95. Окушылардың ұжымдық танымдық қызметi бiртұтас педагогикалық процестегі ынтымақтастық технологиясы ретiнде.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік.
Оқу танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып төмендегідей ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің, өзіндік және біріккен іс-әрекеттерінің төмендегідей белгiлерiн көрсетуге болады:
біріңғай мақсаттын, жалпы мотивтің болуы студенттің қоғамдық манызды максатка жетуi үшiн ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;
Ұжымның әр бір мүшесінің білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерiн камтамасыз ететін оқушыларға тиімді бөлініп берілуі жұмыстар мен кызметтерді
Іс-әрекеттер барысында окушылар арасында өз-ара жауапкершіліктің және тәуелділіктің пайда болуы;
Біріңғай кеңістіктің болуы және ұжымның барлық мүшелерінің жеке іс-әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;
96. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға әсері.
«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже
Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.
Мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |