындамауға бағыттау. (Мекеменің жаңадан ұйымдасуы кезіндегі қайсысымен бір бөлімде бірге, ал қайсысымен бөлек жұмыс жасар едің). Социометрия жүргізу барысында сұрақтарға мынандай талаптар қойылады:



1.Ұсынылған критерий ұжым мүшелерінің барлығын да қызықтыруы тиіс.

2.Әріптестер арасындағы өзара қарым-қатынасты көрсетуі тиіс.

3.Қызметкер таңдауына нақты шынайы ситуацияларды елестетуі тиіс.

4.Критерийдің саны ұжымдағы адамдардың бір-бірін қаншалықты білуіне байланысты.

Социометрияны жургізуде аз дегенде үш критерий алынады.

- қызметтік-функционалды, моралдық - адами, қызметтен тыс.

Социометриялық зерттеуді екі формада жүргізуге болады.



1.Параметриялық емес форма - жауап беруші берілген критерийге байланысты қанша адам таңдаса, сонша адам таңдайды.

Параметриялық форма - ұжым ішіндегі нақты санаулы адамдарды таңдауды ұсынады. Параметриялық формада жүргізілген зерттеу қарапайым және қорытындылауға оңай келеді. Дайыңдық жақтан өткеннен кейін мәлімет жинақтау процедурасына көшіріледі.

1-ден, сауалнамаға қатысушылар біріккен әрекетте кем дегенде 3-4 тәжірибесі болуы тиіс.

2-ден қатысушылар саны 25 тен аспауы.

З-ден, қатысушыларға табиғи түрде жүргізілуі.



Сауалнаманы кіріспе сөзден жүргізуші бастайды. Кіріспе сөзден кейін зерттеушілерге барлығына бірден реттік номерлерімен берілген фамилиясының тізімі бар қағаз беріледі. Зерттеу жүргізу барысы мен таңдау құқы түсіндіріледі. Дайын социометриялық парақ немесе таза қағаз алынады. Жоғарғы жақ бөлігіне зерттеуші өзінің фамилиясы жазылған тізімдегі номерін жазады. Содан кейін әрбір критерий бойынша таңдау жасалады. Карточканы толтыру барысында таңдаған адамның фамилиясын емес, номерін жазады. Мәлімет жинақталғаннан кейін зерттеуші оны қорытындылауға көшеді.

- социометрицаны толтыру;

- социограмма құрастыру;

- социометриялық индексті есептеу.

3.Социометрица ұжымдағы барлық таңдауды көрсететін таблица. Горизонтальды жолда ұжым мүшесінің санына сай кім таңдағанын, ал вертикальды жолда таңдағанын қарайды. Қолайлы таңдау «+», қолайсыз «-» белгісімен белгіленеді. Қолайлы дұрыс таңдау шеңбермен, ал қолайсызы үшбұрьпппен белгіленеді. Таблицаны толтырып болған соң мыналар саналады:

- әр қызметкерден алынған жалпы таңдау саны;

- әрбірінің қолайлы және қолайлы еместі таңдау саны;

- өзара таңдау сандары;

- ресми емес жетекшілер;

- көп таңдалмаған әріптес;

- ұжымға көп қатысы жоқ адам;

- әртүрлі формальды емес құрылымдағы жетекші орыны.



Көрнекілік түрінде социометрия әдісінің нәтижесін социограмма арқылы көрсетуге болады. Ол әртүрлі варианттарда көрсетіледі:

  1. индивидуалды социограмма - бұл жағдайда қызығушылығы басым адам алынады;

  2. қарапайым топтық социограмма;

  3. топтық социограмма жүйесі.

Берілген жауаптар бойынша барлық қатысушылар 5 топқа бөлінеді:

- «жұлдызшалар» (6-дан көп қолайлы таңдау алған қызметкер). Бұл жағдай 3-4 адамда болуы мүмкін.

- «қабылданылған» (3-5 қолайлы таңдау алған адам). 10-12 адам болады.

- көп таңдалынбаған (1-2 қолайсыз таңдау бар). 10-12 адам бар.

- «оқшау» қалған (таңдалынбаған) 5адамға дейін болады.

- кері (отверженные) көптеген жағымсыз таңдау алған адам.



Социоматрицаның негізінде топтың және мекеменің социометриялық көрсеткіштері есептеледі.

Я.Л.Коломинский социометриялық әдіс модификациясын ұсынды

3. Тұлғалық қарым-қатынасты зерттеуде нақты қорытынды беретін эдістердің бірі - референтометрия. Ол - әрбір топ мүшесінің оның жолдастарының арасындағы алатын орнын, оның көзқарасының қабылдануын анықтайды. Социометриялық сауалнамадан айырмашылығы қарым-қатынаста тұлғаның тереңірек қарастырылатыны, топтың әрекетінің мақсатын, міндетін анықтайды. Бұл әдісте кімнің ұнайтыны, ұнамайтыны жөнінде нақты, тікелей сұрақ қойылмайды. Оны жүргізу екі этаптан тұрады. 1 - этапта: көзқарасын, қарым-қатынасын, әрбір топ мүшесінің позициясын анықтайды, өзара әрекеттегі сыбайластарды бағалап, салыстырады.



2-этапта: зерттеушілерді қызықтыру деңгейін анықтайды

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Социометрия деген ұғым нені білдіреді?

2. Социометрия қандай мақсатта жүргізіледі?

3. Социометрия әдісінің модификациясын ұсынған ғалым?

4. Реферонтометрия дегенді қалай түсінесің?

5.Реферонтометрия әдісін жүргізу неше этаптан тұрады



19-20 дәріс

Тақырып: Қарым-қатынастың негізгі стилдері.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет