Педагогика ғылым ретінде және оны білімнің ерекше саласына бөлу. Кез-келген ғылымды зерттеу, әдетте, осындай сұрақтарды түсінуден басталады: «белгілі бір ғылым қалай пайда болды және дамыды және оның зерттеу тақырыбы қандай болды?»


) Қазіргі мектептегі мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беру



бет24/65
Дата25.12.2023
өлшемі1,45 Mb.
#199238
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65
Байланысты:
1-100 пед ОТВЕТЫ

34) Қазіргі мектептегі мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
Эстетикалық тәрбие дегеніміз – қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сұлулыққа талпыну қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етуге бағытталған, жүйелі үрдіс. Балаларды өнер құралдарымен тәрбиелеу – көркемдік тәрбие пәнін құрайды
Баланың көркемдік-эстетикалық дамуы сәтті болу үшін тәрбиеші, педагог жас ерекшелігіне сай әртүрлі ойындар, сабақтардың түрлерін қызықты, әрі танымды өткізеді. Танымдық ықпалдар эстетикалық қобалжулармен неғұрлым байланыста болса, соғұрлым нәтижесі де, әсер етуі де жақсарады. Педагогтың балалар қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын ескере отырып, әр біреуімен жұмыс жасауы, бала тұлғасының дербестігін көркемдік шығармашылық арқылы айқындауы, баланың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік береді.

Балаларға жағымды жағдай жасайтын болсақ, олар көркемдік-эстетикалық түсініктерді еркін меңгереді. Оқыту мен тәрбиелеу арқылы оларға білім беріп қана қоймай, тұлғалық дамуына жағдай жасай отырып, әрекеттілік қабілетін (интеллектуалды, эмоционалды, еңбектік, ерікті) дамыту керек. Бала адекватты, өнімді және нәтижелі дамиды . Осыған орай көркемдік-эстетикалық тәрбиенің мектеп алды мекемелерге қоятын міндеттері:


- Баланың қиялын, эстетикалық сезімін, қабылдауын жүйелі және биік мақсатқа бағытталған түрде дамыту; өнердің барлық түрі қажеттілік сияқты сезімдерді тудырады;
- Баланы өнер саласындағы әрекетке, алғашқы көркемдік білімді игеруге және көркемдік деңгейді бағалауға баулу.
- Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бала бақшалардағы көркемдік-эстетикалық оқу-тәрбие үрдісінің барлық жақтарымен тығыз байланысты. Көркемдік-эстетикалық тәрбие жұмысын нақты, нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның мазмұнын әрбір жас ерекшелік талаптарын анықтап алу қажет

Эстетикалық тәрбиенің маңызы міндеті ‒ өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша анықтау керек.


Баланың эстетикалық сезімі ерте оянады. Тіпті мектеп жасына дейінгі балалардың өздері де әдемі, ашық түсті бояулы заттарға, ойыншықтарға, киімдерге немесе әнге, ырғақты музыкаға қызыққыш келеді. Балалар оларды көргенде, естігенде қуанып, шаттанып, ерекше сезімде болады.
Отбасында баланы жасынан әдемілікке зейін қоюға үйрету, қысқа көркем әңгімені, кішкене кітапшаларды оқып берудің, ән тындаудың, өлең оқудың тәрбиелік мәні зор. Баланы көркем кітап оқуға әуестендіру керек,
Бастауыш сынаптарда-ақ көргенін, естігенін, оқығанын айтып беруге, кітапты түсініп, талқылап оқуға баулу – оны кітап оқуға ерте қызықтырудың маңызды құралы болып табылады. Жасынан бейнелеу, театр өнеріне, музыкаға бейімдеу, соған олардың назарын аударудың, қызықтырудың үлкен маңызы бар.
Оқушылардың эстетикалық талғампаздығын оятуда сынып бөлмелері кең жаңа мектептердің мол болуы, сыныптың тазалығы көп әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет