Педагогика факультетінің деканы



бет16/23
Дата28.01.2018
өлшемі1,56 Mb.
#34266
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

Дәрістің мазмұны:


1. Сенімділік тиімді қарым-қатынас жасау потенциалы.

2.Сену дегеніміз не?

3. Сенімділік сабақтары.

Мақсаты: сенімділік туралы түсінік беру және студенттер бойында өз-өзіне сену қабілеттерін қалыптастыру.

1.Адами қарым-қатынас – бұл адамдар арасындағы құпияның ашылуы, ал құпияның ашылуы адамдардың бір-біріне деген сенімділіктерінде жатыр.

Сенімділік – психологиялық категориядан гөрі, әдептілік категориясына жатады. Адами байланыстылықтың ең маңыздысы – сенімділік деп Ральф Уолдо Эмирсон өзінің «Өзіңе сенімділік» атты әйгілі очкеркінде көрсеткен болатын. Оның осыдан 150 жыл бұрын айтылған тамаша ойлары осы күнге дейін өз құнын жоғалтпады. Мысалы «өзіңе және басқаларға сену арқылы бақыт құсын табуМысалы «өзіңе және басқаларға сену арқылы бақыт құсын табуға болады».

Қазіргі психологтар сенімділік тақырыбын сирегірек қарастырады. Бірақ, жас ерекшелік психологиясында сенімділік термині кең ауқымда қолданылады.

Сәби дүниеге келгеннен бір жасқа дейінгі кезеңде ең маңызды іс-әрекет – сенімділікке үйрену. Ата-ананың балаға деген жақсы күтімі мен қарым-қатынасы бейсаналы сенімділікке әкеледі.Әсіресе сенімділік кішкентайға анасының балдай тәтті сүтімен беріледі. Сондықтан ана жақсылап тамақтанып, әлемнің бар жақсылығын өз бойына жинауы тиіс. Ал егер ол маскүнемдікке салынып, анаша қолданса, сәби бойында жанжалдық, сенімсіздік, мазасыздық қасиеттер орнайды.

Американдық психолог Э.Эриксон: «Сенімділік – бұл өзіңе сену, өзіңнің қажеттіліктеріңді өзің қанағаттандыру. Бұл сезімбалалық шақта, яғни дүниеге келгеннен 1 жасқа дейінгі аралықта орнайды», - деп көрсеткен.

Егер адам сене білмесе, оған қасындағы тума-туыстарымен, достарымен жақын қарым-қатынас орнату қиынға соғады. Ол өмірден оқшауланып, ығыстырылады. Неғұрлым адамда сенімділік деңгейі төмен болса, соғұрлым оның достары аз, қарым-қатынас деңгейі де өте төмен болады. Бұндай адамдар дос болу, жақсы көру және т.б. сезімдерінтүсінбейді және білмейді.

Отандық психологтар сенімділікті – адамдар арасындағы қарым-қатынас компоненті ретінде қарастырды. Ғалымдар сенімділіктің негізгі 3 түрін көрсетеді:

-ақпарат көздеріне деген сенімділік;

-ақпараттың өзіне деген сенімділік;

-ақпаратты орындаушыға деген сенімділік.

Гештальттерапияда сенімділікті адамның тіршілік ету амалы деп қарастырады. Сенімділік тұлғаның есею процесінде дамиды. Есейе келе адам өмірден тәжірибе жинайды, сонымен қатар адамның өзіне деген сенімділігі арта түседі. Өз-өзіне деген сенімділік – адам өз іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, келбетін өзі құптауы. Ал сенімділік дегеніміз - өзіне және басқа адамға деген сенімділік пен қауіпсіздікті түйсіну тиянақтылығы.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Сенімділік дегеніміз не?

2. Өзіне сенімділік деген кімнің очеркі?

3. Сенімділіктің неше түрі бар?

4.Өзі-өзіне сенімділік түсінігіне анықтама бер?

27-28 дәріс



Тақырып: Жауапкершілік тиімді қарым-қатынас жасау механизмі.

Дәрістің мазмұны:


1. Жауапкершілік тиімді қарым-қатынас жасау механизмі.

2. Жауапкершілік сезімін дамыту жолдары.

3. Әрбіреуінің өзіндік жолы бар.

Мақсаты:студенттерге психологиядағы негізгі категориялардың бірі жауапкершілік туралы түсінік бере отырып, өзіне-өзі және қоршаған адамдар алдындағы жауапкешілігін түсіне білуге үйрету.

1.Әр адамның жастайынан бостандықта болуға деген талпынысы «менің қолымнан келеді» түсінігінен көрінеді. «Менің қолымнан келеді» түсінігі: «Мен істей алатын жағдайдамын, қалай істеу керек екендігін білемін, білетінімді істеуге құқым бар» деген мағынаны білдіреді.Біз көп нәрсе істей аламыз: тыныс аламыз, жүреміз, қарым-қатынас жасау, әлеуметтенуге бейімделе аламыз. Әйел адам дүниеге бала әкеледі, ер адамдар жан ауруын жасыра біледі, ал балалар үлкендердің қатесін кешіре біледі.

Бірақ адамдарда кері түсініктер болады: «Менің қолымнан келмейді» - өзінің жеке мүмкіндіктерінен іштей оқшаулану. Өз-өзіне деген сенімсіздік қайдан пайда болады? Өзінің қабілетсіздігінің түпкі негізі – адамдарға жағымсыз жағдайлардың әсер етуінің нәтижесі.Көп адамдар саяси қысымшылық және экономикалық жағдайды басынан кешірді және жалғасып келеді.Осы қысымшылық «ішкі жаныштау» болып табылады.Байлаулы адамдарға сенің қолыңнан келмейді» - оның «Менің қолымнан келеді» түсінігіне қарсы болып табылады. Сондықтан көп балалар жасөспірімдер сонымен қатар үлкендер әрбір адамнан сен қабілетсізсің, істегің келетін нәрсені істей алмайсың сөзін естиді.Мұндай наразылық – тұлғаның бостандыққа деген талпынысы. Мұны өзіңнен және басқалардан қарау, ішкі сезімге сеніммен қарау: «менің қолымнанкеледі» - адамның өз өміріне шынайыжауапкершіліктің бастамасы: игі жағдайы, денсаулық, бақыт.Әрбір адамның жақсы өмір сүруге құқығы бар. Сондықтан жағдайдың қысымын жеңе білу мүмкіндігіне сене білужәне өз тағдырын өзі анықтау өте маңызды.Әрбір адам мынаны айтуға құқылы:

-мен өз-өзімді нығайта аламын;

-мен кім болатынымды өзім анықтай аламын;

-мен өз-өзіме сене аламын.

Біз көп нәрсе істей аламыз, әр жағдайда бізде таңдау бар: не болды сол күйінде қалдыру немесе бұрынғы бітпейтін қуанышсыздықты қайталауды жалғастыру: «Мен ештеңені өзгерте алмаймын», - немесе одан босауға мүмкіндік беру: «Мен өз иллюзиямның құрбаны болғанды қаламаймын. Өзіммен және басқалармен келісімде өмір сүргенді қалаймын және істеймін!» Бізде мұндай таңдау әрдайым болады.

Содан кейін «өз-өзіме жауаптылық» ережесін меңгеру тұрады, яғни шынайы сезімді білдіру инициативасын көрсету өзінділік құқығын көрсету. Адам жеке әрекетіне, өзінің жеке сезіміне жауапты; ситуацияға қалай қатысуын өзі таңдайды, өз таңдауында ерікті. Көбіне мұндай позиция тән емес. Дегенмен де мұндай жеке бостандықәрдайым болады. Таңдаудағы жеке еркімізге сенім күшті болса, шешімі жоқ ситуацияның өзінен шыға аламыз.

Адам шешім қабылдағанда өз құқын шектесе (қылығында немесе қалауында) әрекетінде шектеулік табады.Адам өз таңдауын жасауға және істеуге қабілетті, егерол осыны қаласа. Бұл бостандықты мойындау және қабылдай білу. Әрбір адамның тұлғасының дамуының жетістікті үрдісі болып табылады.Бұл қадам жеке дамуда жауапкершіліктің дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар жеке бұзылыстарға да «өз өзіме жауаптымын» ережесінмеңгеру - өз-өзіне қатынасында және басқаларға қатынасын да түсінуге және қабылдауға мүмкіндік береді:

-нақты жағдайды таңдау құқығы және қалай істеу керектігі;

-сезімін білдіру құқығы;

-негативті білдіру құқығы және сол күйінде қалу мүмкіндігі;

-басқалардың көмегін қабылдау немесе бас тарту құқығы;

-қателесу құқығы.

«Өз-өзіме жауаптымын» ережесі адамға жетілу үрдісінде болатынкедергілерге қарсы шығу және қорғануға, қорқыныш сезімін бәсеңдетуге, ұят және кінә сезімін әлсіретуге көмектеседді.Өзгерістерге қарсы шығу, қадам жасаудағы үрей - әрбір адамның құқығы келесіде жауапты болуына көмектеседі және қарама-қайшылықтар арқылы өзгерістерге қадам жасау.

Жауапкершілік мәселесі әлеуметтік психологияда 2 негізгі аспектіде зерттеледі: моральдық және себептілік. Жауапкершіліктің жалпы қабылдауларын анықтауда моральдық және когнитивтік аспектілер қолданылады. Біріншісі, әрекетті өнегелі таңдауға, екіншісі, болжап-білуге бағытталған. Жауапкершілік ішкі және сыртқы детерминант арқылы көрінеді.

Ж.Пиаже баланың моральдық даму стадияларын зерттей отырып, жауапкершілікті моральды дамудың жалпы үрдісінің аспектісі деп анықтады. Л.Кольберг, Ж.Пиаженің идеясын жалғастырып: моральды сана индивидтің әлеуметтік ортасымен белсенді шығармашылық қарым-қатынас дамиды дейді.Бақылау локусыконцепциясы (Дж.Роттер) бойынша бақылаудың 2 түрі бар: ішкі (интернальды) және сыртқы (экстернальды). Біріншісі, жеке өмір жағдайына жауапкершілік арқылы көрінеді (өз мүмкіндігі қабілет, мінез ерекшеліктері). Егер жауапкершілік сыртқы факторлар арқылы көрінсе: басқа адамдар оқыс жағдай, әлеуметтік орта – бұл экстернальды бақылау көрінісі. Дж.Роттердің ойынша, интернальдылықжәне экстернальдылық бақылау локусы тұлғаның тұрақты ерекшіліктері болып табылады.

Д.Макнеланд, Дж.Аткинсон, Х.Уиткин және т.б. психологтар Дж.Роттердің жауапкершілік теориясын зерттеп, жауапкершілік параметріне акцент қояды: когнитивтік, эмоциональдылық т.б. С.Шварц жауапкершіліктің ерекше түрін зерттеді, көмек көрсету мотивтері немесе басқа адамдарға қолдау көрсету. Басқа адамдардың ситуациясында, яғни көмек талап ететін кезде тұлғалық жауапкершіліктің төмендеуі «жауапкершілік диффузиясы» деп аталады.

Психологиялық кеңес беру, психотерапияда жауапкершілікке көп көңіл бөлінеді. Э.Берн ойынша адамның осы өмірде нені қалайтыны туралы шешім қабылдауға жауапкершілігі бар. Әр адамның өмірінің қандай болатыны және оны қандай етіп, көргісі келеді, оның бәрі қабылдаған шешіміне байланысты.

Э.Перлз, жауапкершілікті индивидтің өз қалауына, фантазиясына, әрекетіне жауап беру қабілеті деді. Осы негізде жауапкершіліктің басқа жағы да бар – басқа адамның күтетін нәрсесіне жауап беру, олардың қалауына, әрекетіне сәйкестенуқабілеті.Әр адам өзі үшін жауапты болады, ол үшін басқа біреудің жауап бере алмайтынын біледі. Осының негізінде ол басқа адамның әрекетіне жауап беруден бас тарта алады, олардың қалауына, сезіміне жауап бермеуіне болады. Бірақ бұл басқа адамның сезіміне және қажеттіліктеріне қарамау дегенді білдірмейді. Ол біріншіден өзіне жауапты және басқаларға да осындай мүмкіндік береді. Мұндай жауапкершілік өзін және басқа адамдарды қандай болса, солай етіп қабылдау.

Ф.Перлздің ойынша, жауапкершілік, бостандық , таңдау қабілеті бір үрдістің аспектілері болып табылады. Жауапты адам өз шешімін таңдауда әрекетінде, ойындақарым-қатынаста ерікті екенін біледі. Сонымен қатар өз әрекетінің себебін, өз жауапкершілігінен бас тартатындар, өз жаауапкершілігінде ерікті емес деген сөз. Жеке қажеттіліктерді сезіну және қанағаттандырудан бас тартқандар өз ойы, сезімі, әрекеті, жауапкершіліктен қашқақтайды.Әр тірі жан ықыласты талап етеді. Қанағаттандырусыз қалған қажеттіліктер аяқталмаған гештальтты құрайды, жиналып келе организмнің сауфункциясын бұзады.Сондвқтан жауапты адам өз қажеттіліктеріне және қалауына көп көңіл бөлу керек. Егер ол өз жеке психикалық және физиологиялық қажеттілігіне жауап бере алмаса, басқа адамдар алдындағы міндетті орындаумүмкіндіктерін жоғалтады.

Отандық психологияда жасаған мәселесін С.Л.Рубенштейн жалпы философия бойынша адамның пайда болу мәселесінде – бостандық және қажеттілік бойынша жасады. С.Л.Рубинштейн былай деді: «адамның әрекеті тек сыртқы емес, сонымен бірге ішкі детерминацияға негізделген. Тек сыртқы детерминация ішкі бостықты тартады». Бұның пайда болу тәсілдері «Бәрі сияқты» және «мен өзім» позициясы арқылы бөлінеді. «Бәрі сияқты» позициясы адамның өз әрекетінің жауапкершілігінен бас тартады. «Мен өзім» позициясы адамның қоршаған орта әлеміне бәрібір еместігін, жеке жауапкершілікті білдіреді.

С.Л.Рубинштейн жауапкершілікті сипаттай келе мынаны көрсетті: адам тек ситуация және әлеуметтік қажеттілік талап ететін нәрсені жүзеге асырмау керек, сонымен бірге не істей алады, соны жүзеге асыруы керек. Бұл жерде адам мүмкіндігін өз әрекетінде жүзеге асыру туралы жауапкершіліктің аспектісі.

К.А.Абульханова-Славская адам өзін жауапты ретінде қарайдыжәне жауапкершілікті өзі анықтайды. Оның пікірінше, жауапкершіліктің толық критерийі тұлғаның қалауы мен қажеттілігінің сәйкес келуіне байланысты.

Әлеуметтік психологтардың зерттеулерінде жауапкершілікті негізі қызмет сипатының феномені ретінде қарастырады.К.Мұздыбаев, жауапкершіліктің қазіргі концепциясын талдай келе әлеуметтік жауапкершіліктің келесі белгілерін атады: нақтылық, пунктуальдық, міндетті орындау және өз әрекетіне жауап дайындығында тұлғаның сенімділігі. Жауапкершілік тұлғаның өз өмірінің мәнінтүсіне білумен де тығыз байланысты.Әлеуметтік норма және тұрмыстан бөлектенутұлғаның әлеуметтікжауапкершілігін және белсенділігін әлсіретеді.

Педагогикалық психологияда К.А.Климова және Л.С.Славина мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың жауапкершілігін зерттеді. З.Е.Завадская және Л.В.Шевченко жоғары сынып оқушыларының жауакершілік тәрбиесінің шартын анықтады.Жауапкершіліктің негізгі шарты таңдау мүмкіндігі. Выготскийдің айтуы бойынша, ерік бостандығы таңдау қажеттілігін түсінуде.

Психологтардың зерттеулерін қорытындылай келе, жауапкершілік дегеніміз – адамның конструктивтік және деструктивтік көрінуге, өзіне және басқа адамдарға жауап беру қабілеті.Бұл феноменнің екі аспектісі бар: өзіне және басқа адамға жауапкершілік. Өзіне деген жауапкершілік өзінің дамуына, өзіндік бұзылысқа, өзінің конструктивтік және деструктивтіккөрінулерге жауап беру қабілеті. Эмоциональдық деңгейде өзіне деген жауапкершілік мазасыздық, уайымшылдық , өз әрекетінде дабыл ретінде көрінеді. Басқа адамға жауапкершілік басқалардың инициативалары, стимуляторы және бақылаулары болудағы мазасыздық, дабыл ретінде көрінеді.



2.Біз өмірде барлығына шағым айтатын, қызығатын, керіске түсетіндерді кездестіріп жатамыз. Бұл әдет жауапкершілікті басқа адамға, өзінің жауапкершілігінен бас тартуға әкеледі.Бұл балалық шақтан қалыптасады. Мысалы: «Ол бірінші бастады! Бәріне ол кінәлі!». Көп адамдар осы жауапкершіліктің дамуындағы инфантильді деңгейде қалып қояды. Физикалық өсіп, психикалық түрде бала түрінде қаладыжәне бала кездегі сияқты сөйлейді: «Егер де менің күйеуім басқа болғанда ғой...», «Бәріне көршілер кінәлі» т.б.

Өз жеке жауапкершілік және еркінен бас тарта отырып, тұлға жағдайдың құрбаны болады. Осы үрдісті ашу таңдауда жол табуға көмектесу және өз өмірі үшін шынайы жауапкершілік – жауапкершілік сабағының негізгі міндеті. Сыртқы ортамен қатынаса отырып, кері байланыс орнатып, әдетті жағдайды жаңадан ойластырады, өзі өткізген және қазіргі тәжірибеге анализ жасау, өз түйсіктерін: ой, әрекет, сезімді түсінеді.Жауапкершілік сабағында конструктивті емес, жағдайды және әсерлесустереотиптерін өзгертуге үйренеміз. Бұл маңызды этап әсер етудің әдеттегі типтерін өзгертуден басталады.Мұндай қажеттілікті сезіне отырып, және өзгертуді өз пайдасына таңдау жасау арқылы, адам әдеттегі жағдайды стереотип және күмәнді жеңу арқылы дайын болады. Осы негізде шынайы өмірде әрбір қадамды сезіне отырып, өзінің және басқа адамның позитивті көрінулерді күшейтуге қайта оралып, отыруы керек.

Өмір жолында бұрынғы, қазіргі, болашақ сызығы болады. Өз өміріңнің жақсы кезеңін қабылдау, қиналған немесе стресстік ситуацияда да жақсыны көретін болсақ – бұл біліктілік өмірлік жағдайлардың жемісті қарым-қатынасын сақтауға көмектеседі. Адамға бұл жолда не көмектесуі мүмкін? Иілгіштік, өзінің позитивті ресурстарын қолдану біліктілігі немесе өміріңнің әр кезеңін сонымен бірге қажеттілікті өзі және басқаларға істеу керек.

3. Өз әрекетіңді және басқа адамға бақылай отырып, «қажеттілік бойынша» және жеке таңдау бойынша әрекет етуге көңіл аударамыз. Мынаны ескеруім керек: өз мүмкіндігінде жауапкершілікті сезінетін адамдар, өз өмірін басқару жауапкершілігі бар адамдарда таңдау және альтернатив көп болады. Шешім қабылдай алу қабілеті өз мүмкіндігі және қалауы бойынша оларды өзі үшін жауапты деп атауға болады. Ойын білдіру және вербальды емес әрекетті талдау жасау сіздің жаныңыздағы жолдас, достарыңызға байланысты. Барлық пікір есіңізде болсын: «Барлығы қорқынышты, өмір төзгісіз», «Олар ештеңе істемейді, түсінбейді, қаламайды», «Бұдан еш жақсы шықпайды», «Бұл адамдармен жұмысістеу мүмкін емес» - вербальды емес белгілер сенімсіздік, жасыру негізі – басқаларға гипертрофировты жауапкершіліктен көрінеді.

Адам талқылай, келіспей өзгеріс және түзетулерді қалайды; кімді менсінбейді - өз көзқарасы, ереже бойынша. Басқаны өзгертуге тырысып, өз жеке потенциалын қолдну мүмкіндігін жақтырмаса – адамның жеке дамуына деген жауапкершілігінен бас тарту деген сөз.

Ең маңыздысы сіздің жаныңыздағылар – сіздің айнаңыз. Егер де сіз өзіңізге деген гипертрофировты жауакершілік болуын көрсеңіз, мойындаңыз, сізге де осындай ерекшелік тән.Басқалар арқылы айна сияқты өзіңізді қараңыз: неге ұмтыласыз – шынайы жауапкершілікке, басқаларға жауапкершілік немесе өз жауапкершілігінен бас тарту ма? Мойындағаннан кейін, ойланыңыз, шынайы жауапкершілік тәрбие жолымен жүруге болады - өзіңіздің жеке дамуыңыз немесе өзіндік бұзылыс, егер де сіз қаласаңыз.

Өзін-өзі текссеру сұрақтары:

1.Жауапкершілік дегенді қалай түсінесің?

2. Жауапкершіліктің негізгі белгілерін ата?

3. Жауапкешілік тұлғаның неше жасынан бастап дами бастайды?

4. Жауапкешілік туралы зерттеген ғалымдарды ата?

5.Жауапкешілік сезімін қалай қалыптастыруға болады?


6. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ.




Тақырыбы

Семинарлық сабақ мазмұны

Апта

Әдебиеттер.

1

Қарым-қатынас зерттеудің негізгі пәні ретінде



1.Қарым-қатынас және тіл.

2.Қарым-қатынас өзара әрекет мүмкіндігі.

3.Қарым-қатынас және қабылдау.

4.Қарым-қатынас және есте сақтау.



1

1. 45-42


2. 12-15

5.23-24

20. 3-5


2

Қарым-қатынастың тұлға дамуына әсері

1.Қарым-қатынас арқылы тұлға дамуы.


2.Тұлға дамуының механизмдері.

3.Әлеуметтік қызметтегі қарым-қатынас.



2

4. 5-4


21.13-15

25.22-26


27. 24-28.

30. 34-44



3.

Қарым-қатынас тиімділігінің технологиясы


1.Т.Гордонның проблемасыз қарым-қатынас жасау технологиясы.

2.Проблеманы меңгеру технологиясы.

3.Сыбайласыңның проблемасын түсіну.

4.Проблеманы жою технологиясы.



3

22. 16-18


25. 29-33

37. 45-48

19. 23-3.


4.



Э. Берннің шынайы қарым-қатынас жасау технологиясы.

1.Трансактілі талдаудың негізгі ұғымдары.

2.Құрылымдық талдау.

3.Функциональды талдау.

4.Трансакция талдауы.



4

12. 21-22


14. 25-28

34. 44-43

15. 31-32

5

Ф.Перлздің технологиясы.



Ф. Перлздің технологиясы.


1.Гештальттерапия технологиясы.

2. Есею құндылығы.

3. Күтпеген жерден қарым-қатынас жасау құндылығы.

4. Қарым-қатынас кезіндегі тұлғаның өзгеруі.


5

5. 12-16


8. 17-21

10. 35-39

11. 25-28

26. 38-39

31. 15-16


6.

Р. Бәндлер мен Дж. Гриндердің жетістік моделі технологиясы.


1.Нейролингвистикалық бағдарламаның негізгі түсініктері.

2.Коммуникация моделі.

3.Өзара әрекет стилі


6

5. 12-16


8. 17-21

10. 35-39

11. 25-28

26. 38-39


31. 15-16


7.

Г.Чайга және Тайгтың идеальды қарым-қатынас технологиясы

1.Психогенетиканың пайда болу тарихы.


2. Психогенетиканың негізгі түсініктері.

3. Мінез-құлықтың жағымсыз жағы.



7

1. 96-101, 102-112б

2. 5-8 б

5. 99-101 б.

6. 13-16б.


7. 19-25б


8

Адамның өзін-өзі қалыптастыру технологиялары.


1.Деструктивті құрылымдар.


2.Қайта оқыту немесе бағдарламаның өзгеруі.

3.Қайта оқыту принциптері.

4.Қайта оқытудың жеті қадамы.


8

1. 2002. 26-49б.

2. 36-51б.


3. 14-16 бет


9

Қарым қатынасты түзету тәсілдері


1.Психологиялық коррекция процесінің мақсаты мен әрекеті.

2.Психологиялық процестің элементі мен құралы.

3.Қарым-қатынас стилінің психологиялық түзету әдістері.


9

1. 125-132 б

2. 24-25 бет

4. 57-61б.

18. 35-39


25. 46-48

10

Вербальды емес қарым-қатынас түрі



1.Вербальды емес қарым-қатынас құралдары.

2.Жест және мимика.

3.Тұлғаның сенімділігін білдіретін жест түрлері.


10

1. 108-114б

2. 36б., 79б.

3. 131-140б

34. 25-59.


11

Презентация.


1.Жұмыс барысындағы әмоционалдық фонды қалыптастыру.


2.Аудиториямен сәлемдесудегі қабілеттерді тексеру жаттығулары.

3.Қобалжуды жеңу әдістері.




11

1. 45-49 бет

2. 51-70б.

3. 171-197б.

4.36б.

7. 120-127 б


12

Конфликтілер.



1. Конфликтінің туындау себептерін айқындау.

2. Бизнесте және өмірде болатын конфликтер.


3. Басқару конфликтісінің түрлері.

4.Конфликтіні анықтау және жеңу жолдарын қарастыру.



12

2. 191-218б.

3. 258-280б.

4.346б.

6. 202-206б.




13

Іскерлік қарым-қатынастағы әртүрлі халықтардың психологиялық ерекшелігі.


1. АҚШ елінің халықтарының ерекшлігі.

2. Жапония елінің психологиялық ерекшелігі.


3. Француздардың ерекшелігі.

4. Ағылшындардың психолгиялық ерекшелігі.

5.Швеция халықтарының психологиялық ерекшелігі.


13

2. 217-251 б.

4.100-105 бет

8.103 б.


14

Әртүрлі халықтардың этнопсихологиялық ерекшеліктері.


1. Ресей халқының психологиялық ерекшелігі.

2. Қытай халқының психологиялық ерекшелігі.

3.Кавказдардың ұлттық ерекшелігі.

4. Грек халқының ұлттық ерекшелігі.

5. Араб халықтарының ерекшелігі.


14

1. 178-248б.

3. 281-309

15. 101-105

36. 122-128

24. 66-68


15

Имидж қалыптастыру.


1.Ғылымдар жүйесіндегі имиджелогия.

2. Имидждің мәні мен отрибуттары

3. Іскерлік қарым-қатынастағы имидж.

4. Іскерлік қарым-қатынастың негізгі түрлері

5. Іскерлік қарым-қытанстағы мәдениет.


15

1. 178-248б.

3. 281-309б.


14. 24-26


37.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет