9.Тұлғаның даму факторлары: тұқым қуалаушылық, қоршаған орта, тәрбие, қызмет?
Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге бел-сене қатысуына байланысты болады.
Тұқым қуалаушылық деп генетикалық код арқылы атадан балаға түр ұқсастығы мен кейбір ерекше қабілеттіктер нышанының берілуін айтамыз:
•Дене бітімінің ерекшеліктері;
•Шаштың, көздің, тері қабатының түсі сияқты сыртқы белгілер;
•Қан тобы, резус-фактор;
•Бала мінез-құлқының негізін құрайтын жүйке жүйесінің ерекшеліктері, пси-хикалық процестердің өту ерекшеліктері; т.
•Қан аурулары, қант диабеті, кейбір эндокриндік бұзылушылықтар. Кейбір ерекше қабілеттіліктер нышаны.
Орта – адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта-бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жа-сауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына, әрекетіне елеулі ықпал етеді.Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғыл-данады. Табиғат жағдайына олардың мінез-құлықтары да ерекше байқалады.
Әлеуметтік орта – жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады.
Тәрбие -адамның дамуына орасан күшті әсер етіп, баланың дамуын қоғам та-лаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдар-ды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды
10.Тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің жас және жеке ерекшеліктері?
Сәбилік (1 жыл)
Мектепалды жасқа дейінгі кезең (1 – 3
жас)
Мектепалды жасы (3 – 6 жас)
Кіші мектепалды жасы (3 – 4 жас)
Орта мектепалды жасы (4 – 5 жас)
Үлкен мектепалды жасы (5 – 6 жас)
Кіші мектеп жасы (6 – 10 жас)
Орта мектеп жасы (10 – 15 жас)
Ересек мектеп жасы (15 – 18 жас)
Кіші мектеп жасы (6 – 10 жас). Алты жастағы баланы өмірдегі үлкен өзгеріскүтеді. Мектеп жасына өту оның іс-әрекетіндегі, қарым-қатына сындағы, басқа адамдармен қатынасындағы өзгерістермен байланысты. Жетекші іс-әрекет – оқу болады, жаңа міндеттер пайда болады, айналадағылармен қатынас та жаңа деңгейге көтеріледі. Биологиялық жағынан алғанда кіші мектеп жасындағылардың бой өсуінің жылдамдығы азаяды, салмақ қосу көбейеді; қаңқасы сүйектенеді, бірақ бұл процесс әлі де болса аяқталмайды. Бұлшық ет жүйесі қарқынды дами-ды, білектің ұсақ бұлшық еттерінің дамуына байланысты бала жазу, сызу сияқты қимылдар-ды
бекем орындауға мүмкіндік алады.
Орта мектеп жасы (10-11-ден 15 жасқа дейін) – балалықтан жастыққа өтпелікезең. Ол мектептегі оқудың екінші сатысына дәл келеді және органи змнің терең өзгерістерімен және өмірлік іс-әрекеттердің жалпы көтерілуімен сипатталады. Бұл кезең жеткіншек үшін де, ай-наласындағылар үшін де күрделі кезең, себебі«жеткіншек балалықтан кеткен, бірақ әлі ере-сектікке жетпеген» (Н.К.Крупская) кезі.
Бұл жаста да нерв жүйесінің дамуы жалғасады, жеткіншектің миы салмағы менкөлемі жағы-нан үлкен адамдікінен айырмашылығы көп болмайды, сан аның ролі артады. Орта мектеп жасындағы жеткіншектің қабылдауы кіші мектеп жасыменсалыстырғанда едәуір мақсатты, жоспарлы және ұйымдасқан, кеде ол тереңдігіментаң қалдырса, кейде тым қарапайым бола-ды. Айналадағы ортаны қабылдау мен оқу материалын байланыстыра алмау – осы жастағы балалардың ерекшелігі
Ересек мектеп жасы (15 – 18 жас). Жоғары сынып оқушыларының ойлау қабілеті гүлде-ну кезеңінде болады, олар табиғат пен қоғамдық өмір құбылыстарының мәнін білуге, олар-дың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін түсіндіруге ұмтылады. Егер жеткіншектер дене күшін көбірек бағаласа, жоғарғы сыныптықтар интеллектуалдық сапаларды жоғары қояды. Осы жаста адамды кешенді бағалау білігі қалыптасады, ақылы мен дене күші үйлесімді да-мыған адамдарға табынады, оларға еліктеу өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандырады.
Жастық кезеңде этикалық мәселелерге қызығушылық күшейеді. Мінез-құлықта саналы мо-тивтер күшейеді. Тұлғаның ұжымдағы жағдайы, ұжым мүшелері арасындағы қатынас сипа-ты маңызды орын алады.
11Педагогикалык процесс "педагог-окушылар" алеуметтік жуйесі ретінде-муталім кызметінін объектісі. Педагогикалык процестін белгілері мен каспеттері.
Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әрекеттегі ересектердің мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің әрекеттік қабілеттеріне өзгерту (распредмечивание) мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен қаблеттерінің заттық формаға ауысуының (опредмечивание) бірлігі (Ж.М. Абдильдин). Демек, егер педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, оңда педагогикалық процестің элементар бірлігі, оның "кереге көзі" бастапқы абстракция болып "қалыптасудың қас қағым сәті" (педагогикалық жағдаят) болуы керек. Нақгылы шындыктан тыс алынған педагогикалық, тұлға қалыптасуының қас қағым сәті ретінде, бастапқы абстракцияның көрсеткен талабына толық сәйкес келеді, қатынасушылар негізгі қарама - қайлықгардың ерекшеліктеріне.
Бұл процестің ең кіші бірлігі, одан әрі оны тану сапалық қасиеттерін жоғалтпай мүмкін болмайды.
Педагогикалық шындыкқа тән көп жақы болады, нақгылықтан көңіл бөлу (орыны, уақыт, себеп- салдар және пайда болуы, жағдайы, қатысушылдрдың жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психофизиологиялық ерекшеліктері, іс - әрекеттің мазмұны мәні тәсілі) барлық жағдайда айқын бола түседі, "қалыптасудың қас қағым сәті" арқылы педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалысымен дамуын көруге мүмкіндік туады (1 суретті қараңыз).
Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жән -ересектер ( ұстаздар, ата-аналар) распредмечиванияның қызметін алады, яғни, әлеуметтік тәжірибеде алынған ( опредмеченных ) іс -әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің
Суреті.1. Педагогикалық процесте тұлғаның қалыптаса басталуы
I — педагог
II — сынып ұжымы
III — қосаркы сыныптарының ұжымы
IV — жалпы мектеп ұжымы
заттық формаға ауысуы (опредмечивание) жүзеге асады. Тұлғаның іс - әрекет субъектісіне алмасуы, оқушының даму процесінде қалай болатындығы көрінеді.
Белгілі бір уақытқа дейін окушы өз бетімен әлеуметтік тәжірбиені іс - әрекетке ауыстыра (распредмечивание) алмайдьі, яғни мазмұннан іс - әрекет тәсілдерін ала алмайды ("бұны қалай істеуге болады"). Сондықтан ол басқа "ұстаз — оқушы" жүйесінің бөлігі болады. Оқушы өз бетімен өзін - өзі бағалауды қалыптастыра алмайды. Өзін бағалау басында оның әрекет нәтижесін басқалардың бағалауы керек. Сондықтан, оған басқа адамдармен қарым - қатынаста болу қажет. Осыдан барып басқа "оқушы -оқушылар" жүйесі пайда болады. Ол бұл алғашқы ұжым сатысы, онда оқушы білімдерді және жаңа әлеуметтік ролдерді меңгеріп дайындалады, бұл алға қойған өміріне белсене қатысуын қамтамасыз етеді (И. Кон).
12. Біртутас педагогикалык процесс, онын сипаттамасы
Біртұтас педагогикалық процесс – жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесі (Н.Д.Хмель - Қазақстанда біртұтас педагогикалық процестің теориясын қалыптастырушы ғалым).
Сонымен, біртұтас педагогикалық процесс – ол мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесі болып табылады, оның барысында әлеуметтік тәжірибе тұлғаның қасиеттеріне алмасады.
Біртұтастық – ол педагогикалық процестің синтетикалық қасиеті, ол оның дамуының жоғары деңгейін, онда қызмет ететін субъектілердің саналы әрекетінің нәтижесін сипаттайды. Біртұтас педагогикалық процеске оны құраушы компоненттердің ішкі тұтастығы, олардың үйлесімділігі тән.
Біртұтас педагогикалық процестің негізгі белгілері – мақсаттылық, екіжақтылық және тұтастық.Мақсаттылық - БПП әр уақытта белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады, яғни нәтижесі алдын-ала болжамданады.
Екіжақтылық – процестің нәтижесінің тиімділігі мұғалім мен оқушының әрекеттерінің өзара байланыстылығына және белсенділігіне байланыст Тұтастық – процестің нәтижелілігі оның шеңберінде іске асырылатын тәрбие мен оқытудың үйлесімді ұйымдастырылуына байланысты.
Біртұтас педагогикалық процесс келесі компоненттерден тұрады: мақсат, мазмұн, әдіс-тәсілдер және формалар, нәтиже, мұғалім әрекеті, оқушы әрекеті. Оны келесі сызба арқылы көрсетуге болады.
Мақсат біртұтас педагогикалық процестің жүйе құраушы компоненті болып табылады, өйткені мақсатқа байланысты процестің мазмұны және оны іске асырудың формалары мен әдіс-тәсілдері таңдалады.
2. Оқушы педагогикалық процестің субъектісі ретінде - ол өзінің табиғи қажеттіліктері мен нышандары бар, шығармашылық жетілуге және өзінің қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыруға ұмтылатын, педагогикалық әсер етуді белсенді қабылдауға немесе оған қарсы тұруға қабілетті даму үстіндегі тұлға.
3. Біртұтас педагогикалық процестің дамуы, алға жылжуы объективті және субективті қарама-қайшылықтарды шешуге байланысты, яғни біртұтас педагогикалық процестің қозғаушы күші - қарама-қайшылықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |