Педагогика ғылым ретінде және оны білімнің ерекше саласына бөлу. Кез-келген ғылымды зерттеу, әдетте, осындай сұрақтарды түсінуден басталады: «белгілі бір ғылым қалай пайда болды және дамыды және оның зерттеу тақырыбы қандай болды?»


Оқушының жеке басының рухани дамуы және оның дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері



бет21/65
Дата25.12.2023
өлшемі1,45 Mb.
#199238
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65
Байланысты:
1-100 пед ОТВЕТЫ

30.Оқушының жеке басының рухани дамуы және оның дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.
Дүниетанымның қалыптасуы- күрделі педагогикалық мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжiрибесiнде бұл мәселені шешеудің үлкен және құнды тәжірибесі жинақталған. Жеке тұлғаның, оның iшiнде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялык, және тәжірибелік тұрғыдан көкейкесті мәселеге айналуда.
Дүниетаным дегеніміз- дүниеге деген нақты тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік- саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негiзделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы.
 Оқушылар материалистік диалектиканың мынадай зандары мен категорияларын игерулері қажет:
 дүниенің материялдығы мен танымдылығы;
 қозғалыс-материяның әмір сүру формасы ретінде;
 материянын бірінші сананың екiншi болуы;
 қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресi;
 себепті байланыс -болмыстың жалпы заңы:
 құбылыс мәңгіліктің көрінісі ретінде;
 мүмкіндікпен шындық;
практика таным негізі, ақиқат критерийі.

Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі білім берудегі бірізділікпен оқу пәндері арасындағы байланыс арқылы жүзеге асады.




31. Оқушының адамгершілік және азаматтық тәрбиесі
Азаматтық тәрбие. Кең ұғым, патриоттық және құқықтық тәрбие оның басты құрамдас бөліктері. Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі мен батылдығы қалыптасады. Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары мен қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау енеді.
Сонымен, азаматтық тәрбие - баларды қоғамның саяси өмірінің негіздерімен таныстыру, өзінің азаматтық міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастырды. Азаматтық тәрбие мақсаты: адам бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, қоғамның адамгершілік идиалдарын, бейбітшілікке деген ұмтылысын, қоғам мүддесі үшін еңбек ету қажеттілігін тәрбиелейді. Азаматтық тәрбие міндеттері:

1. Тұлғаның өз абыройын бағалап, құрметтеу сезімін, жеке тәуелсіздігін және тәртіптілігін қалыптастыру.


2. Адамға өзін заңды, саяси, әлеуметтік тұрғыдан әрекетшіл екенін сезіндіретін тұлғаның азаматтылығын қалыптастыру;


3. Басқа азаматтарға және мемлекетке деген сыйластық және сенімділік қатынастарын қалыптастыру.


Адамгершілік тәрбиесі. Бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына мақсат-бағытына жүйелі түрде ықпал ету. Нақты адамның адамгершілігі деп, оның дүниетанымдық сезіміне, ұят сезіміне сүйенетін, жеке тәртібін рнттейтін, іштей қабылдап, меңгерген қоғамдық моральды атайды.


Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері:

- ізгілік сана қалыптастыру;


- адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту;


- адамгершілік әдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;


- Өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге талпынушылықты қалыптастыру.


Адамгершілік тәрбиелілікке – жағымды әдеттер мен мінез-құлық нормаларының тұрақтылығы, қарым-қатынас мәдениеті, еркінің күштілігі, өзін-өзі бақылауы, мінез-құлқын тежей білуі жатады. Адамгершілік тәрбиесі нәтижесінде оқушылардың бойында өзін-өзі адамгершілікке тәрбиелеуі мен өзін-өзі адамгершілік тұрғыда жетілдіруі қалыптасса, онда тиімді деймізалыптастыру






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет