Педагогика ғылым ретінде және оны білімнің ерекше саласына бөлу. Кез-келген ғылымды зерттеу, әдетте, осындай сұрақтарды түсінуден басталады: «белгілі бір ғылым қалай пайда болды және дамыды және оның зерттеу тақырыбы қандай болды?»


Ұжым, топ туралы түсінік. Тұлға мен ұжымның өзара әрекеттесуінің педагогикалық аспектілері



бет31/65
Дата20.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#163473
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65
Байланысты:
1-100 пед ОТВЕТЫ (копия)

43. Ұжым, топ туралы түсінік. Тұлға мен ұжымның өзара әрекеттесуінің педагогикалық аспектілері.
Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар, корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөнінен референтті және мүшелік топтар болады. Топтардың шамасы, құрылымы мен құрамы өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне қарай анықталады.

Ұжым – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі.


Ұжым бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсаттармен, мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, бірге атқарылатын қызметпен, қызмет құралдарының ортактығымен, басшылық білдіретін еріктің ортақ болуымен біріккен адамдар тобы.


Ұжымның негізгі белгілері - қоғамның маңызды мақсаттардың болуы, олардың кезекпен дамуы, оқушылардың жүйелі түрде әртүрлі әлеуметтік істерге араластыру және бірлескен қызметтерді ұйымдастыру.


Ұжымның дамуына ең үлкен маңызы бар нәрселер қалыпты дәстүр мен бір-біріне көмек көрсету атмосферасының болуы, сенімділік пен талап, сын және өзін - өзі сынаудың дамуы, саналы дисцеплинаның болуы. Тұлға мен ұжымның даму процестері бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның дамуы ұжымның дамуынан, оның даму деңгейінен, онда қалыптасқан іскерлік және тұлғааралық қатынастардың құрылымынан тәуелді болып келеді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің белсенділігі, олардың дене және ақыл-ой дамуының деңгейі, мүмкіндіктері мен мен қабілеттері ұжымның тәрбиелік күші мен әсерін айқындайды. Соңғы нәтижесінде ұжым мүшелері белсенді болған сайын, олар өздерінің дербес мүмкіндіктерін ұжым өмірінде барынша толық пайдаланған сайын ұжымдық қатынас айқын көріне бастайды.


Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық дербестігінің дамуы олардың ұжым ішіндегі өзіндік деңгейімен және шығармашыдық белсенділігімен тығыз өзара байланысты. Оқушы ұжымдық қоғамдық пайдалы іс-әрекетте өзін көрсеткен сайын оның ұжымдағы статусы жоғарылайды және оның ұжымға әсері де арта түседі. Керісінше, оның статусы жоғарылаған сайын ұжымдық оның өзіндік дамуына әсері де жемісті бола түседі.

Тұлға мен ұжымның дамуы – өзара байланысты, бірін-бірі толықтыратын процесс. Адам табиғатпен және өзін қоршаған адамдармен қатынастар жүйесінде өмір сүреді және дамиды. Байланыстырдың молдығы тұлғаның рухани байлығын анықтайды, ал байланыстар мен қатынастар молдығы адамның қоғамдық, ұжымдық күшін көрсетеді.


Ұжым- іс- әрекетте үнемі дамып отыратын, әрі іс- әрекетті қажет ететін әлеуметтік организм.
Балалар ұжымы балалардың әлеуметтік тәжірибе жинақтайтын негізгі базасы болып табылады. Тәрбиеленуші тәжірибені отбасында, ұйымдаспаған мектепте тыс жағдайда, құрдастарынан, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, т.б. ақпарат көздері арқылы жинақтайды. Тек ұжымда ғана оны меңгеру арнайы жоспарланады және бағытталады. Сонымен бірге ол балаларға дене және көркемдік потенциалдарын іске асыруға мүмкіндік береді.
Бала тұлғасын дамытудағы ұжымның ролі оның өмірлік іс- әрекетті демократиялық тұрғыдан ұйымдастыруды практикалық жағынан игеруге мүмкіндік беруінде.Педагогикалық жағынан дұрыс бағытталған ұжым әлеуметтік құнды тұлғаның қалыптасуына және оның дербес ерекшеліктерін көрсетуіне жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет