Педагогика факультетінің деканы



бет13/23
Дата28.01.2018
өлшемі1,56 Mb.
#34266
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

Дәрістің мазмұны:


1.К.Левиннің қарым-қатынас стилі теориясы.

2.Қарым-қатынас стилдерінің түрлері.

3.Стиль түрлеріне орай тұлғаның психологиясының қалыптасуы.

Мақсаты: Қарым-қатынас стилдерінің түрлерімен таныстыру, топтық қарым-қатынаста қандай стил түрін қолданудың тиімділігіне орай тұлға дамуы туралы түсінік беру.

1 .Қандай жағдай болмасын, қандай орта болмасын адамдардың арасында әрқашан қарым-қатынас болады. Қарым-қатынас орнауы үшін адамның жасын, ұлтын статусын, т.б. біліп қажеті жоқ.

Антуан де Сент Экзюпери адамның қарым-қатынасын өмірдегі үлкен «байлық» деген. Бұл бір жағынан «байлық» болса, екінші жағынан кәсіби қажеттілік. Мәселен, педагог қарым-қатынасы өте маңызды рөл атқарады.

Оқушы мен педагог арасында бірнеше қарым-қатынас стильдері бар. Жалпы стиль дегеніміз нақты жағдайда оқушы мен педагог қызметінің тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ететін жантақтылық пен біртұтастықты сақтайтын, үнемі қайталанатын қызмет тәсілдерінің жүйесі. Стиль ұғымы тар мағынада алғанда басшының адамдармен қарым-қатынас ерекшеліктерін сипаттайды. Зерттеуші ғалымдар әртүрлі стиль типологиясын ұсынды.

2.Америка ғалымы Курт Левин отызыншы жылдардың өзінде автаритарлық-демократиялық концепцияны ұсынды. Соның негізінде стильдің 3 типі бөлінді: демократтық, авторитарлық, либеральдық.



1.Демократтық стиль – басшы мен басқарылушы ұжымның үйлесімді қарым-қатынасымен сипатталады. Басшы әрбір басқарылушы санасына іс-әрекет мақсатын жеткізуге бәрін жұмыс барысына араластыруға тырысады. Іс-әрекет барысында оқушыны мақтау арқылы өзіне сенімділігін арттырады, өз-өзін басқаруын дамытады. Демократ басшы тапсырманы басқарылушының қабілетіне, бағыттылығына байланысты бөліп береді. Олардың белсенділігін мақтап, ынтасын көтереді. Мұндай басшылардың қарым-қатынас түрі – ұсыныс, ақыл айту, информация беру. Демократиялық процестің тереңдеуіне қарай басқарылушылар іс-әрекетке кеңінен қатысып, басшылармен тең праволы жақтастарына айналады, олар сондықтан өз мекемесінің – «қожасы» болып, оның өмірі мен қызметін ұйымдастыруға ат салыстырады.

2.Авторитарлық стильде – басшы басқарылушылар ұжымының ойымен санаспайды. Барлық басқарылушылардың іс-әрекетін өзі анықтайды, кім-кіммен жұмыс атқаратынына дейін айтып береді, олардың ынта-жігеріне қарамайды, басқарылушылар әрқашан «жұмбақ әлемінде» өмір сүреді. Негізгі қарым-қатынас түрі-бұйрық, көрсетіп беру, инструкция, қатаң тәртіп. Тіпті, кейде айтатын мақтау сөзін де бұйрық немесе намысына тиерліктей сөздермен жеткізеді. Мысалы: «сен бүгін жақсы жауап бердің. Мен сенен оны күтпеп едім» деген сияқты. Мұндай басшы басқарылушылардың қателерін жою тәсілдерін түсіндірмейді, керісінше күліп-мазақтауға әзір тұрады. Бұл стильде басшы болмаса басқарылушылар жұмысын тоқтатады, яғни көз алдаушылық көрінеді.

3.Либеральды стиль – басшы анархиялы, басқарылушыларды өз еркіне жіберіп қояды, яғни басшының белсенділігі аз көрінеді.Ол тек бастапқы шешімдерді белгілеу және соңғы нәтижені бақылаумен ғана шектеледі. Ал, нақты ұйымдастыру кезінде, шешімдерді орындауда қарамағындағы басқарылушыларға бостандық беріп, ырқына көнеді.Оның ойынша басқарылушылар қалай істеу керек екендігін өздері біледі, оларға кесел келтіруге болмайды. Күнделікті жұмыстарды ұйымдастыруға көп көңіл бөлмейді. Өзін басшы емес, көптің бірі ретінде сезінеді. Пікір бостандығын құптайды. Басқарылушыларға ерік-бостандық береді.

3.Осындай 3 стильдің басшы мен басқарылушылардың арасында болатынын білдік. Енді осы 3 түрлі стильде оқушының жеке басының (басқарылушының) психологиялық қалыптасу шарттарына тоқталайық.

Демократтық стильде басқарылушылар өз пікірін айтуға, ынта-жігерін жасырмауға ыңғайлы болады.Міндетті жұмыстарға және қоғамдық тапсырмаларға белсене қатынасып, тиянақты орындайды. Басшылармен, басқа да үлкен адамдармен теңдік, сыйластық қарым-қатынаста болады.

1.Автаритарлық стильде – басқарылушылар бойында әрққашанда қорқыныш, үрей сезімдері басым болады. Олар жасқаншақ, қорқақ, өз еркі мен ынтасы аз, пассивті түрде болады. Қоғамдық жұмыстарды, тапсырмаларды тек басшы адамнан қорыққанынан ғана орындайды. Басқарылушы тек басшы алдында ғана тәртіпті бола қалады да, жұмыстан тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздіктер көрсетеді.

2.Либеральды стильде басқарылушылардың істері мен қылықтары ойластырылмаған санасыз іс-әрекеттерге душар болады. Пікір бостандығының мөлшерсіздігінен басқарылушылар аузы барғанша сөйлеп, аяғы барғанша жүреді.

Сөйтіп, әрбәр стильдегі басшы мен басқарылушылардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары түрліше қалыптасады.

Басшы мен басқарылушының арасындағы қарым-қатынас стилінің ең тиімдісі – демократиялық. Авторитарлық стильмен салыстырғанда мұнда көрсеткіштер көлемі аз болуы мүмкін, бірақ бұл стильдегі басшы, басқарылушылардың жұмысқа деген ынтасын, күш-еркін көтере біледі. Басқарылушылардың шығармашылық тонусы көтеріліп, жауапкершілік сезімі пайда болады. Ең нашар стиль – либеральды стиль болып саналады, мұнда жұмыс көлемі де, жұмыс сапасы да нашар болып келеді.Авторитарлық стильде тәрбиелік және мәдени ерекшелігі төмен басшы, басқарылушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескермейді, өз бетімен іс-әрекетке бағыттандырмайды.

Жаңа адамды қалыптастырудың негізгі аспектілерінің бірі - өсіп келе жатырған ұрпақты гуманистік және реалистік тұрғыданқатынас жасай білуге тәрбиелеу болып отыр.

Жалпы жұмыс орындарында жақсы атмосфера болуы үшін басшы мен басқарылушы арасында қарым-қатынас стилі дұрыс таңдалуы керек, соның ішінде көптеген авторлар (соның ішінде Морозов) қарым-қатынас стилінің ішіндегі демократиялық стильді қалыптастырған дұрыс деп есептеп отыр.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қарым-қатынас стилін ұсынған кім?

2. Авторитарлы стилдің кемшілігі мен артықшылығы?

3. Демократиялық стилдің ерекшелігі?

4. Қарым-қатынасты бар байлыққа теңеген ойшылды ата?

5. Қандай стил түрі тұлға ьдамуына қолайлы жағдай жасайды?

21-22 дәріс

Тақырып: Қарым-қатынас стилінің психологиялық коррекциясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет